Іі нұсқа 1-билет


Моғолстан мемлекетінің аумағын картаға бейнеле



бет18/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска
к тарих 1 нуска, к тарих 1 нуска
3.Моғолстан мемлекетінің аумағын картаға бейнеле Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағын мекендеген.

7-билет


  1. Үйсіндер тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)

  2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.

  3. ХVІ- ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының астаналарын карта бойынша көрсетіңіз.



Жауаптары:

1.Үйсіндер тарихы(қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)

. Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы ақпаратты қытай деректерінен табамыз. Үйсіндер басшысын «гуньмо» деп атаған. Оған «бек» деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды. Үйсін қоғамын тайпа мен ру басшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар мен абыздар және қа- тардағы бұқара халық құрады. Қарапайым бұқара халық малшылар мен егіншілерден тұрды. Үйсіндер қоғамында теңсіздік қалыптасты. Бай үйсіндер 4-5 мың жылқыдан иемденді. Арасында құлдар да болды. Құлдар көбіне соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін оларға таңба салды. Археологтар бал- шықтан жасалған таңба-мөр тапқан. Балшық және тас мөрлерді қатардағы адамдар қолданған. Билеушілер мен әскербасыларда, ауқатты адамдарда алтын және мыс мәрлер болған. Мөрмен немесе таңбамен малдарды белгілеген. Әр түрлі заттарға салынған таңбалар жеке меншіктің болғанын дәлелдейді.Дәулетті адамдардың киімдері көбінесе жібектен, биязы жүннен тоқылған матадан тігілді. Ал қарапайым адамдар жүннен тоқылған, былғары мен кой терісінен тігілген киімдер киді. Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да тараған. Көсемдер: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басканы жолат- пайтын.Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғаньш үйсіндерді жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обаларға бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қабірге өлген адамның тұтынған заттары салынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет