Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар



бет85/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:
  1. Шылаудың толық мағынасы болмайды.


  2. Сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.


  3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мəн үстей қолданылады.


  1. Шылаулар түрленбейді жəне басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Соынмен, Шылаулар — лексикалық мағынасынан айырылу нəтижесінде туған көмекші сөздер.


Сонымен, Көмекші сөз деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я мүлдем жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз.



94. Зат есімнің лексика-семантикалық топтарын атаңыз. Зат есімнің морфологиялық сипаты мен синтаксистік қызметіне тоқталыңыз
Зат есім – заттың атын, жанды-жансыз ұғымдардың атауын білдіріп, сөйлемде негізінен бастауыш пен толықтауыш болатын толық мағыналы сөздер табы.
Зат есімнің лексика-семантикалық топтары:
Адамзат және ғаламзат есімдері
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз. Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.
Жалпы және жалқы есімдер
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Мысалы: кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.), үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.), өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.) ,газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.), географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.), қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.). Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады. Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).
Деректі және дерексіз зат есім Жанды, жансыз, нақты, нақты емес.
Деректі зат есім – көзбен көріп,қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атауы.Мысалы:тас,қалам,дәптер, сия,терезе және т.б.
Дерексіз зат есім – көзбен көріп,қолмен ұстауға келмейтін,тек оймен,ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы.Мысалы:қайғы,арман,сана,реніш,жамандық т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет