Ii. Негізгі бөлім. Рухани мәдениет түсінігі



бет2/3
Дата25.04.2022
өлшемі53,72 Kb.
#140727
1   2   3
Байланысты:
саясат11
osh bzhb himiya 8-kaz, 1536482498
II. Негізгі бөлім.
Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылымитехникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.
Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. Соның ішінде кейбір салт-дәстүрлер, ғұрыптар жайлы айта кетсек.
Ислам дініне дейінгі,ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты- отқа табыну салты болды. Отпен тазарту аластау түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалады.Отқа табыну отбасы өмірінде де байқалады, мысалы адамдардың кейбір аурулары өткен кездерде отпен емделеді.Әрбір отбасында ошақты құрметтеу дәстүрі сақталды.Қазақтарда отқа түкіруге, отқа қарап дәретке отыруға, оттан аттап өтуге,тіпті бір кездері от жағылған орында басып өтуге тыйым салынған.
Жазғы көші-қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді. Бұл үшін көш басындағы түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатты.Халықтың түсінігі бойынша,қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып,көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.
Қазақ халқының аспан әлеміндегі түсініктері де тұрмыста маңызды рөл атқарды.Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айырықшаланатын көптеген аспан денелерін білді,олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да,түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Көшпелі тұрмыс ар айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша ман беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан — байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түнгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез келген адам — Сүмбіле (Үлкен Төбет шоқжұлдызы), Таразы — Шідер — Үшарқар (Орён), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бұйы шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан — ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын .»Аспан өз әрекеттерінде еркін болды»,-деп жазады Ш.Уалиханов,-ол әрі жарылқады,әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. Қазақ ауыз әдебиеті — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы. Алғашқы нұсқалары ерте заманда, түркі тектес рулардың, тайпалардың сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезде пайда болған. Қазақ ауыз әдебиеті мейілінше алуан түрлі тақырыпты қамтыды. Басқалардан гөрі тұрмыс-салт жырларының түрлері көп. Діни ұғымға байланысты өлеңдер, арбау, жалбарыну, бәдік, бақсы сарыны болып бөлінсе, үйлену, қыз ұзатуға байланысты өлеңдер — той бастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу болып дараланады. Бұлардан басқа тіршілік кәсіпке, төрт түлік малға байланысты да өлең түрлері және адам өміріндегі мұң-шерді білдіретін қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау тәрізді өлеңдер де бар. Қазақ ауыз әдебиетіндегі ұсақ өлеңдерді халық лирикасы немесе халықтың өлең-жырлары деп те атайды. Осы топқа жататын шығармаларға қара өлең, өтірік өлең, бесік жыры және толғау, терме, тақпақты да қосуға болады. Дастандар тобына батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар жатады. Ертегілер: қиял-ғажайып ертегілері, хайуанат жайындағы ертегілер және салт ертегілері болып бөлінеді. Шешендік сөздер, қанатты сөздер, нақылдар, мақал-мәтелдер — бейнелі сөздер тобын құрайды. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар да осы топқа жақын. Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары бір мезгілде пайда болған есім. Тұрмыс-салт жырларының кейбір түрлері көне заманның куәсі болса, тарихи жырлар, айтыстар бертінде шыққан. Қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын тарататын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін, сақтаушы дарынды адамдар — ақындар, сал-серілер, жыраулар, шешендер, т.б. боды. Ақындар халықтың поэтикалық мұраларын сақтап, айтып берушілер, лирикалық жырларды жасаушылар болды. Сал, серілердің арасында көптеген атақты сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты. Олардың ең атақтылары: Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлы. Олардың әндері қазақ мәдениетінің алтын қорында мәңгі сақталып тұр. Сонымен қатар айтыс ақындары да қоғамда маңызды роль атқарды. Олар өз заманындағы қоғамдық проблемаларды, әділетсіздіктерді, әйел теңсіздігі жайлы мәселелерді қозғап жүрді.
Қазақ поэзиясында жыраулардың ролі ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Өмір мен өлім, қазіргі мен болашақ туралы ойды өрбіте келіп, жырау өзінің моральдық-этикалық көзқарасын жеткізеді, өз тұсындағы қоғамға, табиғатқа өзінің көзқарасын білдіреді. Жауынгер жыраудың көзқарасы әдетте шабыт пен романтизмге, ерлік пен азаматтық пафосқа толы болды. Қазақтың батырлар жырын да туғызушы осы жыраулар еді.Қазақ поэзиясының ірі жыраулары: Шалкиіз (ХҮ ғ), Доспамбет (ХҮІ ғ), Жиембет (ХҮІІ ғ), Бұқар жырау (ХҮІІІ ғ), т.б. Олар өз заманындағы саяси-күрестің, халық тұрмысының қиын қыстау кезеңін өз жырларымен көрсете білген адамдар. ХҮІІІ ғ ғасырдағы тарихи жырлардың негізгі тақырыбы қазақтардың жоңғар жаулап алушыларына қарсы күресі болды.
Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың барлығы дерлік тарнихи оқиғаларға құралған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметік дастандары да («Қыз Жібек пен Төлеген», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қалқаман-Мамыр», т.б.) феодалдық- рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Халықтың ауыз әдебиеті туындыларында көшпелі малшы халықтың көзқарастары, ұғымдары мен еңбегі, олардың ғасырлар бойы жинақтаған еңбек тәжірбиесі жан-жақты бейнеленді. Әсіресе, соның ішінде салт-сана өлеңдерінің көптеген үлгілері өздерінің идеалық-ерекшеліктерімен құнды.
ХҮІІІ ғ Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайыларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналысатын билер болатын.олар тек сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене қатысты. Сонымен қатар атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүддесін қорғады.
Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырыпсалып айту мен шешендік сөз арқылы айтыстың тамаша шеберлері болған. Би-шешендердің әдеби шығармашылығы түрі жөнінен де, мазмұны жөнінен де ерекше, прозаны поэзиямен ұштастырып отырған. Олардың поэтикалық туындылар жанры, тақырыбы және жасалуы себебі жағынан да алуан түрлі болып келген. Сондай-ақ би шешендер әдебиетінің тақырыбы да өте кең, ал олар қозғайтын проблемалар қоғамдық жағынан да маңызды роль атқарады. Олар: әділеттікозбырлық, достық-жаулық, ізгілік-зұлымдық, ұжымдық-бытыраңқылық, адамдықопасыздық, мейірбандық-қатыгездік, батырлық-қорқақтық, т,б .Үйсін руынан шыққан Төле бидің, қаракесек руынан шыққан қаздауысты Қазыбектің, төртқара руынан шыққан Әйтеке бидің халықты сыртқы жауға қарсы бірлікке, қарулы күреске шақырған тапқырлық сөздері пафосқа толы, олардың өз кезінде зор саяси маңызы болды.
ХҮІІІ ғ қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежірелер) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камал-ад-дин Бинайдың «Шайбанинамесін», Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашидиін», Қожамқұлбек Бахидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали Бектің «Жамият-Таварихын» және басқа да шығармалары арнайы бөліп көрсетуге болады. Жоғарыда көрсетілеген авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және мемлекетті билеушілердің тұқымдық шығу тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, кейде тарихи шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп отырған.
Қазақ хандығының мәдениетінің тағы бір көрінісі мейрамдары мен ұлттық ойындары. Қазақтар көктемгі күн мен түннің теңелуін Жаңа жылдың басы Наурыз мерекесін атап өтеді. Наурыз парсының «новруз» «жаңа күн» деген сөзімен мағыналас. Ол — бағзы заманнан келе жатқан қасиетті мереке. Бұл күні ұрыс-керіс, соғыс атаулы тоқтатылады. Бұрын бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар қайтадан татуласады, өткен-кеткен өкпереніштердің бәрі де кешіріледі. Әркім өз үйлерін тәртіпке келтіреді, сыпырып, тап-таза етіп қояды. Адамдар сәнді киініп, бір-бірін кұттықтайды, қонаққа барады. Ақсақалдар үй-үйді аралап, өмірден өткен ата-бабаларға, аруақтарға, марқұм болғандарға арнап құран бағыштайды. Әйелдер ежелден келе жатқан салт бойынша құрамында жеті түрлі тағамдық зат бар наурыз көжені мол етіп пісіреді. Одан көрші-қолаң, туған-туыстар мен үлкен-кішілер және үйге келген қонақтар түгел дәм татады. Жастар бір-біріне ескерткіш сыйлықтар ұсынады. Бұл күні ұлттық ойындар мен спорт жарыстары өткізіледі. Қазақтарда наурыздан өзге қымызмұрындық, соғым басы, сүндет тойы, тоқым қатар сияқты басқа да толып жатқан мереке-тойлар болған.
Қазақтың ұлттық ойындарының терең тәрбиелік, әскери-спорттық, салт-дәстүрлік, өзара қарым-қатынастық және көркем-эстетикалық сипаты бар. Ұлттық ойындар дене шынықтыру, жастардың ақыл-ой қабілетін арттыру сияқты міндеттер атқарған.Балалардың ең көп тараған ойыны — айгөлек. Ежелден бар ойындардың бірі — ақсүйек. Бозбалалар мен жігіттердің ойыны аударыспақ кезінде олар екі-екіден ортадағы алаңға шығып, бірін-бірі ат үстінен аударып түсіру үшін күш сынасады. Әбжілдік пен төзімділікке тәрбиелейтін ойынның бірі ат үстінде шауып келе жатып жерден күмісалу болатын. Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны — көкпар тарту.Бәйгеге ондаған, кейде тіпті жүздеген бас мал, әсемдік әшекей бұйымдар, күміс және алтын тайтұяқтар тігілетін.Халық арасына кеңінен тараған спорт жарыстарының бірі — қазақша күрес. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі. Күрестің бұл түрінде балуандардың жасмөлшеріне де, салмағына да шек қойылмайды. Халық өзінің балуандарын төбесіне көтеріп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытылмастай болып есте қалды. Үлкен мерекелерде, жиын-тойларда әр ру өз балуандарын күреске шығаратын.
Қазақтарда бұлардан өзге алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы aтy, қыз қуу, жілік сындыру сияқты ұлттық ойын түрлері мен спорт жарыстары да болды.
Қазақ халқы мәдениеті бай халық. Бұған куә қазақ халқының кең даласынан шыққан ғұламалар, ақындар мен би, шешендер. Тіпті бұған куә шет ел саяхатшылары мен жазушыларының сөздері. Мысалға польшалық этнограф Адольф Янушковиячтің сөздерін келтіруге болады: «Мейрам кезінде мен алғаш үленшіні естуге мүмкіндігім туды. Осы қазақ сал-серілері,дала жыршылары, ұлы ақындарының қазақтарға тән суырыпсалма өнері мен орындаушылық қабілеті, бұл халықтың ақыл-ой қабілеттілігінің жоғарылығының дәлелі болып табылады. Және де мен, осының барлығын әлем жабайы деп санайтын дала халықтарынан естіп тұрмын ғой деп таңғалдым. Мен екі тайпа арасындағы даужанжалдардың куәсі болдым және ешқашан Демосфен мен Цицерон жайлы естімеген ділмарларға таңдана қошемет көрсеттім.Ал бүгін менің алдымда хат танымайтын, бірақ мені өз өнерлерімен таңдандырып отырған ақындар өнер көрсетуде, олардың өлеңдері, әндері менің жүрегімді билеп алды. Осындай халыққа болашағы жоқ малшы болу ғана жазылғанба? О, жоқ! Шынымен-ақ! Құдай бұндай қабілет берген халық өркениеттен тыс қалуы мүмкін емес: өркениет қашан да болсын қазақ далаларына келіп, білім шам-шырағын жағады. Уақыты келгенде бүгінгі көшпелі қазақ қазір оның төбесінен қарап отырғандармен тең дәрежеде болып, солардың қатарында отырары анық». Ия, расымен-ақ қазіргі заманда қазақ сол дәрежеге жеткендей-ақ. Бұның барлығы ұлы халықтың мәдениеті мен таланты, ақыл-ойының ұшқырлығының арқасы. Сөзімді еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен қорытындылағым келеді. Олар қазақ «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет. Ендеше сол ата – бабаларымыздың тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік».Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне,діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік 20042006, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.
Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай таныпбағамдауға болады. Өз еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау – адамзат өркениеті дамуының сара жолы.
Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, сол қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Далан қоныстанға көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар. Діл — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, наным иланым,рух дағдыс ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жек және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып,американ философ Р. Эмерсан (1856) енгізді.Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады. Ділдің қалыптасуы қоғамда бағаланатын құндылықтарға, идеалдарға, мәдениет деңгейіне әлеуметтік құрылым мен адамның өмір сүрген ортасына, әкімшілік, идеологиялық және экономикалық шараларға байланысты. Тиісінше, туынды сана және санасыздық ретінде адамның өзі ділді қалыптастырады. Ал қоғам өз еркімен, саналы түрде ұстанаты идеалдарды, құндылықтарды өзгерте алад мәдениетке де сапалы жаңалықтар енгізе отырып, оны бұрын болмаған деңгейге көтереді. Әлеуметтік құрылымды да өзгертеді. Сонымен, Діл адамдардың санасымен, дүниені қабылдауымен, сезімімен, құлшынысымен, зауқымен де байланысты. Бүдан ділді өзгертуге және қайта тәрбиелеуге болатыны көрінеді. Ол үшін бағытталған идеологиялық шаралар жүргізу керек. Кезінде коммунистік идеология Сталиннің жеке басына табыну бағытын ұстанғанда, бүкіл кеңес халқы оны қабылдап, "халықтардың әкесі" өлгенде өз әкелері өлгендей, еңірегенде етегін толтырды. Тоқырау жылдары деп аталатын кезеңде келешекте "ұлттардың қосылып кетуі", "тілдердің жойылатыны" туралы "қағидаларды" күн құрғатпай қақсаудын салдарынан түрлі ұлт өкілдері, солардың ішінде қазақтар да, келешегінен түңіліп, ұлттық нигилизм психологиясына бой алдырды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша біздің елімізде цензураға тыйым салынады. Әркімге өз пікірін ашық айту мүмкіндігі берілген. Тәуелсіз БАҚтың ұстанатын тұрғылары әр түрлі. Бұл жағдай кез келген азаматтың өз ойына келген пікірін көпшілікке жеткізе алуына мүмкіндік береді. Бұрын Қазақтың ұлттық санасында болмаған, отарлық және тоталитарлық режимдер кезінде жұқтырылған, түрлі идеологиялық және шаруашылық шаралардың салдары болып табылатын әлеуметтікпсихология кешендерге идеологиялық факторлардың әсерінен болған солақайлық кешені (жалақорлық, күдікшілдік); отарлық тәуелділікте болған халықтарға тән арызқойлық, күншілдік, жағымпаздық, өзгеге жүгінгіштік, жуастық, масылдық, құлдық бағыныштылық, құлдықтың ерекше түрі мәңгүрттік, т.б. Қазақ халқының өзіне тән-ұлттық ділінің ерекшеліктері: мінез-құлқы, намысты қолдан бермеушілігі, рухты биік ұстауы, батырлығы, сабырлылығы, ақкөңілділігі мен аңғалдығы, бауырмалдағы, көпшілдігі мен қонақжайлылығы т.б. Қазақ халқының діліоның әдет-ғұрпында, ойын сауықтары, ырымдары мен тыйымдары, түс жоруы, жыл қайыруы мен мал бағудан туындаған астраномиялық көз-қарастары т.б. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс өміріндегі қолөнері және оның тәрбиелік мәні құрақ құрау, текемет, киіз басу, сәнді тоқыма тоқу, кесте тігу, ою, өрнек өнеріндегі бейнелері.Төменде Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне біршама қанық атақты шетелдіктердің біздің халқымызға берген бағасы: Марко Поло, италян саяхатшысы: …Олар (қазақтар немесе көшпелілер) бие сүтін ақ шарап тәрізді ішеді, кемиус деп атайды, өте дәмді. Қарулары садақ, семсер және шоқпар. Садақ атудың нағыз шебері… Қажет болса айшылық жолға ешқандай азықсыз шығады …Қажет болса қару-жарағымен түнді ат үстінде өткізуге бар. Қиындық пен мұқтаждыққа кімнен де болса төзімді. «Книга Марко Поло о разнообразии мира, записана пизанцем Рустикано в 1298 о р.х» Иоган Шильтбергер, көне бавар жауынгері: Ұлы Татарияда (қазақ даласы) болдым. Олар нан жеп, шарап ішпейді, оның есесіне бие мен түйе сүтін ішеді. Кең жайылымда өздерінің бар байлығын артып алып, қатын-бала, мал-мүлкімен көшіп-қонып жүреді. Олар өз хандарын ақ кигізге отырғызып, үш рет жоғары көтереді. Жорық кезіндегі азапты тауқыметке сондай көнбіс. «О великой Татарии» Петр Паллас, саяхатшы неміс ғалымы: Қазақтар қан төгуге құштар емес, біреуді өлтіргеннен гөрі тұтқынға алғанды тәуір көреді. Адал қызмет еткен құлға қайырымды… «Путешествие по разным провинциям Российского государства» 1773 – 1778гг. Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым: 1806 жылдың күзі мен жазында Ертістің жоғары ағысын бойлап, төменгі Зайсан нұр көліне дейін барған саяхат кезінде күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аздап түркі тілін білетіндігім Орта жүз қазақтарымен сөйлесуіме септігін тигізді. Кейінрек басқа екі жүздің қазақтарымен кездескенімде олардың диалектісіз, бір тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қазақ тілі олардың түркі халқы екенін дәлелдейді. «1825 жыл Париждегі «Азия» журналына француз тілінде жарияланған мақаласынан» Григорий Потанин, орыс ғалымы: Қазақтар – еті тірі, дені салауатты, өмірге іңкәр халық. Олар сауық-сайранды жаны сүйеді, ашық түсті киімкешекті, өмірінде мереке, той-думандарды ұнатады. Әртістік өнер мен сәнді жасану жарыстары қазақтардың бойына атаққұмарлық нышанын дарытуы да ықтимал, мұның өзі оларды француздарға ұқсататын секілді. Афиндықтар тәрізді қазақтар жаңалықты әдеттен тыс ұнатады. Мейлі дала құнарының аңқасы кеуіп қалса да, мейлі табиғат шөлейтке төнген қатерге қарсы күресте дәрменсіз болса да, қазақ өмірі үшін халықтың рухани қан-тамырында күш-жігердің көл-көсір қайнар көзі бар, тек қазақтардың өздері осы қайнардан теріс айналмаса болғаны. «В юрте последнего киргизского царевича» Юджин Скайлер, американдық дипломат, ғалым: Қырғыздар (қазақтар) басқа азияттық халықтарға қарағанда бейне бір бала мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақын танысқаннан кейін қырғыздарды (қазақтарды) құрметтемеуге, жақсы көрмеуге ешқандай шараң қалмайды. Орта Азияда тұрған барлық адамдар – қырғыздар (қазақтар) басқа тайпалардан жоғары тұр деген пікір айтады. Д.У.Уарделл, ағылшын инженері: Қазақтар – ер жүрек, еркіндікті сүйетін халық. Олар өзге көшпенділер сияқты елгезектеу. Достарына ақ көңілде, қонақжай, жолаушыға қайырымды, алайда, жауларына аяусыз. Оларға табиғат шешендік пен әзілмысқыл сезімін молынан сыйлаған. Балаларын шексіз сүйеді. Ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышын сезіне білу қасиеті тән. 1914 жыл. Элизе Реклю, француз географы: Бүкіл европалық Ресейдің көлеміндей жерді Еділ жағалауынан Тарым алқабына дейін, Амударияның аяғынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан қазақ ұлтын бөгде әсерлерге ұшырамаған ең таза түрік нәсіліне жатқызуға болады. Олар жақыннан қыз алыспайтын эгзогамистерге жатады. «Земля и люди. Азиатская Россия» Э.С.Вульорсон: Қазақ сияқты ән мен жырды қастерлейтін халықты табу қиын. Кең жазирада жүйкіп жүретін бұл халық бір ауылға келгенін әнмен білдіреді. Қуаныш-қайғысының бәрі әнмен өріледі. Әншілерін өте жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды. «Киргизы» М., 1901.Алексей Левшин, орыс ғалымы: Табиғатпен етене болып, қарапайым тамақ ішіп, таза ауамен тыныстап, жайбарақат өскен қазақтардың денсаулығы мықты болып келеді. Олар күшті, қуатты, ыстықсуыққа төзімді келеді. Жазықта тұрып он шақырым жердегі затты айырып көре береді. Бала күннен ат құлағында ойнау – күнделікті гимнастикасы. Әйелдер кейде бұл тұрғыдан еркектерден асып түсіп жатады. Көп сөйлей бермейтін, тұйық мінезді, жеке дара ойланып отырғанды жақсы көреді. Деспотизмді көп көрмеген қазақтар басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал, ақ көңіл, сенгіш. Қайырымдылық, адамды аяушылық, ақсақалдарға құрмет көрсету – олардың асыл қасиеті. «Описание киргиз – казачьих, или киргиз – кайсацких, орд и степей»Николай Зеленд, ресейлік дәрігер: Қазақ – қызу қанды халық. Оның рухында жайсаңдық, ізгілік тән, ұдайы жайдары жүреді. Сергек әрі еліктегіш келеді. Жүйкесі көмбіс, ашуланбайды. Бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Олардың бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды. Мейілінше татутәтті өмір сүруді қалайды. Әйелдері иманжүзді, ақылды. «Киргизы» Омск, 1885.Василий Радлов, түрколог ғалым: Басқаларға қарағанда қазақтар арасында шешендік өнері ерекше дамыған. Әрі сөзі ойнақы, әуезді, ырғақты. Тілі өлеңнің өрнегі іспеттес. Бейнелі сөз төркіні айқын да дәлме-дәл мағына береді. Қазақтарды Батыс Азияның орман-құздары деп атауға толық негіз бар. Қазақ – нағыз шабандоз халық. Кең-байтақ өлке де өмір сүрген олардың тілі тұтас бірлікте. Каспий теңізі мен қара Ертіс қазақтары тілінде диалектілік айырмашылық аңғарылмайды. «Сибирские древности» Адольф Янушкевич, поляк зерттеушісі: …Қазақтың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Тіпті балаларының ақылы ерте толысады. …Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Демосфон мен Цицерон туралы өмірі естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жожоқ! Имандай сырым! Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес. «Дневник и письма из путешествия по казахским степям»Николай Ядринцев, орыс ғалымы: Қазақ халқы – ақынжанды халық. Бақташы халық. Өздерін ең әуенді халық санайды. Олар батырлар жыры бір замандарда жер үстінде әуендеген деседі, сол төменде шалқыған жердегі халық та мейлінше әуенді халық дейді, олар өздерін басқа халықтардан гөрі жыр-өлеңге жақынырақ тұрған халықтар санатына қосады. «Сибирские инородцы, их быт и современное состояние» Каруц Рихард, Неміс этнографы:… Маңғышлақ – балалардың нағыз жұмағы. Бұлан далада шүпірлеген қазақ баласы құрбықұрдас, ойнайтын жер, ата-ана мейірімінен кенде емес. Мұнда «бала дәуірі» үшін әлек болудың қажеті жоқ, мұнда мыңдаған жылдардан бері баланың өзі би, өзі қожа. Бала есейе келе көшпелі тұрмыстың қатаң шындығы оған өз талабын қоя бастайды. Ол ертеңгісін тезек теріп, кішкентай баланы көтеріп, ойнату, құдықтан су тасып, мал суғару, қой сауу, т.б. жұмыстарға көмектеседі. Ол атқа мінуге ерте үйренеді. «Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке» Николай Рычков, орыс барлаушысы: Барлық үш жүз қазақтың жері Алтай тауларынан бастап, Каспий теңізіне дейін жалғасады. Жауларына қарсы жорыққа шыққанда әрбір қазақ үш-төрт атпен аттанады. Олар күніне 60-80 шақырым жолды еш қиындықсыз басып өтеді. «Жорық жазбалары» 1771 жыл Камел Карпат,АҚШ Висконсин университетінің профессоры: Қазақты ұлт ретінде сақтау – түрікіт сақтау деген сөз. Өйткені, ең таза түрік – қазақтар. Қазақ тілі – ең таза түркі тілі. Түркі тегінің тамыры да осында. Түркиядағы мұсылманшылық – Иасауи Уағыздаған мұсылманшылық. Мен американдық түрікпін. Жүрегімнің бір түкпірінде қазақ тұр…Қазақ халқының толеранттылығы. «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып» деп басталатын басты құжатта Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі салынды. «Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» құру Елдік мұраттың басты бағыттары болып бекітілді. Конституцияда этностық азшылық құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық өлшемдерге жауап беретін қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің құқықтық негізі қаланды. Осының негізінде, Қазақстанның мемлекеттік ұлттық саясаты қоғамдық келісім конституциялық қағидасына негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға сәйкес халықтың біртұтастығын қалыптастыруға бағытталды.Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың санасезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарымқатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз. Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар. Алдағы уақытта толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер толерантты қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, Ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Мәселен, Қазақстан халқы ассамблеясы 2008 жылы Алматы қаласындағы «Достық үйі» жанынан «Лингва» тілдерді оқыту орталығын ашуды қолға алған болатын. Осы орталықта соңғы жылдары 150-ден аса мемлекеттік тілді үйренуші әртүрлі этнос өкілдері және 50-ден аса орыс тілін үйренуші шеттен келген қандастарымыз бітіріп шықты. Үстіміздегі жылы Астана қаласында «Тілдарын» Тілдерді оқыту технологияларының әдістемелік орталығы ашылды. Мұның бәрі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған нақты істер. Сонымен қатар әр этномәдени бірлестіктің осы бағытқа арналған арнайы бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы калыптасуында осы үдеріске сыншыл көзбен қарап, оны ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді. Абай, міне осындай тұлға болды. Абай өз шығармашылығында қазақ елінің белгілі тарихи түйыққа тіреліп (бодандыққа түсіп), одан қалай шығуды білмей, болашағы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді. Осындай шымшытыранда ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрінен арылып, халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап, оны емдеудің жолдарын көрсете білді. Абай туралы көптеген еңбектерде бір-біріне қарама-қарсы пікірлер айтылып жүр. Әсіресе, тоталитарлық жүйе кезінде Абай қазақ арасында орыс мәдениетін насихаттаушы болды, ол жер ауып келген Ресей ғұламаларының ықпалымен дәстүрлі көшпелі мәдениет құндылықтарынан бас тартты деген пікірлер жиі айтылды. Тағы бір көп тараған пікір Абайды дала феодализмімен қабаттастырып қою мен оған «діни философ», «пантеист» сияқты айдарларды тағумен байланысты. Ортағасырлық озық мәдениетінен, қалалары мен төл жазуынан айырылған халықтың бар сенімі фольклор еді. Көшпелі мәдениетке қолайлы форма – ауыз әдебиеті, ел басқарудың ұтымды түрі – билер соты. Алайда XIX ғ. екінші жартысынан бастап Қазақстанды Ресей өзінің тікелей отарына айналдырып, жаңа әкімшілік тәртібін енгізді. Қысқаша айтқанда, көшпелілік мәдениет орыс империясының әсерінен біртіндеп шайқала бастады. Қалалар салынып, фабрика мен зауыттарда қазақ жүмысшыларыкөбейе берді. Ресей экспансиясы қазақ сахарасындағы көне Шығыс мәдениетін ығыстыруды өзінің негізгі мақсаттарының бірі деп санады. «Абай, – дейді F. Есімов, – тұтас ел болудан қалған, отаршылық жағдайда күн кешкен қоғамда туған, оның ойшыл болып қалыптасуы XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ халқының басынан кешкен ауыр тұрмысына сәйкес келеді. Абайды тек ақын қылмай, ойшыл гуманист дәрежесіне де көтерген осы өтпелі қоғам қайшылығы» (Хакім Абай. Алматы, 1994. 31–32 бб). Қазақ халқының ауыз әдебиетінен нәр алған Абай жаңа ұлттық жазба мәдениетке көшуге негіз салды. Батыс (Ресей) мен Шығыстың (Ислам) өркениеттерінің ара- сындағы Қазақстан болашаққа қарай жол іздеуге мәжбүр болды. Далалық мәдениет осы екі ағынның ортасында өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылды. Абай орыстық білім мен техниканы насихаттағанымен, христиан дінінен қазақты аулақ болуға шақырады. Ислам – халықтық мәдениеттің тірегі, оның рухани қазығы. Бұрынғы мұра туралы сөз болғанда, оны тек араб-парсы мәдениетімен шектемеу керек. Түрік елінен шыққан Әбунасыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауи, Мұхаммед Хайдар Дулати т.б. шығармашылығымен Абай жақсы таныс болған. Ол — этностық мәдениетгің насихатшысы. Ұлы ойшыл ақын сонымен бірге ежелгі мұра мен бұқаралық мәдениеттегі теріс жақтарды да анық көре білген. Ол ислам дінін өз мақсаттарына бұрмалаған кейбір діни өкілдерді әділ сынға алады. Дәстүрлі мәдениет туралы Абай өзінің 39-сөзінде былай дейді: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бірбірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуірді біржола жоғалтып алдық. Осы күндегілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік». Бұл жерде екі мінез деп Абай елдік намысты, бірлікті, өзара дау-жанжалдан аулақ болуды айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет