Қысқарған сөздердің жасалу жолдары
Тіл мамандарының арасында қысқарған сөздің бізге қажеті жоқ, бұл қазақ тіліне жат нәрсе деген пікірді ұстанатындары да бар. Алайда бұл пі-кірмен келісудің негізі бар дей алмаймыз. Егер қазақ тіліне қысқарған сөз қа-жет болмаса, оның шынымен-ақ біздің тіліміз үшін жат құбылыс екендігі рас болған болса, онда қазіргі қолданыстағы жүздеген қысқарған атаулар пайда болмас еді. Оны басқа тілдің ықпалымен немесе жекелеген адамдардың қа-лауымен туындаған құбылыс ретінде дәлелдеу қисынсыз. Тіл үнемділікті, аз сөзбен көп ойды жеткізуді ұнатады. Бірнеше сөздің тізбегінен тұратын күрделі атауларды мәтін ішінде қайта-қайта шұбалтып қолдана бермей, ықшамдап беру арқылы ақпаратты мол қамтып,аз сөзбен көп ой айтуға әрі басылым бетінде орын үнемдеуге болатыны белгілі. Бұл жалпы баспасөз тілінде де, ғылым тіліне де тән нәрсе. Қысқарған сөздерді тілде толық мағынасы бар күрделі атаулардың «орынбасары» немесе «алмастырушысы» деп қабылдаған күннің өзінде тіл үшін мұндай «орынбасар» сөздер өте қажет екендігіне дау жоқ. Сол себептен де «біздің тілімізге тән емес» деп қысқарған сөздерден негізсіз бас тартуға да, «қысқарған сөз де сөз болып па» деп оларды жасауға жауапсыз қарауға да, олардың қолданысын бетімен жіберуге де болмайды. Керісінше, оларды жасауға да, тіліміздегі толық мағыналы атауларды жасағандай талғаммен, кәсіби біліктілікпен, үлкен жа-уапкершілікпен қарағанымыз жөн. «Күрделі атауларды қысқартып қолдануда совет дәуірі кезінде тілімізде орыс тілінің үлгісі қабылданды» [1.207-б]-деген пікірдің негізсіз айтылмағаны анық. Оны теріске шығаруға ұмтылу тарихи шындықты мойындамай, тілдік деректерді ескерусіз қалдыру болар еді. Сондықтан қысқарған атауларды жасау жолдарының орыс тіліндегі түр-лерінің біздің тілімізден де орын алғанын тілдік-тарихи дерек ретінде қабылдаған жөн. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған зат есімдер жасалу жолы-на қарай 4 топқа бөлінеді.
Әріптік қысқарымдар
Екі немесе одан да көп сөздер тіркесімінен құралған күрделі атаулар құрамындағы сыңарлардың басқы дыбыстарынан құралған қысқарымдар.
Мысалы, АҚ (акционерлік қоғам), АҚШ (Америка құрама штаттары), ЕК (еуропалық Кеңес), ЕКПА (Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясы), ҚТЖ (Қазақстан темір жолы) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |