- Дұрыс. Кітап туралы біраз мағлұмат біледі екенсіңдер. Ал енді не білгілерің келеді?
Кітап, оқулық туралы білімдері толықтырылады.
Кітап - баспада дайындалып, баспаханадан басылып шығарылған мәдени рухани қазына. Ал осы кітапты жасау үшін орманнан қаншама ағаш кесіледі. Яғни қағаз ағаштан алынады. Жыл сайын кесілген ағаштардың орнына жаңадан ағаштар отырғызылады. Адамдар ескірген кітап, журнал, газет, дәптерлерді фабрикаларға қайтадан өткізеді. Фабрикада оларды өңдеп, қайтадан қағаз жасайды. Ол қағаздардан баспаханаларда қайтадан кітап басып шығарады.
Оқушылар түсінгендерін баяндайды. Олардың айтқандарын қысқаша түрде кестедегі үшінші бағанға жазу.
- Міне, балалар, біз кітап туралы көп білдік. Ондай болса кітапты боямай, жыртпай ұстауымыз керек. Себебі сол кітап арқылы біз сауатты болып, хат танимыз, білім аламыз.
Енді автордың «Құштарлық» әңгімесін оқып, таныстыру.
б) Мәтінді жартылай оқып беру, түртіп ал стратегиясын қолдану.
Мәтінді жартылай оқытудағы мақсат - Қартқожаның кітапты оқуда немен аяқталғанын оқушыларға жалғастыру. Мәтінді оқу барысында оқушылар қолдарына қарындаш алып, сөз тіркестерін, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілейді.
Сөздік жұмысы.
Қаңтарып түсау-аттың басын көтере байлау.
Көзін қадау - қадала қарау, көздерге анықтап қарау.
Иегін созды - иегін алға қарай созу.
ІІІ.Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Қартқожа туралы не білеміз?
Ізденімпаз Ынталы
Оқуды аңсайды. Сыпайы Еңбекқор Еңбексүйгіш Өз ісіне тиянақты
-Қартқожаны не нәрсе қуантты?
- Қартқожа өзіне қандай серт берді?
IV. Үйге тапсырма беру.
1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
2. Мәтін мазмұнына сай мақалдар жинау.
V. Бағалау.
Қосымша Б
4 сынып «Әдебиеттік оқу» оқулығы бойынша сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: ЕР ТАРҒЫН
Сабақтың мақсаты: Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру. Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру.
Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру.
Сабақта күтілетін нәтижелер:
Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.
Сабақта қолданылатын стратегиялар:
Ой қозғау.
Түртіп алу жүйесі.
Топпен жұмыс.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сол мақалдарға арнап сурет салу әңгімелеу тапсырылған. 2, 3 оқушыдан сұралып, қалған оқушылар “Галереяны аралау” стратегиясы бойынша үй жұмысын пысықтайды.
ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.
Жаңа сабақ: Ер Тарғын жырынан үзінді.
Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады.
Ой қозғау: Енді “Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. Э
Ал, балалар, енді кітаптың 27-бетіндегі “Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, –) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.
Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.
Жыр кімнің атынан баяндалған?
Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.
Сөздік жұмысын жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?
Жырда қандай батырлар бар?
Оқиға қай заманда болған?
Тарғын кіммен кездесті?
Не үшін кездесті?
Оның сырт бейнесінен нені байқадың?
ІІ топтың сұрағы: Домбауыл қай елдің батыры?
Ол қандай адам деп ойлайсың?
Саған үнады ма?
Жоқ әлде ұнамады ма?
Неге ұнамады?
ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.
Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?
Дұрыс па? Неге?
Келісесің бе?
Келіспейсің бе?
ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?
Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?
Тарғын қандай деп ойлайсың?
Мінездеме бер.
V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?
Оқиға қалай жалғасты?
Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?
Кім жеңіске жетті?
Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады.
Сабақты қорыту.
Біз бүгін не үйрендік?
Батыр болу, елін қорғауға дайын болу т.б.
Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады.
Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп, музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: “Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”
Қосымша В
Сабақтың тақырыбы: Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жарасқан Әбдірашевтің «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, баланың сөзжұмбақ шешу арқылы іздену, ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасына не берілді?
Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңінде не жайлы әңгімеленеді деп ойлайсың?
Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
Ақын тауды кімге теңейді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Сенің ойың?
Көз алдыңа елестетіп көрдің бе?
Қане, өз елестетуіңмен сипаттап айтып көрші?
ІV. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау
- Тақтадаға назар аударындаршы?
Бұл қай қалада орналасқан? (Алматы)
Ал мына ғимарат қай қалада орналысқан? (Астана)
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Тақтада берілген суреттер топтамасымен жұмыс.
-Балалар Алматы, Астана қалалары жайлы не білеміз? (оқушылар өз білетіндерін әңгімелейді.)
- Бұл қалалар Қазақстанның қай облыстарында орналысқан?
- Картада көрсете алаламыз ба?
-1-2 оқушы картадан Алматы, Астана қалаларын көрсетеді.
АЛМАТЫ
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады.
Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған.
Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.
АСТАНА
Бүгінде жас қазақ мемлекетінің астанасы ретінде әлемді тамсандырып отырған Астана қаласы жайлы деректер көп. Ол Есіл өзенінің оң жағасындағы жазық жерге орналасқан және Есіл өзенінің көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін бұл тайыздау жерін Сарыарқа қазақтары Қараөткел деп атаған.
Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланды. Оның атауы 13-14 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Әуелде Ақмола әскери бекініс болған, кейіннен, 1862 жылы, сол жерге қала мәртебесі берілген. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. Қала Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқандықтан, жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық және мәдени орталыққа айналды. 1914 жылы қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, ауыл шаруашылығы мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 1914 жылы 15 мыңға жетті.
Кеңес дәуірінде де Ақмола Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде үлкен орын алды. 1929 жылы қалаға алғашқы поезд келді. 1950 жылы қалада 58 өнеркәсіп орны жұмыс істеді. 1954 жылы 5 наурызда Ақмолаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшалондар келіп тоқтады. 1956 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда Целиноград болып өзгертілді. Қалада алғашқы жоғары оқу орындары – ауыл шаруашылығы институты, пединститут, инженер-құрылыс институттары ашылды. 1960-80 жылдары қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 жылы Тың өлкесі таратылып, 1994 жылы қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.
1996 жылы 6 шілдедегі Министрлер кабинеті ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. 1997 жылы 20 қазанда Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы жылға 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Астана қаласы 2 ауданға – Сарыарқа және Алматы аудандарына бөлінеді.
Ү. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе: Жарасқан Әбдірашев – белгілі ақын. «Тұңғыш кітап» деген алғашқы жыр жинағы 1969 жылы жарық көрген. Оның өлеңдері неміс, өзбек, тәжік тілдеріне аударылған. Жарасқан Әбдірашевтің «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңінен еліміздің бас қалалары жайлы көбірек білуге тырысайық. Ол кісі қалай әсемдікті шырқайтыны жайлы түсінейік.
2.Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу.
А) мұғалім оқиды
Ә) 2-3 оқушы оқиды.
Б) Талдау: -өленде не туралы айтылған?
- Қай қалалар өленде аталды?
- Өленде қай тау аталады?
- Ал енди сенермен сөзжұмбақты шешейік.
|
қ
|
а
|
р
|
а
|
|
|
б
|
а
|
с
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
т
|
а
|
у
|
ы
|
|
с
|
а
|
р
|
ы
|
а
|
р
|
қ
|
а
|
к
|
е
|
р
|
і
|
л
|
г
|
е
|
н
|
|
|
|
б
|
о
|
л
|
а
|
ш
|
а
|
ғ
|
ы
|
Қарт Алатауды автор кім дейді? (қара шал).
Ақын Алматыны қандай қала деп атайды? (бас қала).
Елге несі бар қала жарасады дейді? (тауы).
Алашаны еске түсіретін қай өлке? (Сарыарқа).
Астана қандай даланың сәні? (керілген).
Сарыарқада қазақтың несі бар дейді? (болашағы).
«Астана» видиофильм ұсынылады.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңде не жайлы жырлайды екен? Өлеңнің мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсең, қызыл түсті торкөзден «Астана» деген сөз шығады. Осы сұрақтар арқылы өлең мазмұнын әңгімелеп айтуға дайындал.
Балалар , қазақ тілі сабағында қай тақырыпты оқу барысындамыз?
Етістіктің шақтарын пайдалана отырып , ЭССЕ жазамыз?
Алматы, Астана қалаларында болған балалар өткен шақта жазады. Ал болмаған балалар келер шақта жазады.
ҮІІ. Қорыту.
-Бүгін не жайлы өттік?
- Сонымен, Алматы, Астана қалалары туралы не білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, өзіңе ұнаған әсем қаланың суретін сал. 2. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |