1.Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық мәдени өіріндегі өзгерістер Мал басыныц артуына байланысты малшылар жайылымды жиі ауыстырып отырды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге ауысып, көшіп отыруға мәжбүр етті. Мал шаруашылығы жедел дами бастады. Жағдайдың өз- геруіне қарай табын құрамы да өзгерді, ірі қараның саны азайды. Тебіндеп жайылуына байланысты кой мен жылқы саны артты. Қола дәуірі тұрғындарының қоғамдық және мәдени өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды.Қола дәуірінде Қазақ- стан жерін мекендеген тұргындар рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрді. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай басталған ыдырауы жаппай етек алды. Мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ер адамдардың еңбегін көп қажет етті. Бұл олардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты. Бұрын үстем болып келген аналық рулық қатынас толық күйреді. Оның орнына әкелік рулық қатынас қалыптасты. Қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп, ал жер қауымның, рудың меншігінде қалды. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі де арта түсті. Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.