Қазіргі қазақ баспа сөзінде қолданылып жүрген қысқарған атаулар
«А»
А-20 – «Азия жиырмалығы». Елбасымыз «А-20» деген атпен «Азия жиырмалығын» құруды ұсынды. «Егемен Қазақстан», 21 сәуір 2009 жыл.
ААҚ (ААО) – ашық акционерлік қоғам. Тараптар энергетика саласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ пен «Газпром нефть» ААҚ арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар мәселені талқылады. (Егемен Қазақстан, 5 қыркүйек, 2008 ж, №273-274.
АӘА (САР) – арнайы әкімшілк аудан. Осы күні Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сянган АӘА ақша-кредит әкімшілігінің орынбасары Йю Кван Чой-мен кездесті. (Егемен Қазақстан, 24 қараша, 2009 ж, №386-388).
АӘДИ - адам әлеуметінің даму индексі. Қазақстан 169 мемлекеттегі денсаулықтың, білім мен кірісінің жиынтық ұлттық көрсеткіші болып табылатын адам әлеуетінің даму индексінде (АӘДИ) 2010 жылы 66-орын алды. (Алматы ықшамы, 6 қараша 2013 ж, №136
АӘК – аудандық әскери комиссариаты. «Бәзгенұлы Байзақ 1894 жылы туған, қазақ, Торғай АӘК-нан шақырылған, сержант, 215-атқыштар дивизиясының 711-атқыштар полкінде қызмет атқарған. (Егемен Қазақстан 7 қараша, 2009ж, №368)
АБЖ - Автоматтандырылған басқару жүйесі. АБЖ арқылы ұрыс кезінде бригада қолбасшысы батальон командирін көзімен көріп, операцияны басқарып отыруға мүмкіндігі бар. (Айқын, 27 наурыз, 2009 ж, №52).
АБҰҒО – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы. (Егемен Қазақстан, 16 шілде 2008 ж, № 215)
АВР – алтын – валюта резерві. АВР-нің өсуі жыл басында 4,6 млрд долларды құрады. (Айқан, 29 желтоқсан, 2010 жыл)
АДБ – Азия Даму банкі. Ол сондай-ақ ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ, Орталық Азия одағы, АӨСШК сияқты барлық өңірлік және халықаралық ұйымдарға жүйелі түрде қосылу саясатын жүргізді. (Егемен Қазақстан, 30 қазан, 2010 жыл, №450)
АДР – Ауғанстан Демократиялық Республикасы. АДР-дың қарулы күштерінің дамуына жәрдем берілді. (Егемен Қазақстан 30 қазан, 2010 жыл №450)
Достарыңызбен бөлісу: |