Жеті жарғы - Жеті жарғы
- Н. Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы 7 бағыты
- Жеті ғашықтар жұбын табу
- Жеті жаман қасиет
- Жеті қазына
- Жеті жұт
- Жұрттың жеті белгісі
- Жеті жетім
- Жеті жетекші
- Жеті жоқ
- Жетісудың жеті өзені
- Әлемнің жеті кереметі
- Қазақстанның жеті кереметі
- Лондон- 2012 жеті алтын иегері
Мазмұны: - Хеопс пирамидасы.
- Семирамида аспалы бағы.
- Артемиданың ғибадатханасы.
- Зевс мүсіні.
- Галикарнас мавзолейі.
- Родос алыбы.
- Александрия маягы.
Хеопс пирамидасы. - Египет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар-пирамидалар.
- Ең үлкені-Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147метрдей, біздің заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан екі-ақ метр аласа.
- Бұл перғаунға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен.Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол “Сфинкс” деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.
Семирамида аспалы бағы. - Әлемнің ендігі бір «кереметі» -Семирамиданың аспалы бағы. Ол Ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы-Вавилонда болған. Ел аузында қалған аңызға қарағанда бұл бақты патша ханым Семирамида салдырса керек.
- Ал шындығында ол жаңа заманға дейінгі 6 ғасырда Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған.
- Бұл патша өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерген жасанды алаң үстіне салдырды. Cарай алаңына көтерілген алты текпішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен ﴾аркада﴿ көмкеріліп, топырақ төселген әр текпішекке жайқалған бақ орнатылған.
Грек әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы ғибадатханасы әлемнің үшінші «кереметі» деп есептелген. - Грек әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы ғибадатханасы әлемнің үшінші «кереметі» деп есептелген.
- Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып,жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхананы көз тартарлық әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді.
- Біздің заманымызда бұрынғы 356ж. Герострат деген біреу атын шығармақ оймен ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға қонымсыз зиянкестіктің белгі-бейнесі болып мәңгілікке ел аузында қалады.
- Артемиданың ғибадатханасы.
Грецияның оңтүстүгінде, Олимпиялық ойындардың орталығы Олимпиядағы ғибадатханадағы ежелгі гректердің сыйынатын жоғары пірі - Зевстің мүсін бейнесі болған.Олимпиа Зевстің бұл мүсінін бұдан 2 мың жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл - төртінші «керемет». Биіктігі он төрт метрлік Зевс мүсіні піл сүйегі , қара емен, асыл тастармен әшекейленген алтын тақта отырғызылған. Басында осынау құдіретті тәңірдің рақымшылығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған.Зевстің сол жақ иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған. Галикарнас мавзолейі. - Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы – Галикарнаста ﴾қазіргі Түркияның Бодрум қаласы﴿ бесінші «керемет» Мавсол патшаның мавзолейі болған.Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі - патша ханым Артемисия салдырған.
- Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр, бағаналармен тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнаған. Оның төбесі сүиірленіп келген. Мәрмәрден пирамида іспетті жасалған мавзолей төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мүсіндері болған ﴾ Мавсол мен оның әйелі Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ музейінде сақтаулы.﴿
- Міне, «мавзолей» деген сөз Мавсол есімімен байланысты шыққан.
Жаңа заманға дейін 3 ғасырда Родос аралына атақты қолбасшы Деметрий шабуыл жасайды. Алайда Дметрий еркіндік сүйгіш родостықтарды жеңе алмайды. Аралды жанқиярлықпен қорғаған қаһарман ерлер құрметіне олар жер бетінде ең үлкен мүсін-ескерткіш орнатады. - Жаңа заманға дейін 3 ғасырда Родос аралына атақты қолбасшы Деметрий шабуыл жасайды. Алайда Дметрий еркіндік сүйгіш родостықтарды жеңе алмайды. Аралды жанқиярлықпен қорғаған қаһарман ерлер құрметіне олар жер бетінде ең үлкен мүсін-ескерткіш орнатады.
- Бұл - алтыншы «керемет» Родос алыбы деп аталады. Теңіз бен қала қақпасының аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 метр жас жігіттің қола мүсіні болған. Осынау алып ескерткіш екі алшайта басып, қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған. Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гейлосты өзендердің қамқорлығы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізілген.
Александрия маягы. - Бәрінің білетін «фара»(үлкен шам) атауы әлемнің жетінші «кереметінен»шыққан.Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Алексрандия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен маягы﴾шырақ﴿ орнатылған.
- Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 120 метр болған. Оның үстінде жан жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен...
- Әлемнің жаңа
- жеті кереметі
- 1. Ұлы Қытай қорғаны
- Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорғанды жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қиратылды. Саяхатшыларға ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус арқылы қатынауға болады.
- 2. Колизей
-
- Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам орны бар Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастар мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылады. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Себебі, Колизей жақсы түсірілім үшін сақталмаған.
- 3. Мачу-Пикчу
- Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия елінде орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, Америка елін де қосып алды. Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайында Мачу пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кетті. Ал испан конкисдаторлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады. 1911 жылы америка ғалымдары көне қаланы табады. Ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Мачу Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына темір жол көлігі арқылы жеткен соң, автобуспен Мачу-Пикчуға жетуіңізге болады.
- 4. Петра
- Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иорания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносы түсірілген.
- 5. Тадж-Махал
- Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол - Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал кесенесі. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. Алдын ала ұйымдастырылған «Алтын үшбұрышы» саяхат бағыты бойынша, Дели-Агра-Джайпур қалаларын аралаған кезде, Тадж-Махал кесенесіне баруға болады. Сондай-ақ, Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе темір жол көлігі арқылы Агра қаласына барып, Тадж-Махалды көруге болады.
- 6. Христос мүсіні
- Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000 адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христо мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілуге болады.
- 7. Чичен-Ица
- Мексикада орналасқан Юкатан жартылай аралда көне қала Чичен-Ица майя өркениетінің дамуында мәдение және саяси рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жермен байланысты барлық манускрипттерді жойып жіберді. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар тағы бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.
- Қазақстанның
- жеті кереметі
1-керемет: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. - 1-керемет: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
- Атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан.
2 – керемет: Тайқазан. - 2 – керемет: Тайқазан.
- Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды.
3- керемет: Айша бибі мазары. - 3- керемет: Айша бибі мазары.
- Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
4-керемет: Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер. - 4-керемет: Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер.
- Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
5-керемет: Алтын адам. - 5-керемет: Алтын адам.
- 1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған.
6 – керемет: Домбыра. - 6 – керемет: Домбыра.
- Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді.
7 – керемет: Күлтегін ескерткіші. - 7 – керемет: Күлтегін ескерткіші.
- Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.
- Назар аударғандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |