Қысқарған сөздердің түрлері
Қысқарған сөздер жасалуына, мағынасына, құрамы мен қолданысына қа-рай бірнеше түрге бөлініп, іштей жіктеледі. Қазақ тіл білімінде қысқарған атаулардың түрлерін ажыратып, ғылыми әдебиеттерде негіздеп бірізді беру мен мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды оларды іштей жіктеп-жіліктеп оқыту жағы әлі кемшін түсіп тұр. Бұл да қысқарған сөздер мәселесінің бізде жан-жақты зерттеліп, оларға жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқандығын айғақтайтын факторлардың бірі. Жасалу сапасының әркелкі екендігіне қарамастан, жинақталған материалдар көлемі бүгінгі таңда қазақ тілінде қолданылып жүрген қысқарған атауларды жан-жақты зерттеп, олар-дың пайда болу, қолданылу үдерісін үнемі назарда ұстап отыру қажеттігін анық көрсетті. Қысқарған сөздер мәселесін Н.Алдашевтың кандидаттық диссертациясында ғана арнайы зерттелген және тіл мамандары тарапынан жазылған бірнеше мақала бар. Сөздің бұл түрінің тілдік табиғатын теріңірек тану үшін қысқарған сөздердің жай-жапсарын мамандар әр қырынан әлі де қарастыра түсуі қажет деп білеміз.
Қазақ тіл білімінде қысқарған сөздер түрлері ажыратылып, олардың аты мен заты анықталып, бір жүйеге түсе қоймағанымен, өзге тілдерде оларды іштей жіктеу біршама орныққан деуге болады. Біздің тілдік қолданысымыз-
дағы қысқарған атаулардың дені олардың өзге тілдердегі сәйкес баламалары-ның үлгілері бойынша жасалғандықтан, қысқарымдарымызда сол тілдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жіктеу қисынға келеді.
Әр түрлі ұғымдарды білдіретін күрделі атауларды қысқартқан кезде олардың қысқартылған нұсқалары бірдей болып шығып жататын жағдай-ларды көптеген тілдерден кездестіруге болады. Осындай білдіретін ұғымда-
ры басқа-басқа, ал қысқартылған нұсқалары бірдей дыбысталатын қысқарымдар – омоним қысқарымдар деп аталады.
Мұндай омоним-қысқарымдардың мейлінше аз, ең дұрысы тілдік қол-даныста болмағаны жөн. Бірақ бұл талап үнемі орындала бермейді. Қыс-қарған сөздер күрделі атауларды шұбыртпай сөзқолданыстағы ықшамдылық, икемділік үшін, мақсатты түрде жасалатын екінші аталым нәтижесі. Сондықтан оларды саналы түрде жасау, қалыптастыру үдерісінде ыждағат-тылық танытып, бірдей дыбысталатын қысқарған атаулардың қолданысқа еніп кетпеуін жолға қоюға болады. Әрине, ол үшін тілдегі сөзжасам үдерісін үнемі қадағалап, жаңа туындап жатқан атаулар мен қолданыстардың бәрін дер кезінде тіркеп, жиып-теріп, лингвистикалық сараптан өткізіп отыру ісі кәсіби деңгейде жүзеге асып жатуы тиіс. Егер мұндай жұмыс өз деңгейінде жүзеге асырылатын болса, тіліміздің сөзжасам жүйесінен орын алып, кейінгі жиырма жыл көлемінде қарқын ала бастаған қысқарған сөз жасау үдерісінде-гі омонимияның көп орын алмауына, басқа да кемшіліктерге жол берілмеуіне негіз қаланады. Мысалы, қазір тілімізде Еуропалық одақ та – ОЕ , Еу-разиялық одақ та – ОЕ түрінде қысқартылып қолданылып жүр. Сондықтан ОЕ қысқарған атауын оқыған адамда «Бұл қай одақ?» деген сұрақ туындауы табиғи нәрсе. Ендеше, жұртшылық бірден түсінетін қысқарым қалыптастырамыз десек, Еуроазиялық одақты – ЕО деп қалдырып, ал Еуропалық одақты – Еуроодақ түрінде қолданысқа енгізген жол болар еді.
Бізде қысқарған сөздердің жасалып, қалыптаса бастағанына бір ғасырға жуық қана уақыт болғандықтан, ағылшын, неміс, орыс т.б тілдермен салыстырғанда тілімізде олардың қоры соншалықты бай емес. Мысалы, орыс тілі қысқарған сөздерге өте бай тілдердің бірі. Айталық 1984 жылы жарық көрген « Словарь сокращений русского языка» сөздігінің 4-ші басылымында 18 000 мыңға жуық қысқарған атау қамтылған. Соған сәйкес орыс тілінде омоним-қысқарымдар да жиі ұшырасады. Мәселен, ВП – военный порт, ВП - воздушная подушка, ВП – выжидательная позиция, ВП – вторичное предъявление т.б. Бірақ бұдан біз де қысқарған сөздер қорын мақсатты түрде орыс тіліндегідей көбейтіп, омоним-қысқарымдарды да көптеп қалыптастыра беруден қашпайық деген түсінік туындамауы тиіс. Әр тілдің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты бар. Соған сәйкес қажеттілігіне қарай жасалған қыс-қарған сөздерімізді жазу мен айтуға қолайлы, тілдік нормаға сай қалыптастыру маңызды міндет.
Қазір транслитерацияланбаған қысқарымдардың (нетранс-литерированные иноязычные сокращения) тілдік қолданысымыздағы ене бастағаны байқалады. Олардың қолданысын осы кітаптың келесі тармағында берілген мысалдардан көруге болады.
Кеңестік кезеңде тілімізде ТУ – 134, ТУ – 144, ТУ – 154, МИ – 8 , ДТ – 75, ГАЗ – 53, ЗИЛ – 130, ЮМЗ – 70 К – 700 сияқты әріп пен санның немесе сөз бен санның қосындысынан құралған әріпсан қысқарымдар (инициально-цифровые аббревиатуры) баспасөзде, жалпыхалықтық тілде жиі қолданылып, көпшілікке түсінікті болса, қазір қысқарымның бұл түрі арнау-лы сала әдебиеттерінде болмаса, өте сирек кездеседі. Баспасөзде А – 20, АН – 24, ЯК – 42 тәрізді бірді-екілі қысқарымдар ғана ұшырасады.
Бірреттік немесе жекелеген мәтін ішінде ғана қолданылатын қысқарған сөздер түрін окказионал қысқарымдар, мәтіндік қысқарымдар (окказиональные, текстовые сокращения) деп жіктеу бар. Баспасөз беттерінен мұндай қысқарымдар түрі көп ұшырасады. Қолданушылардан басқаларға мүлде таныс емес, толық нұсқасын қоса көрсетпесе түсініксіз мұндай атауларға мысал келтіру қажеттілігі бола қояр деп ойламаймыз.
Қысқарған сөздерді тілде белсенді немесе өте сирек қолданылуына байланысты да жіктеуші ғалымдар бар. Қысқарған сөздер де тілдегі лексика-лық мағынасы бар сөздер сияқты қоғам өміріндегі тарихи өзгерістерге байланысты қолданыстан шығып немесе өте сирек қолданылатын көнерген сөздер қатарына енеді. Белсенді қолданыстан шығып, пассив сөздер қатарына енген ондай қысқарған сөздер – тарихи қысқарымдар деп аталып жүр.
Сондай-ақ күрделі атауларды құрайтын сөздердің төл сөз немесе кірме сөз болуына байланысты қысқарту кезінде солардың негізінде туындаған қысқарған атаулар да құрамына қарай будан болып шығады. Біздіңше, оларды будан қысқарымдар деп атауға болады. Мысалы, ҚазБытХим (Казахстанская бытовая химия) ҚазМұнайГаз, ҚазТрансГаз, Мемтерминком, Мемономком, Санпедқадағалау (санпеднадзер) және т.б. «Қаз БытХимнің» хош иісті сабындары. («Егемен Қазақстан», 7 қыркүйек 2012 жыл №590-591); Бұл туралы кеше санпедқадағалау комитетінің облыстық департаменті хабарлады. («Айқын», 23 сәуір 2010 жыл №70).
Қысқарған атауларды бұлайша жіктеуді біз лингвистикалық әдебиеттерден кездестіре алмадық. Қысқарған сөздердің мұндай түрі қазіргі қолданысымызда жиі ұшырасатын болды. Сол себепті бұл секілді қысқарымдарды өзінше бөліп қарауға негіз бар деп білеміз. Тілімізде термин сөздер мен кірме сөздер өте көп болғандықтан, кейінгі жылдары солардың қатысуымен жасалған будан терминдер мен осындай будан қысқарымдар саны күрт көбейіп келеді. Мұндай үдеріс үздіксіз жалғасып, кірме дыбыстар мен кірме сөздерді өз тілімізге икемдемей, түпнұсқа тілдегі қалпында өзгеріссіз қабылдай берсек, соған сәйкес қазақ сөз құрамының елеулі өзгеріс-ке ұшырайтынын болжау қиынға соқпайды.
Қысқарған сөздердің осы аталған түрлерімен қатар окказионал қысқа-
рымдар, мәтіндік қысқарымдардан кейбір авторлық қысқарымдарды бөліп қараған жөн деп санаймыз. Авторлық қысқарымдар оның авторы тара-пынан белгілі бір мақсатты көздей отырып жасалып, бір емес, бірнеше рет арнайы қолданатындығы тұрғысынан ерекшеленеді.
Қазіргі баспасөз бен көркем шығармаларда кейбір авторлық қысқартулар кездеседі. Авторлық қысқартуларды жиі қолданатындардың бңрң – ақын Мұхтар Шаханов. Белгілі ақын өзінің ауызша сөйлеген сөздерінде, сұх-баттары мен мақалаларында, өлеңдерінде «ТЖ» - туфли жалағыштар қысқарымын, «жағымпаздар, жарамсақтар» деген мағынада қолданылады. «ШҚ» - шала қазақтар, « МҒ», «МҒҚ» - мордиясы ғана қазақтар. Автор осы қысқарымдарды бірнеше мақалаларында, ауызша сөйлеген сөздерінде, өлең-дерінде мақсатты қолданады.
Ж.Кеттебектің «Қарағаш» әңгімесіндегі мына қысқарымдар да мақсатты қолданыстар. «ТҚ-ларға» жаққан нәрсе «ҚҚ-ларға» жақпай, «ҚҚ-ларға» жақ-қан нәрсе «ТҚ-ларға» жақпай, екі тайпа бір-бірімен аңдысып, қырық пышақ қырқысып жататын ( Жәлел Кеттебек. Қарағаш. «Жас Алаш», 14 мамыр 2013 жыл . №37). Мұндағы ТҚ – Түзу қалпақтылар, ҚҚ – қисық қалпақтылар. Бұл іспетті қысқарған сөздердің поэзия мен прозада, көркем шығармалар тілінде қолданылуын да арнайы қарастырған жөн.
Тілімізде бар күрделі атауларды қысқартуда белгілі бір үлгіні сақтаудың маңызы зор. Өз тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып та қысқарған сөздер қорын жүйелі қалыпқа келтіруге болатындығын ғылыми негізге алудың қажеттілігі өз құнын жойған жоқ. Әсіресе күрделі атауларды бас әріптерімен қысқарту жолы кеңінен тараған. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы), ҚХР (Қытай Халық Республикасы), ХДП (Халықтық-демократиялық партия), АҚ (акционерлік қоғам), ААҚ (ашық акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ОҚО (Оңтүстік Қазақстан облысы), СҚО (Солтүстік Қазақстан облысы), ҚР (Қазақстан Республикасы), АҚШ (Америка құрама штаттары) т.б. Жоғарыда келтірілген мысалдар жалпыхалыққа түсінікті болып келеді. Бірақ баспасөз беттерінде жұртшылықтың көз-құлағы үйреніп, жиі қолданылатындай дәрежеге жете қоймаған атаулар да кездеседі. Мұндайда газет-журналды бос уақыты болғанда ғана оқитындар емес, оны үзбей қадағалап отыратын оқырманның өзі қысқарған сөздің толық нұсқасының қалай болатынын тауып, оның мағынасын түсіну біршама қиынға соғады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |