Іі. Негізгі бөлім Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері



бет4/18
Дата02.06.2022
өлшемі224 Kb.
#145778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
stud.kz-82566

Буындық қысқарымдар

Күрделі атаулар сыңарларының негізінен басқы буындарынан құралған қысқарымдар:
Мысалы, кеңшар, ұжымшар, Ономком, Терминком

  1. Аралас қысқарымдар

Күрделі атауларды құрайтын сыңарларының басқы буындары мен бас-тапқы дыбыстарынан құралатын қысқарымдар. Яғни, сөз тудырудың мұндай жағдайында қысқарған сөз жасаудың екі түрлі тәсілі де, әріптік және буын-дық қысқарту да пайдаланылады.
Мысалы, ҚазТАГ, ҚазҰУ, АлМУ т.б.

  1. Жартылай немесе ішінара қысқарымдар

Бұл қатарға буындық қысқарымдар мен толық сөздердің бірігуінен жасалған сөздер жатады. Күрделі атауды құрайтын сөздердің бәрі буындық қысқарымға ұшырамай, жартылай немесе ішінара қысқартылып, өзгелері сол қалпында қысқарған сөз құрамына енетін қысқарым түрі. Мысалы, Қазбаспа-
сөз, мембағдарлама, мемқызмет, меммүлік, Мемхатшы, мемсыйлық, мемсату, т.б. «Госчлужащий» сөзі кейбір қазақ газеттерінде «мемқызметкер» түрінде қолданылған. Дұрысы – «мемқызметші» болуы тиіс.
Орыс тілінде қысқарымның бұл түрін «частиуносокращенные слова» (пединститут, госбанк, сельхозотел) деп атап жүр. Күрделі атауларды құрайтын сөздердің бірі қысқартылып алынып, екіншісі тұлғасын өзгертпей алынатындығын ескере отырып біз қысқарған сөздердің бұл түрін жартылай қысқарымдар немесе орыс тіліндегідей ішінара қысқарту деп атаған дұрыс болар деген ойдамыз.
Қысқарған сөздер де қазақ тілінде сөз негізі болады дегенімізбен, кейбір тілдердегідей туынды сөздердің жасалуына негіз сөз ретінде көп пайдалана бермейміз. Мәселен, орыс тілінде қысқарған сөздер негізінде сөз туындату дәстүрі бар. Мысалы, вузовец, КВНовец, спецовка, чекист, эсеровский т.б. сөздер қысқарған сөздер негізінде туындаған атаулар. Ал бізде негізінен сөйлеу тілінде ҚазМУлықтар, АлМУлықтар, ТЖМдіктер деген сияқты жекелеген қолданыстар кездескенімен, олар жаппай тілдік қолданысымызға ене қоймаған. Қысқарған сөздердің жаңа сөздердің туындауына негіз сөз ретінде жиі пайдаланылмауы, ең алдымен, олардың өздерінің кең тарап, тіл тұтынушылардың бәріне таныс, бірдей ұғынылып, дайын сөз қалпында қолданыла бермейтіндігімен байланысты деп пайымдауға болады. Сондай-ақ
Олардың баспасөзде, ғылым тілінде жиі жазылып, қолданылып жүрген көпшілікке біршама танымалдарының елеулі бөлігінің құрамы қатар тұрған бірнеше дауыссыз дыбыстан немесе екі-үш дауыстыдан келуі де олардың тілде жаппай қолданылуына жол ашып, сөз туғызуға да икемділігін арт-тырмайды. Мысалы, БКТ, АШҚҚҚ, ЖҚКҚ, ЖММК, МЖЗҚ, РЖҚБ, тәрізді бірнеше дауыссыз дыбыс қатар келген немесе ААА, АЭА, ЕАӘК, АОӨАҮО, ОАӨЭЫА, ҮЕҰ бірыңғай дауыстылардан тұратын сөздердің негізінде жаңа сөз туғызу қиын. Бұл қысқарымдар дайын сөз ретінде айтуға, қолдануға икемсіз. Осы тұрған қалпында сөз ретінде қолдану қиындық туғызып жатса, олардың негізінде өрбітіп сөз туғызу мүмкіндігі туралы айтудың өзі артық.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы бар. Кез келген дыбыс қатар келіп сөз құрай алмайды. Бұл дауысты дыбыстарға да, дауыссыздарға бірдей қатысты. Бір сөздің құрамында қ мен ө-нің, к мен ұ-ның, о мен ә-нің немесе ү мен қ-ның қатар тұруы қазақ тілі үшін қалыпты құбылыс емес. Бұл дыбыстар бір-бірімен тіркесе алмайды. Тіліміздің үндестік заңы, дыбыс үндестігі, буын үндестігі бұзылып, дыбыстар тіркесімі заңдылықтары сақталмаса, сөзіміз сөз болудан қалады. Сондықтан не бірың-
ғай дауыссыздан, не бірыңғай дауыстылардан құралғандарын ғана емес, АӨҚО, АІІБ, ӘЫҚ, ЕҚЫҰ, ЕҰЕБ, ЖҮЕҚ, ҮӨҚ сынды дауысты-дауыссызы араласып келген, алайда дыбыстар тіркесімі бұзылып, үйлесім таппай тұр-
ған қысқарымдарды немесе осылар іспеттес бірқатар қысқарған сөздерді сөз негізі ретінде алып, олардан жаңа сөз туғызу мүмекіндігі жоқ деуге болады. Түбірі, негізі сәтсіз жасалған мұндай сөздер арқылы тіліміздің лексикалық қорын байытатын жаңа сөз жасай алмаймыз.
Сөздің жағымсыз ассоциация туғызып, дөрекі дыбысталмай, эстетикалық талғамға сай, құлаққа жағымды естілуі, айтуға ыңғайлы болуы да өте маңызды. Бұл тұрғыдан қарағанда АМҰ, АМЛ, БЖӘ, БӨҚжА, ҚӨТ, МЖӘ, ӨСЕҚ деген сияқты қысқарған сөздер аталған талапқа жауап береді дей алмасақ керек. Естір құлаққа ерсі әрі дыбыстар тіркесімі тұрғысынан үйлесімсіздік орын алған мұндай атауларды қолдануға ешкім құштар болмасы анық.
Кеңестік кезеңде қысқарған атаулардың денін орыс тілінен дайын қал-
пында өзгеріссіз қабылдау дәстүрі қалыптасқан еді. Тілімізге енген ондай кірме қысқарған сөздердің көпшілігі ұзақ жылдар қолданылып, жаппай жұмсалатын дәрежеге жетіп, тілде орнығып та қалған болатын. Қазақ тілі мемлекеттк мәртебеге ие болып, ұлт тіліндегі сөзжасам, терминжасам үдерісі жандана бастағанда тілдің қолданысымызда орныққан сондай күрделі атауларының бірқатарының толық нұсқасы да, қысқарған нұсқасы да қазақша қайта жасалды. Мәселен, колхоз – ұжымшар, совхоз – кеңшар, СССР – КСРО, КПСС – КОКП, ЦК – ОК сынды атаулар сол қатарға жатады. Қазір осы тарихи кезең туралы сөз қозғалғанда жоғарыда мысалға келтірілген атаулардың кейінгі жылдары жасалған қазақ тіліндегі нұсқалары жаппай қолданылып жүр. Бұдан қысқарған сөздерді өзге тілдерден қабылдау мен олардың жасалуына қатысты бүгінгі күннің кешегіден өзгеше өз талабы бар екендігін байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет