Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


М. Әуезовтің «Дәстүр мен жаңашылдық жайында» атты мақаласын талдаңыз



бет125/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

27 М. Әуезовтің «Дәстүр мен жаңашылдық жайында» атты мақаласын талдаңыз
«Дәстүр мен жаңашылдық жайында»- жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтіың мақаласы. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1960 жылғы 28 тамыздағы санында жарияланған, бұдан соң «Әр жылдар ойлары» (1961) жинағында басылған.
Мұнда қазақ әдебиетінің өскелең жолын сарапап, қорытындылаған (теориялық) күрделі ойлар бар. Әуезовтің «Дәстүр - болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қағидапарынан құрылады» (12 томдық шығармалар жинағы, 12-том, 509-бет) деген анықтамасы дәстүрдің заңдылықтарын ашатын тұжырым.
Бұл еңбекте қазақ көркемсөз өнеріне тән дәстүр мен жаңашылдықтың бірнеше қырлары көрсетілген. Соның бірі қазақ әдебиетінің ауыз әдебиеті мен жазба кәсіби әдебиетінен нәр алып, қос арна болып дамып келе жатқандығы. Қазақ фольклорының сұрыпталған шебер тілі, халықтың үміт, арманын бейнелейтін үрдісі, кең ауқымды толғамдылығы Абай Құнанбаев бастаған классикапық әдебиетімізге игі әсер тигізген. Сондай-ақ кеңес дәуірінде көркейіп дамыған жазба әдебиет халық ақындарының, соның ішінде Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын байытуға зор ықпал еткен - Әуезов қазақ кеңес әдебиетінің жетілуіне, жанрлық жағынан түрленуіне, жаңа сапалар табуына орыс әдебиетінің тәсіл, үлгісі болғанын атап өтеді. Қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде әдебиеттегі көне дәстүрлердің кейбіреулері жоғалып, оның орнына өміршең жаңа бағыттар келетіні де жаппы заңдылық. Жаңа дәстүрлер шебер суреткерлердің ізденістері арқылы толысып, түрленіп отырады. Қазақ кеңес поэзиясы мен прозасы әлемдік әдебиеттің тәжірибесін де пайдаланып, жетілген. Ал драмалық шығармалар, әдеби сын дәстүрі, негізінен алғанда, кеңес дәуірінің жемісі болып табылады. Жазба әдебиеттің ең күрделі жанры - романшылықтың қалыптасуына да төл дәстүрімізбен қатар жаһан әдебиетінің де әсері тиген. Тың жанрлардың пайда болуы, көне жанрлардың жаңғыруы, ауызша және жазбаша көркем шығармашылықтың бірін-бірі байытуы ортақ заңдылықтай құбылыс. Дәстүр мен жаңашылдық қазақтың көркем әдеби тілінің қалыптасу процесіненде көрінеді.Сонымен:
Халықтың ақындық шығармашылығы, оның жанрлары мен түрлері, ақындардың стилі мен қолжазбасы жүздеген жылдарда қалыптасып, дамып отырады;
Қазақ әдебиеті өзінің даму процесінде тап дәстүрлерімен қатар шығыстың, орыстың, еуропалық жалпы жаһан әдебиетінің көркемдік жетістіктеріне де сүйенеді, жаңа сипаттар табады;
Жазба әдеби тіл де ақындар, жазушылар шығармашылығының ілгерішіл үрдістерін сұрыптап, жетілдіреді.
Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды жеке-жеке талдаған жөн:
І) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық (творчестволық) контекст дегеннің Абайда айқын көрінуі;
ІІ) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;
ІІІ) айқындық пен дәлдік;
ІV) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
V) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру;
VІ) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер.
Абайдың өз қолтаңбасын сипаттайтын мынадай тілдік фактілерді көрсетуге болады:

І
1) Абай қаламына бір ұғымды (объектіні) әр алуан тұрғыдан айқындау, ол үшін дәстүрлі эпитеттерді де, жаңаларын да пайдалану тән. Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық жүрек, ауру жүрек дегендерінде кәнігі тұрақты эпитеттерді жұмсаса, асау жүрек, асыл жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, үрпейген жүрек, қырық жамау жүрек дегендерінде жаңа белгілерді, тосын эпитеттерді келтіреді. Абай тіліндегі тың эпитеттер – бір жағынан, ауы­спалы мағынада келтірілген образды сөздер. Мысалы, сүтпен енген надандық, аума-төкпе заман, қырмызы қызыл жібек бозбала, нұрлы сөз, нұрлы ақыл.


2) Абайдың өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің және бірі – экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, өз заманда­стары – болыс пен пысықтар бар ма, «әсемсіп, сәнсіген» кер­без, керімдер бар ма, «бойы былғаң, сөзі жылмаң» ауылдаста­ры бар ма, «салақ, олақ» «Масақбайдың қатындары» бар ма – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беру үшін жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және бір ерекшелігі – оларды көбінесе өткен шақ көсемше тұлғасында пайдаланады.
3) Кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді жандандырып,жиі қолдануы да, біздің байқауымызша, Абайдың өз қолтаң-басын танытатын белгілердің бірі бола алады. Мысалы, оның өлеңдерінде кісімсу, батырсу, еркесу тәрізді -сы жұрнағы арқылы жасалған сөздер көзге түседі.
ІІ
Суреттеме тәсілдің бір түріне көзге елестетіп берілген об­раздар жатады. Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге елестетіп беру үшін ақынға қайқаң қағу, сылаң ету, аузын ашып қоқақтау, құйрық-қанат суыл­дау сияқты сөздер қажет болған. Сол сияқты наданның намаз оқыған кездегі суретін көзге елестету үшін құржың-құржың ету, тоңқаңдау деген тіпті тұрпайы сөздерді алған. Әрине, Абай қазақ поэзиясына тұрмыс-салт лексикасын молынан енгізгенде, олардың барлығы тек нақты сурет үшін ғана қолданылған деуге болмайды. Оларды әр алуан поэтикалық құрал ретінде жұмсауды Абай әрі қарай дамытады. Мысалы, қырмызы қызыл жібек, оңғақ бұл сөздерінің тура мағынасы – тұрмысқа қажетті бұйым-матаның атын білдіру, ал ақын оларды теңеу үшін пайдаланған: Қырмызы қызыл жібек бозбалалар, Оңғақ бұлдай былғайды бір дым тисе.
ІІІ
Үшінші. Абай поэзиясының тіліне айқындық пен дәлдік тән. Дәлдік үшін өмір шындығына сай образдарды алу – басты шарт. Сондықтан Абай қолданған образдардың басым бір тобы – қазақ халқының көп ғасырлық күн көріс тіршілігінің негізі – малға байланысты болып келетіндігін көреміз. Еңбексіз күнкөрісті жөн көретін замандастарының жағымсыз портретін беруде: «Үш күн қолың босаса, Бола қалдың бас асау» немесе: «Ұрлық пенен қулыққа Байлағанда кестің бау» деп келтірген образдары – жылқыға қатысты. Болыстың: «Күштілерім сөзайтса, Бас изеймін шыбындап» деуі, «алқыны күшті асау-лардың ноқтаға басы керілуі» –осылардың баршасы мал өсіру тіршілігінен алынған. Абай өлеңдерінде күлкіні мәліш саудаға, алыс-берісті асық ұтысқа, бозбаланы оңғақ бұлғажапырағынан айрылған ағаш-қурайды қайыршы кемпір-шалға баласа, мұндағы мәліш сауда, асық ұтыс, оңғақ бұл, қайыршы кемпір-шал – барлығы да өз тұсындағы қазақ тіршілігіне өте таныс нәрселер.
ІV
Қазақ поэзиясы тілінің даму барысында Абай енгізген өзгеріс-жаңалықтардың ең бастысы фразеология са­ласында болды. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда қалыптасып, поэтизмге айналған фразеологиялық тіркестер қазақ ақын-жырауларының бірден-бір мықты құралы болып келді. Бұл амалды Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлынтайдай айқасу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр беру, басқа шауып төске өрлеу, қарағайды талға жалғау тәрізді өте образды тұрақты тіркестерді Абай да еркін пайдаланады.
V
Өлеңге қатыстырылатын жеке сөздерді талдауда Абай ұсынған және бір амал – сөздік пен шығарма стилінің сәйкестендірілуі. Ирония, сарказм мәнерінде жазылған өлеңдерінде мыс-қылдау, келекелеу бояуы күшті етістіктердің шоғырланып келтірілуі, құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау сияқты «карти­налы» сөздердің де қолданылуы – тағы да Абайдың шығарма стилі мен тілінің үйлесімін сақтағанын танытады. Өз тұсындағы болыс, пысықтардың жағымсыз портретін бер­генде ұйқасқа далпылдап, жалпылдап, барқылдап... деген сияқты түбірі еліктеуіш болып келетін образды сөздерді ала­ды.

Абай қазақ өлеңінің құрылысына да бұрын-соңды болып көрмеген жаңалықтар енгізіп, бұл ретте де қазақ поэзиясын жоғары сатыдағы жазба әдебиет қатарына қосты. Абай, ең алдымен, өлеңнің ұйқас түрлерін көбейтіп, құбылтты. Оның ішінде абаб суретті шалыс ұйқас пен 6, 7, 8, 14 тармақты жаңа шумақтардың ұйқас фигурасы – қазақ по­эзиясында бұрын болмаған мүлде тың дүниелер. Соңдай-ақ Абай өлеңнің жаңа өлшемдерін енгізді, әсіресе аралас буынды тармақтардың өлшемі қазақ поэзиясында соны түр болды.
Өлеңді шумақтау саласында да Абай көп жаңалық қосты. Абай өлеңдері арқылы қазақ поэзиясында бірнеше түрлі шумақтар пайда болды. Бұрынғы 11 буынды 4 тармақты шумақпен қатар, 8 тармақты («Сегізаяқ»), 6 тармақты («Ғашықтық іздеп тантыма», «Кешегі Оспан»), 14 тармақты («Сен мені не етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш», «Қатыны мен Масақбай») шумақтық (строфикалық) құрылымдарды ұсынды. Қорыта келгенде, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық жағынан өзгеріс-жаңалықтар қосты деуге болады, осы арқылы ол қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді.
М. Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды, бірі — «қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі», екіншісі — «қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы»11— дейді. Сонымен, М. Әуезов Абайдың тілі туралы барлық айтқан ой-пікірін: «Абай — әдеби тілді бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз» — деп түйеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет