Қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспа сөзіндегі қолданысы
Осы зерттеу жұмысына енгізіліп отырған қысқарған сөздер, ғылыми тұрғыдан сөз қозғауға жеткілікті тілдік материал негізінен қазақ тіліндегі газеттерден жиналды. Сол себепті қысқарған сөздердің мерзімді баспасөз тіліндегі қолданысының басты ерекшеліктерін анықтадым.
Қысқарған сөздердің мақала тақырыбында қолданылуы.
Орыс тілінде шығатын газеттерде қысқарған сөздердің мақала тақыры-бында қолданылуы бұрыннан қалыпты құбылыс. Мәселен, «ЧП в масштабах МЧС» («Казахстанская правда», 8 октября 2009 года №239); Как ВРП наращивает ВВП («Казахстанская правда», 20 июля, 2011 года, №224); От КХЛ до ВХЛ. «Казахстанская правда» 12 сентября 2012 года. №306-307) сында мақала тақырыптарын жиі ұшыратуға болады. Соңғы жылдары қазақ басылымдарында да қысқарған сөздердің мақала тақырыбы ретінде берілуі жиі байқалатын болды. Мына мысалға назар аударалық: ҰҚШҰ-ны НАТО-ға балама әскери блок ретінде қарастырған орынды ма? («Алаш айнасы», 2009 жыл 4 тамыз №130); БҰҰ-ЕКЫҰ форматындағы үн қатысу. («Егемен Қазақс-тан», 16 қазан 2009 жыл. №337-339). Бір ғана мақала тақырыбында екі қысқарған сөз қатар қолданылған. Қазақ газеттерінде мақала тақырыбына қысқарған сөздердің қос-қостан кейінгі жиырма жылдың көлемінде көрініс бере бастаған құбылыс. Оған дейін мақала тақырыбында емес, газет бетінде қысқарған атаулар дәл қазіргідей көп қолданылмайтын. Мұның негізгі себептерінің бірі тіліміздегі қысқарған сөздердің санының күрт өсуімен, өзге тілден дайын күйінде қабылданатын қысқарымдардың азайып, ұлт тілінде жасалған төл қысқарымдардың артуымен де байланысты. Сондай-ақ қазақ газеттерінде ақпаратты ықшам түрде, аз сөзбен көп мәлімет беруге, күрделі атауларды шұбыртпай олардың қысқартылған нұсқасын қолдана отырып, жұртшылықтың көзін соған үйрету мақсатын көздеген бағыттың пайда болғанын көруге болады. Сонымен қатар қысқарған сөздердің қазақ газеттерінде мақала тақырыбы ретінде жиі қолданылуына орыс газеттері тілінің үлгісі де ықпал еткенін жоққа шығаруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |