Іі. Негізгі бөлім Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері


Қазіргі қазақ баспа сөзінде қолданылып жүрген қысқарған атаулар



бет16/18
Дата02.06.2022
өлшемі224 Kb.
#145778
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
stud.kz-82566

    Бұл бет үшін навигация:
  • АБҰҒО
Қазіргі қазақ баспа сөзінде қолданылып жүрген қысқарған атаулар
«А»

А-20«Азия жиырмалығы». Елбасымыз «А-20» деген атпен «Азия жиырмалығын» құруды ұсынды. «Егемен Қазақстан», 21 сәуір 2009 жыл.
ААҚ (ААО)ашық акционерлік қоғам. Тараптар энергетика саласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ пен «Газпром нефть» ААҚ арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар мәселені талқылады. (Егемен Қазақстан, 5 қыркүйек, 2008 ж, №273-274.
АӘА (САР)арнайы әкімшілк аудан. Осы күні Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сянган АӘА ақша-кредит әкімшілігінің орынбасары Йю Кван Чой-мен кездесті. (Егемен Қазақстан, 24 қараша, 2009 ж, №386-388).
АӘДИ - адам әлеуметінің даму индексі. Қазақстан 169 мемлекеттегі денсаулықтың, білім мен кірісінің жиынтық ұлттық көрсеткіші болып табылатын адам әлеуетінің даму индексінде (АӘДИ) 2010 жылы 66-орын алды. (Алматы ықшамы, 6 қараша 2013 ж, №136
АӘК – аудандық әскери комиссариаты. «Бәзгенұлы Байзақ 1894 жылы туған, қазақ, Торғай АӘК-нан шақырылған, сержант, 215-атқыштар дивизиясының 711-атқыштар полкінде қызмет атқарған. (Егемен Қазақстан 7 қараша, 2009ж, №368)
АБЖ - Автоматтандырылған басқару жүйесі. АБЖ арқылы ұрыс кезінде бригада қолбасшысы батальон командирін көзімен көріп, операцияны басқарып отыруға мүмкіндігі бар. (Айқын, 27 наурыз, 2009 ж, №52).
АБҰҒО – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы. (Егемен Қазақстан, 16 шілде 2008 ж, № 215)
АВР – алтын – валюта резерві. АВР-нің өсуі жыл басында 4,6 млрд долларды құрады. (Айқан, 29 желтоқсан, 2010 жыл)
АДБ – Азия Даму банкі. Ол сондай-ақ ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ, Орталық Азия одағы, АӨСШК сияқты барлық өңірлік және халықаралық ұйымдарға жүйелі түрде қосылу саясатын жүргізді. (Егемен Қазақстан, 30 қазан, 2010 жыл, №450)
АДРАуғанстан Демократиялық Республикасы. АДР-дың қарулы күштерінің дамуына жәрдем берілді. (Егемен Қазақстан 30 қазан, 2010 жыл №450)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет