Іі нұсқа Оқу сауаттылығы


Бурабайдың демалыс орны ретінде жария болған уакыты



бет9/11
Дата09.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#138618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
²³ í?ñ?à Î?ó ñàóàòòûëû?û

6. Бурабайдың демалыс орны ретінде жария болған уакыты.
A) Он тоғызыншы ғасырдың оныншы жылдары
B) Он тоғызыншы ғасырдың аяғы
C) Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылы
D) Тәуелсіздік жылдарында
E) Жиырмасыншы ғасырдың оныншы жылдары


3-мәтін
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды кожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғустың іштей мұңайғаны сонша – жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға кысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртеңе жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз», – дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», – депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, кожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? – деп сұрапты, – бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, – деп сөзін жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдермен кожайынды таңкалдыра, өтер жолды жайнатып келдім, Егер сен тесік болмаганында қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», – деп түсіндірген екен.
7. Мәтін стилі
A) Публицистикалық
B) Ғылыми
C) Іс қағаздар
D) Ауызекі сөйеу
E) Көркем әдебиет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет