ІІ. Негізгі бөлім Жаңа инновациялық технологиялар түрлері



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі324,89 Kb.
#27111
1   2

ІҮ.Сабақты бекіту

«Бақытты сәт» ойыны 1-гейм

1. ДК жұмыс жасау үшін минимум құрылғыларын ата?

2. Графикалық редактордың терезесі неше элементтен тұрады?

3. Сохранить командасы қандай қызмет атқарады?

4. Открыть командасы қандай қызмет атқарады?

5. Надпись құралы қандай қызмет атқарады?



«Бақытты сәт» ойыны

«Бақытты сәт» ойыны 3-гейм

1. Үшбұрыш салу үшін қандай құрал қолданылады?

2. Қисық сызық салу үшін қандай құрал қолданылады?

3. Жасыру, үлкейту- кішірейту жабу батырмалары терезенің қандай жолында орналасқан?

4. Палитра не үшін қолданылады?

5. Ерекшелеу (выделение) құралының қызметі?

6. Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) құралының қызметі?

4-гейм «Шығармашылық тапсырма» Paint редакторында сурет салу

Тақырыптар: «Біздің ауыл»

«Әрқашан бұлт төнбесін»

«Біздің мектеп»

5-гейм. Техникалық диктант

№1 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант.

1. Компьютер алдында отырғанда ________ бен ____________________60-70 см болуы керек.

2. Көз шаршағанда _________________________ жасауға болады.

3. _________________ - бұл қоршаған орта туралы мәлімет.
№2 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант

1. Нысан – бұл _____________________________________ құбылысы.

2. Ортақ белгілері _________________________________ деп аталады.

3. Ақпараттың әр түрлі болуына байланысты __________________________ де түрлі- түрлі болады.


№3 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант

1. Ақпарат ______________________ сақталады.

2. Компьютердің жады __________________________ деп бөлінеді.

3. Иілгіш және қатты магниттік дискілер немесе лазерлік ______________ ақпаратты ____________________ үшін қолданылады.


Сергіту сәті

Ү.Қорытынды

Редакторды іске қосу жолдарын ата

Редактордың терезесінде нелер орналасқан?

Онда қандай жұмыстар атқарамыз?

Редактордың құралдарын ата

ҮІ.Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторы



ҮІІ.Бағалау

4. Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Жалпы сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Интеллектуалды ойын элементтерін информатика пәнінде қолдану арқылы қазіргі заман талабына сай ақпараттық мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша оқушылар өз білім деңгейін көтере алмайды.Әлемдік жаһандану мен ақпаратандыру дәуірінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану . Мұғалімнің мақсаты сабақ беру кезінде ең озық оқыту тәсілдері мен дағыдыларын қалыптастыру жолдарын және оның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Мұғалім сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды (компьютер, интерактивті тақтаны) қолдана отырып білім берсе, оқушылардың пәнге деген арта түсері анық. [Информатика негіздері №1, 37 б]

Жаңа технологияның ішіне ойын технологиясы кіріктірілген. Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушыларды сапалы білім алуға бағыттаймыз. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық, интеллектуалдық ойындар, әр түрлі компьютерлік сайыстарда қолдануға болады.

Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;

1. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Құрылғының атын айт». Ойынның мақсаты- қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұнда оқушылар компьютер құрылғыларының суреттерін көрсете отырып, құрылғы атын айтқызу немесе интерактивті тақтаға оқушыға жаздырту. Бұл ойын оқушыларды интерактивті тақтаны сауатты қолдануға, құрылғының атауын дұрыс тауып көрсетуге үйрету.

Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім жылдам?» ойынын өткізуге болады. 5-8 сыныптардағы «Ақпаратты кодтау», «Санау жүйелері» тақырыптарын қорытындылауда әртүрлі жағдаяттарды ойластырып, шифрлеу, дешифрлеу әдістерін қайталатуға болады. Ойын технологиясының элементтерін сабақта пайдалану оқушы бойындағы мыны қасиеттерді арттырады:



ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытады,

өз бетімен жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа үйретеді, зейіні қалыптасады,

байқампаздығы, сабаққа қызығушылығы артады,

тәртіптілікке, достық қарым-қатынасқа баулиды.

Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершіліккоммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуальдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. [ №3, 9 бет]



5.Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологияларын пайдалану. Мұнда өзімнің оқушылармен бірлесе өткізген сыныптан тыс шаралардың бірнешеуін ұсынғым келеді. Интеллектуальды ойындарды ұйымдастыру кезінде ойын технолгиясының маңызы зор. Себебі, ойындардың өздері ойын технологиясымен біте қайнаса байланысқан.

1.ХХІ ғасыр көшбасшысы инттелектуальды ойыны (8 сынып оқушыларымен өткізілген)

Құрметті ұстаздар, оқушылар, зияткерлік ойыншылар! Бүгінгі физика-математика және информатика апталығына байланысты өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.



Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,- дей келе ойынға қатысушыларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Ойыншыларымызға өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазыларымызды сайлап алайық. Әділқазылар: Есқұлова Ж, Махметова Г

Ал енді көптен күткен ойынымызға кезек бере отырып,ойыншыларымызға сәттілік тілейік.

Ойынның кезеңдерін таныстырып өтейін:



  • 1 кезең БӘЙГЕ

  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ

  • 3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК

  • 4 кезең ЖОРҒА Ойын шарты мынадай:

1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 балл беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз бір оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.

3 кезең «Ғажайып төрттікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 3 оқушыдан балы аз біреуі ойыннан шығады.

4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Ойынның шарты түсінікті, олай ойынға кезекті береміз.



1-кезең Бәйге.

1 кезең бойынша ұпай санын есептеу үшін, сөз кезегі әділқазыларымызға беріледі. Ұпайы аз 1 ойыншымызды ойынымыздан шығарып саламыз.



2-кезең «Полиглот».

Әділқазылар бағасын береді. Ойынымыздың шарты бойынша ұпай саны 1 оқушымыз ойыннан шығады.

Ең қиынын жарыстың,

Озып шыққын жарысып. Келесі кезең «Ғажайып төрттік».



(Слайд бойынша тапсырмаларға (сұрақтарға) жауап беріледі.) Оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі..

Бұл кезең аяқталды. Сөз кезегін әділқазыларға береміз, ұпайды есептеу бойынша

3 ойыншыдан ұпайлары аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

Келесі кезең «Жорға».



«Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Құрметті ойыншылар бұл кезең мәресіне жетті. Ендігі кезекті ойынымызды қорытындылауы үшін әділқазыларға береміз. Қоытынды арқылы жеңімпазды марапаттау.

Жеңімпаздар І және ІІ орындарға ие болады. Ойынымыз аяқталды. Келесі апталықта жүздескеше достар!

2. 5 – 6 сыныптар үшін: «Не? Қайда? Қашан?» ойыны. Ойын үш кезеңнен тұрады.

1 – кезеңде ойынға қатысатын 6 баланы таңдап алу. Мұнда сұрақтарға нақты әрі тез жауап беретін балаларды таңдау керек. 2 – кезеңде сұрақтар логикалық есептер. 3 – кезең компьютерлік техника информатикаға байланысты сұрақтар қою.


3. «Даналық ағашы» ойыны. Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығуы керек. Оқыған мәтінге байланысты оқушылар сұрақтар құрастырып мұғалім алдындағы қорапшаға салуы керек. Мәтінді қайтадан мұқият оқып шығып қорапшадағы сұрақтарға кезектенсе жауап береді. Қалған оқушылар құрастырылған сұрақты және жауапты бағалайды. Мұғалім ең жақсы жауап пен ұтымды құрастырылған сұрақты анықтайды.
Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет
Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.

Қорытынды

Қорытынды ретінде мінеки, жоғарыда баяндалып айтылған жағдайлардан түйіндегенім:

Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. 2. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл - ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.

«Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»,- деп көрегендікпен әйгілі ағартушы А.Сухомлинский тұжырымдаған болатын. Сондықтан сабақ беру дегеніміз –әр тұрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс деп ойлаймын.

Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек. Ағартушы Д.Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек».

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Информатика негіздері журналы, №1, 2014

2. Информатика негіздері журналы, №3, 2014

3. Информатика негіздері журналы, №2, 2012

4. Информатика негіздері журналы, №3, 9 бет, 2014

5. Интернет материалдары

6. Информатика негіздері №6 – 2010 журнал

7. Информатика негіздері №2, 2014 жыл

8. Информатика негіздері №5 -2010 жыл

9.Информатика негіздері №1, 2014 жыл

10. Информатика 30 сабақ

11. Информатика оқулығы, 7 сынып

Мұғалім туралы мәлімет.


Аты-жөні: Нұрниязова Айдана Отарбайқызы

Жұмыс орны: Ғ.Сланов атындағы орта мектеп

Қызметі: Информатика пәнінің мұғалімі

Мамандығы: Информатика және математика пәні мұғалімі

Ғылыми дәрежесі: жоқ

Санаты: жоқ

Құрметті атақтары: жоқ

Информатика пәнінің мұғалімі

А.Нұрниязованың

«Информатика пәнін оқытуда

ойын технологияларын қолдану»

тақырыбындағы баяндамасына


Пікір
Нұрниязова Айдана 3 жылдан бері осы мектепте информатика пәнінен сабақ беріп келеді. Баяндамамен таныса келе, төмендегідей пікірге келдім.

Мұғалім ойын технологиясының маңызын, сабақ кезінде үнемі қолданыста болатынын, жаңа технологияның бір түрі екенін атап көрсеткен. Мұғалім сабағын тартымды, ұтымды, қызықты өткізу үшін ойын технологиясын пайдаланған.

Баяндама тақырыбы дұрыс таңдалып, толық жазылып, баяндамаға қойылатын талаптар сақталған. Баяндамадағы ашық сабақ тақырыбы сайыс түрінде ұйымдастырылуы, шапшаң ойлауға, тез қимыл әрекеттер жасауға байланысты ойын түрлері, сондай-ақ ойын технологиясының әдістерін пайдаланған. Сонымен қатар, өз тәжірбиесімен ұштастыра, көрсете білген.

Мұғалімнің жетістігі 2012 жылы мектепішілік «Жас мұғалім-2012» байқауында ІІІ орынға ие болып, жақсы жетістіктерге жетіп келеді және алдағы уақытта жетеді деген ойдамын.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі еңбек жолына шығармашылық табыс тілеймін.

Математика-информатика және



физика пәндері бірлестігінің мүшесі: Ж.Есқұлова




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет