А-20 – «Азия жиырмалығы». Елбасымыз «А-20» деген атпен «Азия жиырмалығын» құруды ұсынды. «Егемен Қазақстан», 21 сәуір 2009 жыл.
ӘКК (СПК) — әлуметтік-кәсіпкерлік корпорация. Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ басқармасының экс-төрағасы Асқар Нұрғалиев мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді. «Егемен Қазақстан», 12 қазан, 2013 жыл.
АХАЖ (ЗАГС) — Азаматтардың хал актілерін жазу. АХАЖ саласы бойынша «Жеке тұлға» бағдарламасы аудандарда іске асып жатыр. «Егемен Қазақстан», 5 тамыз 2008 жыл. №237. Осы орайда АХАЖ органдары ата-ананың құқығын шектеп, балаға қандай ат қою керектігін айтуға құқықтары жоқ. «Солтүстік Қазақстан», 17 шілде 2009 жыл.
ШОБ (МСБ) - шағын және орта бизнес. Осы пайыздық көрсеткіштерден өндіріс салаларындағы ШОБ-тардың үлес салмағын да байқауға болады. «ЕгеменҚазақстан», 25 шілде 2008 жыл. Біздің өңірімізде “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 120 жоба мақұлданса, ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша 650 жоба қолданды. «Солтүстік Қазақстан», 28 желтоқсан 2012 жыл.
ҚЕБА – Қазақстандағы Еуропа Бизнес-ассоциациясы. Оның үйіне тінту жүргізу кезінде алынған флэш-картадағы «В.Козловтың қосымша куәгерлік мәлімдемесі» атты анықталған электронды құжатында Әбіләзов 2002 жылдан ДВК (ҚДТ) деп құрылған. «Егемен Қазақстан», 13 желтоқсан 2012 жыл.
Тілімізде күрделі атауларды қысқартудың екінші түрі ретінде бірінші сөздің бірінші буыны және келесі сөздердің бас әріптері арқылы, алғашқы сөздің бастапқы буыны мен соңғы сөздің толығымен жазылуы арқылы, әрбір сөздің басқы буындарының қысқаруын жатқызамыз. Мысалы:
АтМӨЗ (АНПЗ) - Атырау мұнай өңдеу зауыты. Ал жергілікті экологтар АтМӨЗ--дің санитарлық аумақ шекарасын анықтауды, сонымен бірге, қоршаған ортаның тазалығына ұдайы мониторинг жасайтын кұрылғы орнатуды кешіктірмеу қажеттігін атап көрсетті. «Егемен Қазақстан», 15 шілде 2008 жыл.
ЕурАзЭҚ (ЕврАзЭС) - Еуразия экономикалық қоғамдастығы. Үш мемлекеттің көшбасшылары ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін марапатталды. «Солтүстік Қазақстан», 16 желтоқсан 2012 жыл.