Іі. Негізгі бөлім Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері



бет8/18
Дата02.06.2022
өлшемі224 Kb.
#145778
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
stud.kz-82566
пример 5ЛР 2024
ВАЗ-2107. Ал Есіл ауданының Бұлақ ауылында сарай мен гаражды өрт шарпып, ақыр соңында ағаш құрылымдарымен бірге “ВАЗ-2106” автокөлігі толықтай жанып кетті. «Солтүстік Қазақстан», 31 шілде 2013 жыл.
БТР-80. Оның ішінде “БТР-80”, әскери “КАМАЗ” және “УАЗ” көліктері балғындардың ерекше ықыласын туғызса, атыс қаруының түрлері де көрмеде алдыңғы орында болды. «Солтүстік Қазақстан», 5 қазан 2012 жыл.
Күрделі сөздерді қысқарту кезінде тілдегі дыбыстардың бір-бірімен қатар тұру мүмкіндігі, олардың тарихи қалыптасқан орны болады. Көп жағдайда, әсіресе, әріптік қысқарту барысында қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі сақталмайды. Дыбыстар үндестігі бұзылғандықтан айтуға келмейтін, құлаққа жағымсыз естілетін, айтуға қолайсыз атауларды да кездестіріп жатамыз. Мысалы: ҚӨТ (қаржы-өнеркәсіптік топтар), АМҰ (Америка мемлекеттерінің ұйымы), ОАӨАҮО (Орталық Азиядағы өңірлік ақпараттың үйлестіру орталығы), ПҮАЖ (Президент пен Үкіметтің актілер жинағы), ӨСЕҚ (Өртке қарсы еріктілер қоғамы), БӨҚжА (бақылау-өлшеу құралдары және автоматика), ҚҚХҚИ (Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты), ӨОАӘ (өлшемдердің орын алмастыру әдісі), АОМКДИ (Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты), АӨСШК АЛТК (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Аға лауазымды тұлғалар комитеті), АӨІСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі), ҚИК АҚ («Қазақстан ипотекалық компаниясы» Акционерлік қоғамы) т.б.
Қысқарған сөздер қолданысының жайы

Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің қай саласын алсақ та, қысқарған сөздер молынан кездеседі. Еліміз әлемнің көптеген мемлекеттерімен саяси-эконо-микалық, дипломатиялық және ғылыми-мәдени байланыстарын қалыптас-тыруына байланысты қазір қысқарған атаулар бұрынғыдай тек орыс тілінен ғана алынып отырған жоқ. Халықаралық қатынастардың нығаюы өзге тілдерден тікелей сөз алмасуға жол аша бастады. Әсіресе, ағылшын тілінен енген халықаралық сипатқа ие қысқарған сөздер қатары біршама артып отыр. Бұрын орыс тіліндегі нұсқасында кирилл әріптерімен таңбаланып жүрген бірқатар атаулар қазір латынша таңбалануы бойынша қолданыла бастады. Қазіргі баспасөз беттерінде латынша транцкрипциясы бойынша жазылатын шетелдік компониялар мен түрлі ұйымдардың, күрделі атаулары да көбейіп келеді. Мәселен, бұрынырақта, дәлірек айтқанда 90-жылдарға дейін біздің тіліміздің орыс тіліндегі қысқартылған нұсқасы бойынша қолданылатын қысқарымдар көп болған болса, қазір еуропа елдерінің тілдері мен ағылшын тіліндегі күрделі атаулардың қысқарған нұсқаларын да мерзімді баспасөз бен ресми құжаттардан, түрлі басылымдардан жиі ұшырататын болдық. Олар-дың қатарына төмендегі ASEAN, AIBA, EXPO, IBA,UNICEF, UNESCO және т.б. сияқты қысқарымдарды қосуға болады.


Кеңестік кезеңдегі қоғамдық құрылыс, мемелекеттік мекемелер, ұйымдар атаулары мен қоғамдық саяси лексиканы құрайтын күрделі сөздер-дің қысқарған нұсқаларының көпшілігі елдің тарихи-мәдени, саяси-эконо-микалық өмірінде болған елеулі өзгерістерге байланысты белсенді қолданыл-май, тіпті пассив сөздер, көнерген лексика құрамына өтіп жататындығын, әрі-
ге бармай-ақ бергі тарихымыздан да көруге болады. Оған көз жеткізу үшін ыдырағанына әлі соншалықты көп уақыт өте қоймаған кешегі КСРО тұсында өте жиі қолданылып, актив сөздер деп саналған мына төмендегі қысқарым-дарды мысала келтірсек те жеткілікті деп ойлаймын. Мәселен, БАМ, ВЛКСМ, ВЦИК, ВЦСПС, ГОЭЛРО, ДОСААФ, КП, ЛКСМ, МТС, РСДРП, РСФСР, ТАСС, Горком, Генсек, завферма, местком, райком, обком, парт-билет, партком, партбюро, ревком, совдеп сияқты көптеген атаулар бүгінде қолданыстан шығып, көнерген сөздер, историзмдер қатарынан орын алды. Осыдан 20-30 жыл бұрын жоғарыда келтірілген қысқарған атауларды мектептің жоғары сынып оқушыларынан бастап, әрбір сауаты бар азамат жақсы білетін болса, бүгінгі оқушылар мен студенттер кейінгі он бес-жиырма жыл көлемінде жоғары оқу орнын бітіргендер олардың не мағына білдіретіндіген біле бермейді. Арада бір жиырма жылдай ғана уақыт өткенде бұл атаулар кешегі тарих қойнауында қалып отыр. Сол өткен кезеңнің тари-хына қатысты сөз қозғалғанда болмаса, бүгінгі тілімізде бұл атаулар қолда-нылмайды.
Қысқарған сөздердің қолданысы жайлы сөз өткенде олардың ғылым тілінде, баспасөз бен көркем әдебиетте, ісқағаздары мен ауызекі сөйлеу ті-лінде қолданысы туралы жеке-жеке қарастырып, ерекшеліктері мен ортақ қырларын мейлінше нақтырақ көрсеткен абзал. Мен төменде жинақталған қол-да бар материалдарға сүйене отырып, қысқарған атаулардың баспасөз тілі мен ғылым тіліндегі қолданысына толталамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет