Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Лирика және оның түрлеріне тоқталыңыз



бет134/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

36.Лирика және оның түрлеріне тоқталыңыз
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі.Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойы көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика
• Махаббат Лирикасы
• Көңіл күй Лирикасы
• Табиғат Лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлеріне арнау (кейде арнайы шарықтау, кейде көлемді лиро-эпикалық шығармаға беташар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрінде жазылған өлең), ой( әр тақырыпта туға әр алуан философиялық толғау), канцонетта (баяғының серілік сезімдерін мадақтайтын көне әуен), романс (жалт еткен бір жақсы сезімді, көбінесе сүюді жырлау), пастораль (мадригал тәрізді малшы сазының бір түрі), эклога (бір мұң, бір сыр аралас назды сарын), эпиталама (жаңа қосылғани жас жұбайлардың жарастығын құттықтайтын көне өлеңдердің бір түрі), эпитафия (дүниеден кеткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау), эпиграмма (жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең) т.б. жатады.
Лириканың ерекше бір түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар.
Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырлайды. Идиллия (грекше eidyllion – суреттеу, сурет) – әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр. Идиллиялық өлеңнің тақырыбы – мал баққан, шөп шапқан, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық-сайраны.
XIV ғасырдағы франсуз әдебиетінде идиллия мадригалға (франсузша madrigal – малшы сазы) ауысты. Бұл да басында жым-жырт, ың-жыңсыз рақат тіршілікті мадақтарйтын өлең болатын, кейін әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті; енді бірде азын-шоғын сықақ, күлкі араласатын болды.
Ода (грекше – ode – ән, жыр.) XVIII ғасырда дворян әдебиетіндегі лирикалық шығарманың бір түрі. Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы ақынның өте қуанышты, өтеи көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдері ода деп аталады.(мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.) . Россияда ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды. Одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар.
Лириканың әдемі түрінің бірі – сонет (итальянша sonetto; sonare – сылдырау, сыңғырау) арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең; XIII ғасырда Сицилияда туған; Данте, Петрарка көп жазған; Кейін Батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир жасаған.
Сонеттің арнаулы өлшемі бар: көлемі – он төрт жол, алғашқы сегіз жолы – бірінші бөлім – катрен де, ақырғы алты жолы – екінші бөлім – терцет. Алайда мазмұн жағынан бұл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын. Арнаулы өлшеммен жазылатын лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ.Шаңғытбаев,Қ.Аманжолов қолданған. Ал тоқсаныншы жылдарда қазақ поэзиясындағы сонетті Х. Ерғалиев одан әрі дамытып, өндіре жазды.
Элегия да лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында қазақ лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.
Сатиралық лирика (грекше – satura – қосынды.).
Сатиралық эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалық шығармалар да болады. Сатира дворян әдебиетінде де болған.
Бірақ сатиралық лириканың төтенше дәуірлеген кезі тап күресінің күшейіп, нағыз шиеленіскен дәуірде болды.XIX ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған адам Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып, мысқылдап жазған «Дүтбайға», «Болыс болдым мінекей» деген өлеңдері сатиралық лирикаға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет