ІІ. Негізгі бөлім



бет3/4
Дата06.04.2020
өлшемі114,97 Kb.
#61666
1   2   3   4
Байланысты:
Әдебиеттік оқыту
9каз, 9каз, 9каз, 9каз, Әдебиеттік оқыту, 469918064

Тек дәптерге жазғызып қою жеткіліксіз. Енді танысқан сөзді санада тұрақтандыру үшін жаңа сөзбен түрлі жұмыстар жүргізіледі:

- мүмкіндік болса, заттың өзін көрсету;

- суретін көрсету;

- синониммен түсіндіру;

- антонимдері арқылы түсіндіру;

- мұғалімнің жалпы түсініктеме беруі т. б.

Мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркестерді үйрету барысында да оқушының тіл байлығы артады. Оқулықта берілген және басқа да мақал - мәтелдерді, тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру – мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмауы үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады. Мақал - мәтелдерді қаншалықты білетінін анықтау үшін әрі мейлінше көп меңгерулері үшін осы бағытта сайыс сабақтар ұйымдастырылады. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрізді сайыстар оқушының тіл байлығының артуына ғана емес, ой - өрісінің, танымының артуына ықпал етпек.

Оқушының тілін байыту жұмыстары тіл мәдениетімен тығыз байланысты екені белгілі. Тіл мәдениеті бойынша бастауыш сынып оқушыларына мына талаптар қойылады:

- сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу;

- орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;

- ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;

- шамасы жеткенше ертегі, әңгіме жаза білу т. б.

Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсыр - малар – тіл мәдениеті талаптарын жүзеге асыруда аса тиімді.

Оқушының сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін байытуда сыныптан тыс оқуға да үлкен талап қойылады. Сыныптан тыс оқу мектеп бағдарламасында арнайы ескеріледі, міндетті шығармалар тізімі беріледі, сағат саны көрсетіледі. Әйтсе де, тек көрсетілген тізіммен шектеліп қалмай, сабақ үстінде үйде оқып келуге оқушыларға қызықты әңгімелер мен ертегілер ұсынылса, бұл біріншіден, нақты мақсатқа жетуге, екіншіден, оқушылардың одан әрі де көркем шығарманы өз бетімен қызығушылық танытып оқуына септігін тигізеді. Оқылған шығарманы тексеріп, сараптаудың жолдары көп;

- түсінгенін әңгімелету;

- сұрақтарға жауап бергізу;

- кейбір үзінділерді жатқа айтқызу;

- оқыған кітабы бойынша таныс емес сөздерін сөздік дәптеріне жазып отыруға дағдыландыру;

- кейіпкерлер іс - әрекетіне баға бергізу;

- әңгімелердің ұқсастығын салыстыру;

- ең соңында сол шығармаға ұқсатып әңгіме жаздыртып көру т. б.

Мұғалім осындай жұмыстарды атқарту арқылы оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді. Көркем шығармамен жұмыс – оқушының тілін байытудың ең тиімді жолы. Көркем шығарманы көп оқу арқылы оқушының танымы артып қана қоймайды, ойын жүйелі жеткізуді, байланыстырып сөйлеуді, тілдің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын дұрыс меңгеруді үйренеді. Алайда, көркем шығармамен жұмыс істеу барысында есте ұстайтын жайт: шығарманың оқушының жас ерекшелігіне сай болуы, мазмұнының қызықты болуы, тәрбиелік мәнінің зор болуы, оқушыны жалықтыратындай тым көлемді болмауы.

Сонымен бірге ана тілі сабағында өтілген материалды бекіту үшін оқушының ауызша сөйлеу мүмкіндігін арттыруға назар аударған дұрыс. Мұның төте жолы – түрлі рөлдік ойындар. Ондай ойындар оқушының тілін, еске сақтау қабілеттерін арттырады, зейінін шоғырландыруға көмек көрсетеді. Ойын барысында өзіне бекітіліп берілген рөлді ойнау үшін оқушы ізденеді, талаптанады, жинақталады, айтатын сөзін салмақтайды. Белгілі бір жағдаятқа өзі кіріп, өз басынан өткереді. Нәтижесінде сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына осы ойынның жәрдемі тиетінін түсінеді.

Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай - ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Мұндай жұмыстар оқушының білімін ғана жетілдіріп қоймайды, жеке дара шығармашылық қабілетінің ашылуына түрткі болады.

Сабақ үдерісінде мұғалімнің басшылығымен мұндай жұмыстар жүзеге асырылып, жүйелі орындалып отырса:

- оқушының сөздік қоры мен тілін байытуға ықпал етеді;

- ауызша және жазбаша тіл мәдениеті талаптарын меңгереді;

- сауатты жазуға үйретеді;

- оқушы өз бетімен шығармашылықпен айналысуға үйренеді.

4 сынып «Әдебиеттік оқу» сабағында өткізілетін үлгі сабақ жоспарын Б және В қосымшада берілген.

Қорыта келгенде, мақала көлемінде ана тілі сабақтарында оқушының тіл байлығын арттыруға жәрдемі тиетін әдіс - тәсілдер мен іс - әрекет түрлері қарастырылды. Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні даусыз.



Қорытынды
«Әдебиеттік оқу» пәні оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Баланың ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Оқулық тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын мәселелерді қозғайды. 

«Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу сабағының құрылымы мен құрылысы» тақырыбында жазылған курстық жұмыс бойынша мынадай қорытынды жасадым:

Зерттеу барысында әдебиеттік оқу құралының мазмұнында дамыта оқыту негізінде оқушылардың шығармашылық әрекеттерінің белсендіру жолдары басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа, өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, суретпен жұмыс істеу, модельдеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым - қатынаска түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс - тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы курстық жұмысымда көтеріліп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды, тұжырымдамаларды талдай, қайта өңдей, жаңа жағдайларда пайдалану нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

- шығармашылық - өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан, ол сабақтан тыс, сыныптан тыс уақыттарға жылжытылмай, әр сабақта өтілетіндей оқу бағдарламаларының, оқулықтардың мазмұнында болуы шарт.

- орта мектеп жасына келгенде, баланың үлгі-қалыпқа үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығармашылық қабілеттерді дамыту ісін бастауыш сыныптардан бастап ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі «қарайлай» отырып, оған талапты өсіре беру қажет.

- әр сабақтың дамытушылық мақсаттарын арттырып, мазмұнды шығармашылық тапсырмалармен байытып, оларды тұрақты пайдаланып отыру арқылы бұл мәселеде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады.

- сабақтарда баланың позициясын өзгертіп, оны әртүрлі бірлескен әрекеттің субъектісі жағдайына қоя білу, баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы - табыстың бірден - бір кепілі.

Жоғарыда айтылған мәселелер ескерілген жағдайда бастауыш мектеп оқушылары жаңа сапалық қасиеттерге ие болып, адамзат шығармашылығына өз үлестерін қосары сөзсіз деп есептеуге болады. Егерде оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс - тәсілдердің озығы өмірге келсе, және де олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұтайтын болып ұйымдастырылса, сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын азаматтар тәрбиеленіп шығуына өз үлесін қосар еді.

Мұғалiм мына қағидаларды үнемi назарда ұстағаны жөн деп есептеймiн:

- Бала бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмау, оның шығармашылығын жетiлдiру.

- Бiлiмдi өз бетiнше iздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

- Өзiн - өзi дамытатын тұлға қалыптастыру.

Әдебиеттік оқу сабағында ойлау, аңғаруға байланысты және iздену дәлелдеуге қатысты бiрнеше шығармашылық тапсырмаларды топтастыруға болады. Атап айтсақ:

а) Тақырыпты схемалау немесе схема бойынша толықтыру.

ә) Өз бетiнше диафильм құрастыру;

б) Ойдан ертегi құрастыру.

Қорыта келгенде курстық жұмыстың мақсатын орындадым деп ойлаймын. Әдебиеттік оқу құралын талдап, құрылымы мен құрылысын қарастырдым. Әрқайсысына жеке тоқталдым. Сабақ жоспарын құрастырдым.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. «12-жылдық білім беру», 2009 ж.

  2. А.Құдиярова, А.Бабаева. «Педагогика», Дарын – 2004 жыл.

  3. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары. Алматы, «Рауан»,1999.

  4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі . Алматы “Рауан”, 1997 131-бет

  5. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

  6. Едігенова А. Ж.Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру: Педагогика ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациялық авторефераты.-Алматы: Б.ж, 2004.-34 бет.

  7. Жәркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. - Алматы, 1984 ж.

  8. Жұмабаев M. Педагогика. - Алматы: Рауан, 1993

  9. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.

  10. Иманбекова Б.И., Мадиева Т.А. 2 сынып әдебиеттік оқу. Оқулық. Алматыкітап, 2012ж.

  11. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А. 1969.

  12. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

  13. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.

  14. М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» . Алматы 2002ж.

  15. Муфтибекова З., Алтаева К. «Әдебиеттік оқу» әдістемелік құрал. Алматыкітап, 2011 жыл.

  16. П.К.Жаманкул, З.Муфтибекова, Н.Н. Орынбаева «Әдебиеттік оқу әдістемелік құрал»

  17. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1994

  18. С.Әбдіманапов. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел.// Егеменді Қазақстан 5 қараша 2005 жыл.

  19. С.Г.Тәжібаева «Педагогика» Алматы 2007 жыл

Қосымша А


2 сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша өткізілетін сабақтар
Сабақтың тақырыбы: Абай. Ғылым таппай мақтанба.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға білімнің өмір нәрі екенін ұғындыру, ғылым сөзіне талдау жасау.

Дамытушылық мақсаты: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Ой қозғау.

Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

Білімді неге шырақ дейміз? (оқушылар ойларын айтады)

Автор туралы түсінік беру

Абай аталарының жатқа білетін өлеңдерін сұрау.

Ой қозғау.

Төмендегі сұрақтар арқылы өлеңді талдау.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба» деп неге айтып отыр?

Ғалымға неліктен ұқсау керек?

Ғылымды неге дүинеге, малға теңеп отыр?

Адам білімді, ақылды болуы үшін не істеу керек?

Сергіту сәті.

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

Ғылым сөзін айтқанда ойларыңа қандай сөздер келеді?

Өлеңді мінерлеп оқу. Оқушылар іштерінен оқиды. Сосын дауыстап оқиды.

Сөздік жұмыс.

Топпен жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Оқу, білім туралы мақал мәтел жазу.

«Егер мен ғалым болсам» тақырыбыны әңгіме жазу.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Ақын ғалым мен адам болу екеуінің тамыры бір дейді. Ғалым болудың басты шарты не нәрсені болсын ақылға салу.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Өлеңді жаттап келу. Оқу, білімге байланысты мақал мәтелдер жинастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Қосымша Ә

Сабақтың тақырыбы: Құштарлық.
Сабактың мақсаты: 1. Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Табиғаттың адам өміріне, жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру.

2. Оқиғаны елестетіп, жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып, жеткізу мүмкіндігін дамыту.

3. Қоршаған ортаны сақтауға, «кітап - білімнің қайнар көзі» дегенді түсіндіре отырып, оқулықты күтіп ұстауға тәрбиелеу, білімпаз болуға баулу.

Көрнекілігі: Ж. Аймауытов суреті, әңгіме желісіне салынған суреттер, мақал-мәтелдер жазылған плакат, графопроектор.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.

а) Қызығушылығын ояту.

Тақтадан Ж. Аймауытовтың суретін көрсету. Оқушылардан суретке қарап, содан өздеріне қандай ой келгенін сұрау. Оқушылардың автор туралы ойлары:

Үлкен кісі;

Ақылды;


Ойланып отыр;

Ақын не жазушы.

- Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) - аса көрнекті қазақ жазушысы. Көптеген тартымды әңгімелері мен «Күнекейдің жазығы» атты тамаша повесть, қазақ әдебиетіндегі шын мәніндегі тұңғыш романдар болып табылатын «Ақбілек», «Қартқожа» сияқты көркем шығармалары бар.

ә) Ой толғау.

- Оқулық (кітап) туралы не білесіңдер? (Кесте толтырады).


Нені білемін?

Не білгім келеді?

Не үйрендім?

Зат.

Ақ қағаздан жасалады. Түрлері өте көп. Кітап - біздің досымыз. Күтіп үстау керек.



Ескірген, жыртылған окулықтарды не істейді?

Ескірген кітап, оқулықтарды қайтадан өңдеп, ақ қағаз жасап шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет