Көркем әдебиет:
Құмар Шәміс. Ер Жәнібек.\\ Жұлдыз, 2000 № 1, 77-114 бет;
№ 2, 45-78 бет.
Есламғали Мұқадес. Әйтеке би. \\ Жұлдыз. 2002 № 9, 16-63 бет; № 10,33-77 бет
3. Жұмаділов К, Прометей алауы. - Алматы: Атамұра, 2002. - 352
бет.
Қосымша 1
Қабдеш Жұмаділовтің "Прометей алауы" тарихи романында қолданылған көнерген сөздер
Көнерген сөздер. Жаугершілік-әскери мәндегі көнерген сөздер.
Алғау - алаң және жақсы сөзі мәнінде келген
Алдаспан - көне соғыс қаруы
Бердеңке. - зат. XIX ғасырдағы бір оқ пен оқталатын винтовка"
Жарақ - шайқасқа киіп шығатын темір сауыт, қалқандардың кез-келгеніне қолданылатын ортақ атау. Тіліміздегі жарақ сөзі сауыт-сайман сөзінің синонимі болады.
Қанжыға – ердің артқы жағына қоржын немесе аң, құс сияқты шағын жүкті байлайтын бөктері қайыс.
Қырғын - сын. 1. қиян-кескі ұрыс, қан төгіс, қырғынға ұшырады, қырылды, апатқа ұшырады
Тұрғы- зат. диалог. 1. Тау қырқасының ең биігі. 2. ауыс. Белгілі бір нәрсенің биігі, асқар шыңы.
Сауыт. Зат. оқтан, найза-сүңгіден сақтану үшін ертеде батырлар киген тор көзді темір кіреуке."
Сойыл -зат. қолға ұстауға ыңғайлап жонған қару ретінде пайдаланылатын мықты, ұзын ағаш. ауыс. 1.Шашбауын көтерер; сөзін сөйлер. 2. Ұр да жық, қолжаулық. Сойылын соқты. Сөзін сөйледі, жақтасты.
Шабынды - зат. көне. Жауласқан елдер арасындағы шапқыншылық, бітпес жаугершілік.
Шоқпар –зат. 1. Бір басы дөңкиіп жұмыр келген ағаш қару
Шоқпар саптайды. - көне. Бұл жердегі мағына:"Хан сыртынан жұдырық" деген сияқты сырттай айбат көрсетеді. Шоқпарын басына ойнатты. Зорлық жасады, азаптады"
Достарыңызбен бөлісу: |