Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады.
Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі.