Іі нұсқа 1-билет


« Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызы



бет15/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска
к тарих 1 нуска, к тарих 1 нуска
2. « Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызы. 2000 жылдан кейінгі кезеңдегі ел экономикасындағы оң бетбұрыстар рухани өмірге де игі ықпалын тигізе бастады. Кітап басып шығару қарқыны артты. Туған жер, ел және оның тарихы мен мөдениеті туралы көлемі жағынан ауқымды, мазмұны кең, көптомдық энциклопедиялың басылымдар жарық көрді. Олардың ішіндегі елеулілері ретінде 10 томдық “Қазақстан” Ұлттық энциклопедиясын, Қазақстан тарихын, Қазақ фольклоры антологиясын атауға болады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі тілде “Қазақстан Республикасы” энциклопедиялық анықтамасы жарық көрді. Моңғолиядан Күлтегін ескерткішінің көшірмесі әкелініп, Л . Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қойылды.

“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы Президенттің бастамасымен 2004 жылы қабылданды. Бағдарлама бойынша ұлттың ойдың, мәдениеттің озық туындыларын жинап, қайта зерделеп, жас ұрпаққа тарту ету, Кеңес кезінде бұрмаланған Қазақстан тарихының жарқын беттерін қайта жазу, алдыңғы қатарлы өркениеттер мәдениетінің үлгілерін қазақ тіліне аудару жұмыстары қамтылды. Қомақты қаржы бөлініп, ұзақ мерзімге шаралар жоспарланды.. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2004—2006 жылдар) ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 35 сәулет өнері ескерткіштері күрделі жөндеуден өтті және қалпына келтірілді. АҚШ-та, Жапонияда, Түркияда, Ресейде Арменияда, бірқатар Батыс Еуропа елдерінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, отандық тарихқа қатысы бар 5000-ға жуық деректер жиналды. Бағдарлама аясында еліміздегі ең ірі мәдени-ағартушылық мекеме — қарамағында Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы құрылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет