Іі. Негізгі бөлім Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері


Қысқарған сөздің толық нұсқасының жақша ішінде берілмеуі



бет13/18
Дата02.06.2022
өлшемі224 Kb.
#145778
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
stud.kz-82566

Қысқарған сөздің толық нұсқасының жақша ішінде берілмеуі.
Баспасөз беттерінде жұртшылықтың көз-құлағы үйреніп, жиі қолданылатын-дай жәрежеге жете қоймаған көпшілікке бейтаныс немесе жалпыхалықтық тілде өте сирек жұмсалатын қысқарған атауларды мақала тақырыбы етіп беру немесее мәтін ішінде толық нұсқасын көрсетпей қолдану сияқты кемшіліктер де аз ұшыраспайды. Мұндайда газет-журналды бос уақыты болғанда ғана оқитындар ғана емес оны үзбей қадағалап отыратын оқырманның өзі қысқарған сөздің толық нұсқасының қалай болатынын тауып, оның мағынасын түсіну үшін біршама ойланып, уақыт жоғалтуына тура келеді. Кейде мәтін мазмұнына қарай шамалай салуға мәжбүр болады. « Осыған орай жұмыс істеп тұрған МКҰ көрсетілген үш жылдық кезең ішінде МКҰ болып қайта тіркелуі және есептік тіркеуден өтуі тиіс. МКҰ болып қайта тіркелмеген, жұмыс істеп тұрған МКұ өзге ұйымдық-құқықтық нысанды қайта құрылуы не таратылуы тиіс («Егемен Қазақстан» 25 сәуір 2012 жыл) деген сөйлемдердегі МКҰ қысқарымының да мағынасын көп адам біле бермейді. Мұндай мағынасын ашу қиындық туғызатын қысқарған атауларды мерзімді басылымдардың көпшілігінен кездестіруге болады. Сондықтан сирек қолданылатын немесе жаңадан жасалып көпшілікке үйреншікті бола
қоймаған қысқарған сөздерді алғаш қолданғанда олардың толық нұсқасын сол мәтінде жақша ішінде беріп, одан әрі қысқартылған нұсқасын пайдалану орынды. Бұрынырақта сөз алғаш қысқартылып қолданылғанда оның толық түрі жақша ішінде беріліп, біраз уақыт өтіп, көпшілікке әбден таныс бол-ғанша қатар жазылатын дағды болушы еді, қазір көп жағдайда оны естен шығарып алып жатасыз. Мұның газет оқырмандарының елеулі бөлігіне қосымша қиындық, түсініксіздік туғызатын фактор екенін ұмытпаған жөн.
Қысқарған сөздердің көпшілікке таныс емес, кең тарай қоймаған орыс тіліндегі нұсқаларын өзгеріссіз қазақ тілді басылымда қолдану да құптарлық іс емес. «СНиП-ның аясына сыйып тұр аялдама» («Астана ықшамы» 19 қаңтар, 2012 жыл №7) деген мақала тақырыбын солардың қатарына қосуға болады. СНиП дегеніміз орыс тіліндегі «Строительные формы и правилы» дегеннің қысқарған түрі, қазақшасы – «Құрылыс нормалары мен ережелері». Құрылыс мамандары болмаса, бұл қысқарымды екенің бірі біле бермейді. Оған қоса қосымша дұрыс жалғанбаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет