Іі. Негізгі бөлім Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері


Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері



бет2/18
Дата02.06.2022
өлшемі224 Kb.
#145778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
stud.kz-82566
пример 5ЛР 2024
Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері
Қазіргі кезеңде коғам өмірінің қай саласын алсақ та, қысқарған сөздер молынан кездеседі. Олардың өзге тілдерден қалай қабылданып, өз тілімізде қалай жасалып, қолданыс тауып жатқандығын анықтап, бұл бағыттағы жақсы үрдістерді үлгі ретінде ұсынып, кемшіліктерді түзету жолдарын көрсету тіл мамандарының міндеті. Осы тұрғыдан қарағанда кейінгі жылдары тілшілер қауымының қысқарған сөздер мәселесіне көп көңіл бөлмегені байқалады. Соның салдары да анық аңғарылып отыр. Баспасөз беттерінде, ғылыми, танымдық, оқулық әдебиеттер мен салалық сөздіктерде кездесетін қысқарған атаулардың жасалуында, қолданысында көптеген кемшіліктер орын алып жүр. Ондай олқылықтарды уақытында анықтап, түзетіп, қысқарған атаулардың қолданысын қадағалап отырмаса, ретсіздіктің белең алары белгілі.
Сөз қысқарту тәсілі - қазақ әдеби тілі жүйесінде 1920 жылдардан бері қарай, яғни соңғы бес-алты жыл көлемінде ұлттық сипатта бекемдік таныта бастаған сөзжасам әдістерінің бірі. Сөз кысқартудың әріптік, буындық, аралас қысқарту және контракциялық суспенциялық, сондай-ақ шартты қысқарту сияқты түрлері бар [1, 9 б.].
Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер етеді. Олар:
а) қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар;
ә) тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады. Қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар [1, 10б.].
А. Ысқақов «күрделі атау» сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіліп жұмсалу жолы орыс тілінің әсерінен туғандығын, қысқарған сөздер әдеби тілдің жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі бір түрі болып қалыптасқандығын баяндап, осы термин ұғымына тек қана орыс тіліндегі үлгі бойынша жасалған төрт түрлі жолмен аббревиатураларды жатқызады [2, 124б.].
Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарымдар (қысқарған күрделі зат есімдер) өмірмен өзектес дамып келеді. Олар - қоғамдық-саяси ұйымдардың қысқартылған аталымдары, мемлекеттердің, мекемелердің т.б. қысқартылған атаулары жиі ұшырайды. Әсіресе соңғы жылдарда жарнамалық қызметте, баспасөз беттерінде кең қолданыс тапқан. Қысқарымдардың негізгі ерекшелігі - тілдік ықшамдау, үнемдеу зандылықтарына сәйкес туындаған жасалымдар, жаңа мәтіндегі сөздер және тиімді әдіс, икемді тұлғалар [3,338б.].
Қысқарған сөздер қолданыстағы күрделі атаулар негізінде туындайды, жасалады. Лексикалық мағынаның болуы – туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі талап болып саналады. Олардың тұлғасы мен құрамына ешқандай шек қойылмайтындықтан, туынды сөздің жасалуына негіз болатын сөздің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз де,
қысқарған сөз де атқара беретіндігі белгілі.
Тілдегі үнемдеу, ықшамдау заңдылығы әлем тілдерінің барлығына да тән құбылыс. Бұл заңдылық әр тілде түрліше көрініс тауып, тілдің түрлі салаларына қатысты болып жатады. Қысқарған сөздердің пайда болуы да осы ықшамдау заңдылығымен тікелей байланысты. Яғни, қысқарған сөздер тілдегі үнемділікті қамтамасыз етудің бір тәсілі. Көпбуынды немесе бірнеше сыңардан құралған күрделі сөздерді қысқартып, айтуға, жазуға икемдеп қолдану тілде ертеден бар. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелерін зерттеуші ғалымдар сөздерді әдейі қысқарту кеңес дәуіріне дейін кісі есімдерімен [Садуақас – Сәкен, Қожабек - Қожаш] байланысты орын алғандығын айтады. [1. 261-б]. Біздің пікірімізше, кісі есімдерін бұлайша айтуда сөзді ықшамдау, үнемділіктен гөрі қазақтың сыйлы, елге қадірлі адамдарын, үлкендіт құрметтеу мен кішіні еркелету, әлпештеу сипаты басым сияқты.
Сөз табына қатысы тұрғысынан қысқарған сөздер негізінен заттық немесе абстракті ұғымдарды білдіретін зат есімдер. Қысқарған сөздер екі,үш немесе одан да көп сыңарлардан тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары. Бірнеше сөзден құралып, сөздердің тіркесуі арқылы жасалған түрлі ұғымдардың атаулары қысқарымдарға негіз болады да, олардың құрылымы ықшамдалып, өзгеріске ұшырайды. Күрделі ұғым атаулары фразеологиялық тіркестер сынды бастапқы қалпын сақтай алмай, ықшам нұсқада жұмсалуға көшеді. Мұны басқа зат есімдерге қарағанда, қысқарымдардың өзіне тән сипаты, ерекшелігі деуге болады.
Әдетте, сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған жаңа сөзбен бірге жаңа мағына да туындайды. Мысалы, әкімдік, жасуша, кәденші, қаржыгер, хаттама т.б. Қысқарған сөздер жасалғанда жаңа мағына туындамайды. Соған қарамастан қысқарған сөздер сөзжасам аясында қарастырылады. «Неге бұлай болуы керек?» деген сұрақтың жауабын іздесек, оның ең басты себебі - қысқарған сөздер күрделі толық атаулардың бір нұсқасы ретінде дербес сөз қызметін атқаратындығы. Яғни, қысқарған сөздердің де сөзге қойылатын талаптардың барлығына жауап беретіндігі. Ал тіл білімінде сөздердің белгілі бір мағынасының болуы, дайын қалпында қолданылуы, сөйлемге дайын сөз ретінде кіруі, сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беруі, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқаруы, тұрақты бір құрамда жұмсалуы, біртұтас қалыпта жазылып-айтылуы, бір екпінге бағынуы – сөзге қойылатын негізгі талаптар болып саналады. Мұның бәрі сөзге тән негізгі белгілер десек, осы сипаттар- дың барлығы да қысқарған сөздерге де тән болғандықтан, олар тілдегі лексикалық бірліктер тобынан жеке сөз ретінде орын иеленеді. Яғни, сөзжа-самның бір амалы ретінде қалыптасқан қысқарымдар лексикалық бірлік болып табылады.
Қазақ тіліндегі қысқарған атаулардың көпшілігі орыс тілі үлгісімен жасалып келетіндігіне қарамастан, өзіндік ерекшеліктері же жоқ емес. Сондай ерекшеліктердің бірі жөнінде белгілі тілші ғалым Ы.Мамановтың төмендегі пікіріне назар аударған жөн. « Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болып қолданылады. Орыс тілі мен қазақ тілдерінде қысқарған сөздердің кейбіреулері ғана болмаса (буынның қысқарған), негізінен олар өзгермейді. Ал қазақ тілінде қысқарған сөздердің барлығы да грамматикалық өзгеріске түседі, сөздің негізі ретінде қолданылып, оған түрлі қосымшалар жалғанады. Мысалы, ҚазГУ-ге ( , РТС-тан, ВЛКСМ-ның т.б.» -деп жазады ғалым.
Тілші ғалым қысқарған сөздердің сөз негізі болатындығын және олардың грамматикалық өзгеріске түсетін ерекшелігін атап көрсеткен.
Негіз сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасымен сөзжасам үдерісі кезінде пайда болған туынды сөздің лексикалық мағынасы тең болуы да кездеседі. Бұл сөзжасамның дәл осы қысқарту тәсілі арқылы жасалатын сөз түрлеріне тән сипат. Мысалы, Бұқаралық ақпарат құралдары = БАҚ, Дүниежүзілік сауда ұйымы = ДСҰ, Еуразия экономикалық қоғамдастығы = ЕурАзЭӨҚ, Жабық акционерлік қоғам = ЖАҚ, Ұлттық бірыңғай тестілеу = ҰБТ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы = ҚР ҰҒА, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы = ТүркПА т.б.
Бұл сөздердің толық нұсқасы мен қысқартылған нұсқаларының арасына тепе-тендің белгісін қоюға болады. Өйткені мұндай сөздердің екі нұсқасының арасында мағына теңбе-теңдігі сақталған. Яғни, ауызша сөйлеу барысында немесе жазба тілінді «БАҚ» қысқарымы қолданылса, оны тілді тұтынушылар «бұқаралық ақпарат құралдары» деп түсінеді. Қысқарған сөздердің тілдегі қолданысы тұрақтап, жалпыға бірдей танымал болатын деңгейге жеткенде, оның толық нұсқасымен мағыналық және қолданыстық тепе-теңдігі де орнайды.
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздерді тақырыптық және семантикалық топтарға қатысына қарай негізінен халықаралық ұйымдардың атаулары ( БҰҰ, ШЫҰ, НАТО т.б) жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, орталықтардың атаулары (ҚазҰУ, ТарМУ, ТБМ т.б) географиялық және әкімшілік ( мемлекеттер меноблыстар) атаулары (АҚШ, ГФР, ҚХР және ШҚО, ОҚО, БҚО, СҚО т.б.) орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының (ПӘ, БҒМ, ТЖМ, СІМ, ІІМ т.б.), қоғамдық, саяси, әскери, жастар, спорт ұйымдары мен бірлестіктердің, одақтардың, қорлардың атаулары (ЖСДП, ҚСА, КО т.б.), ғылыми, техникалық, әскери терминология ( ДНҚ, БЖБ, ШТӘ, ЖМ, ТШ т.б.) жиірек кездеседі. Көптеген тілдерде өте жиі ұшырасатын кәсіпорындар мен өндіріс орындарының, ауылшаруашылық кәсіпорындарының, зауыттар мен фабрикалардың, машиналар мен аспаптардың, әскери техникалардың қазақша қысқарған атаулары елімізде олардың өзі сирек болғандықтан немесе өндірілмейтіндіктен өте аз кездеседі. Ең жиі ұшырасатын қысқарымдар – жоғары оқу орындары мен орталық мемелекеттік органдар
атаулары. Бірігіп, қосылып, қайта құрылып жататындықтан, олардың толық атаулары да, қысқарған атауларды да жиі өзгеріске ұшырап жатады. Мысалы, БАМ (Байланыс және ақпарат министрлігі), ҚазМемҚызПИ (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты), ҚазҰМА ( Қазақ
ұлттық музыка академияс) сияқты атаулар қазір басқаша аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет