Іі. Негізгі бөлім Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері


Қысқарған сөздердің ғылым тіліндегі қолдансы



бет11/18
Дата02.06.2022
өлшемі224 Kb.
#145778
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
stud.kz-82566

Қысқарған сөздердің ғылым тіліндегі қолдансы
­Қысқарған сөздер ғылым тілінде де жиі қолданылады. Адамның жалпыхалықтық тілдегі қарым-қатынасы кезінде күнделікті тіршілікте тұтынатын заттар мен қарапайым ұғымдар атаулары көбірек кездессе, ғылым тіліндегі кәсібі қарым-қатынас барысында сала терминдері мен күрделі ғылыми ұғымдар атаулар, саланың метатіліне тән оралымдар қолданылады. Екі-үш, төрт-бес компоненттен тұратын күрделі ұғымдар атаулары сол ұғымдар жөнінде сөз қозғалғанда ғылыми мәтінде, ғалымдар мен мамандар-дың кәсіби қатысымы кезінде қайта-қайта қолданылып жатады. Күрделі ұғымның толық атауын шұбалтып қайталап қолдана беру ғылыми мәтіннің де,ғылыми қатысымының түсініктілігін, ұғынықтылығын арттырмасы анық. Сол себептен де жалпығылыми тілде, ғылым мен техниканың әр саласының метатілінде күрделі атаулардың ықшамдалған нұсқаларының жасалуы, олардың жиі қолданылуы ғылым тілінің икемділігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған деуге негіз бар.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерді, оқулықтар мен терминологиялық сөздік-терді қолға алсақ, қай салаладан да қысқарған атауларды көптеп кездестіруге болады. Мысалы, биология саласында ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы, ЕПА – етпентонды агар, география саласында БЖБ – баяу жылдамдықтар белдемі ШТӘ – шағылысқан толқындар әдісі, СГЖ – су-газ жапсары, ШОЗ –шашыранды органикалық зат, геоаумақ, геобиосфера, гидрогеодинамика, геотехносфера, геожүйе, зоогеография, медицина саласында биоырғақ, кең ісі және металлургия саласында ЖМ – жарылғаш материалдар, ҚҚС – қысқа қайыру сызығы, МСС – майлай-суытатын сұйықтар, ТЖМ – тиеп-жеткізу машиналары, ТТМ – тиеп-тасымалдау машиналары, техника саласында АЕМ – аналогты есептеуіш машина, АЖЖ – автоматтандырылған жобалау жүйесі, БӨА – бақылау-өлшеу аспаптары, ЖТМ – жерқазу-тасымалдау машиналары, ҚЖМ – құрылыс және жол машиналары, ТШ – техникалық шарттар, ІЖҚ – іштен жану қозғалтқышы, экология саласында ГРШ – гигиеналық рауалы шығарынды, ЖБ – жағалау белдемі, СҚБ – санитарлық сақтау белдемі, ШРШ – шектеулі рауалы шағырынды т.б қысқарымдар қолданылады. Бұл тәрізді қысқарған атауларды ғылымның өзге де салаларынан алып, мысалға келтіре беруге болады.
Ғылым мен техниканың түрлі салаларында –анти, -био, -гео, -зоо, -моно, -нео, -экс сынды көптеген латын-грек терминбөлшектері арқылы да көптеген ықшамдалған терминдер мен атаулар жасалады. Бұрын мұндай атаулар көбінесе орыс тілінен дайын қалпында қабылданып келсе, кейінгі жиырма жылдай уақыт көлемінде олардың бір бөлігі өз тіліміздің сөздерінің қатысуымен жасала бастады.
Жалпы алғанда түрлі ғылым салалары бойынша жинақталған тілдік материалдар ғылым тіліндегі қысқарған атаулардың да басым көпшілігі негізіген орыс тіліндегі нұсқасының үлгісімен жасалғанын көрсетеді. Бұл құбылыс ғалымдар мен сала мамандарының да ­қысқарған сөздерді жасауға, оларды ғылыми еңбектерінде қолданылып, сөздіктерге енгізуге жете мән беріп отырғандығын, бұл іске терминжасам тәсілі ретінде шығармашылық ізденіспен қарап отырғандығын көрсетпейді. Тілге жеңіл, құлаққа жағымды естілетін ғылым мен техниканың белгілі бір саласында жаппай қолданыла-тын дәрежеге жеткен қысқарған атауларды көп деп айта алмаймыз. Жоғарыда келтірілген мысалдардан-ақ соны көруге болады. Тұтастай алғанда жалпығылыми тілде, оның ішінде ғылыми-техникалық ғылы-ми математикалық, ғылыми-көпшілік баяндау стилі үшін де қысқарған атау-лардың болуы, олардың ұтымты жасалуы қажет екендігі дау туғызбайды.
Бұл орайда «Қысқарған күрделі зат есімдер ғылым тілінің жүйелі, ықшамды жетілген тіл болуына өз үлесін тигізді» (1. 339) деген ғалымдар пікірі орынды айтылған деп білеміз. Қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыс-тану ғылымдары саласында еңбек етіп жүрген қазақ тілді ғалымдар мен сала мамандары қысқарған терминдердің жасалуына термин шығармашылығына қарағандай жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ал тіл мамандары, тер-минтанушылар мен терминшілер қысқарған терминдерді жасаудың тиімді әдістері мен үлгілерін жасап, мамандарға ұсынуы қажеттігі айқан аңғарылып отыр. Мұндай әдістер мен үлгілердің дайындалуы тек терминдерге ғана емес, тіліміздегі ­қысқарған сөздердің барлығына бірдей қатысты болуы тиіс. Жалпы алғанда қазақ тілінің нормаларына сәйкес келетін қысқарған атаулар жасау сөзжасам тәсілі ретінде жетілдірілуі керектігін айқын көрініс беріп отыр. Оның себебін біз ­қысқарған сөздерді, терминдерді оларды жасаудың белгілі 3-4 жолын көп ізденіссіз, көбінесе өз тіліміздің табиғатын ескермей орыс тіліндегі нұсқасына қарап механикалық тұрғыда жасай салу үрдісі белең алып бара жатуынан деп пайымдаймыз. Бізде ­қысқарған сөзді де сөз деп, оны жасаудың жолдарын да сөзжасам тәсілі ретінде толық мойындау әлі де жетіспей тұрғанын олардың жасалуы мен қолданысынан айқын байқауға болады. Қазіргі қазақ тілінде қысқарған атаулар жүздеп, мыңдап саналады. Олар ғылым тілінде де, баспасөз тілінде де, ісқағаз тілі мен көркем әдебиет тілінде де яғни, бүгінгі таңда функционалдық стильдердің барлығында кеңінен қолданылады. Ендеше, осы факторды сөзсіз ескеріп, ­қысқарған сөздердің тілімізден елеулі орын алып отырғанын мойындап, алдымен олардың жасалу сапасына, одан соң жазба тілі мен сөйлеу тілінде орынды, сауатты қолданысына тиісті мән беретін уақыт жеткенін ескермеске бол-майды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет