Іі нұсқа 1-билет


Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы



бет17/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска

2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.1902 жылдың қыркүйек, қазан айларында Дүниежүзі қазаңтарының құрылтайы өтті. Бұл еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болып отырған елеулі оқиға еді. Оған Азия, Африка, Еуропа және Американың 40-қа жуық елдерін- дегі 3 млн 200 мың қазақ диаспораеының (дүниежүзіндеғі бар қазақтың 32% -ы) өкілдері қатысты. Бұл жиынды өткізу және оған кеңестік әміршіл-әкімшіл басқару жылдарында өз елін, өз жерін тастап, шетелдерге ауа көшіп кеткен қандастарымызды шақыру шын мәнінде руханизмнің көрінісі болды. Жиында тәуелсіз, жас қазақ мемлекетін нығайту республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулықты сақтау, қазақ халқының бірлігін күшейту келешек ұрпақ өкілдерін имандылық, мәдениеттілік’ инабаттылыққа баулу сияқты келелі де игі мәселелер қозғалды. Шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері Алматыны, Шымкентті, Түркістанды және республиканың басқа облыстары мен қалаларын аралап халықтың тұрмысымен танысты. Құрылтай бүкіл республиканы қамтыған думанды мерекеге айналды. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрында өтті. Онда “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” атты тақырыппен ашылган ғылыми конференция болды. Жиында қазақ халқының тағдыры, бүкіл дүниежүзі қазақтарын тұтас қазақ мемлекетіне біріктірудің құқықтың негіздері, ана тілі мен ұрпақ тағдыры, халықтың рухани мұрасы жайында терең мазмұнды баяндамалар жасалды. Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық!” деген баяндама жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет