Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыштағы» сөз өнері туралы айтқан пайымдауларына тоқталыңыз



бет131/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

33. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыштағы» сөз өнері туралы айтқан пайымдауларына тоқталыңыз


Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1)ақылға, 2)қиялға, 3)көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау.
Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.
Өлеңге әркімнің де бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? —
деп Абай айтқандай, сөз шығаратындар көп, бірақ келістіретіндер аз болады. Сөз өнеріне жұмсалатын зат — сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады.
Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл.
Ақын тілі — айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл — ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады.
Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өзгеше өң берілмегендігінен, лебізсіз де жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң иә көсе лебіз болып айтылады.
Сөз өнері деп, асылында, – нені айтамыз?
Шығарма дегеніміз — осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады.
Шығарманың екі жағы бар:
1) тысқы тіл жағы,
2) ішкі пікір жағы.
Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді:
1) шығарманың тілінің ғылымы,
2) шығарманың түрінің ғылымы.
Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады, түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді.
Әр саласы айрылып, бөлек-бөлек сөз болмақшы.
Ақын сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып көбінесе шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын, бәрі шығарма болады. Шығарманың түрлері толып жатыр. Оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда арабша әдёбиет, қазақша асыл сөз дейміз.
Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрселері:
1) тақырыбы,
2) жоспары,
3) мазмұны,
4) түрі.
Тақырып. Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығарманың тақырыбы жаз болады. Той туралы болса, шығарманын тақырыбы той болады; ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін кұн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан қойылады. «Айман — Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» деген сөздер шығарма тақырыптары болады. Және бұл сөздер Айман, Шолпан, бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған «Айман — Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сөздерді көріп, кім туралы айтылатын әңгіме екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сездің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмайды; өйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы пікір айтылып кетеді. Тақырыбы бар сөздер «Айман — Шолпан», «Бақытсыз Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп, оларды атағанда, алдыңғы сөздерін айтьш атаймыз: «Өзгеге, көңілім, тоярсың» деген сөзі, «Келдік талай жерге енді» деген өлеңі дейміз.
Жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады; онысы неден бастап, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам ойында белгілеп алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма сөзде де болса, жоспар болады; бірақ біреуінің жоспары тәртібі сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа, ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне сәйкес жоспары болады. «Балғожаның баласына жазған хаты» деген кішкенеөлеңбар,кішкенеөлеңнің кішкенежоспары мынау:
1) Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіруі
2) Баласына айтқан ақылы
3) Оқыған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі
Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұнын, жоспары да үлкенірек, мынадай:
1) Құрбысының кім екені
2) Құрбысына қонуға келгені
3) Құрбысының қондырмағаны
4) Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы
5) Көңілдестігін көрсетуі
Мазмұн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз — бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сөзіміз мазмұн болып шығады.
Мазмұнның үш мүшесі болады:
1) аңдату,
2) мазмұндау,
3) қорыту.
Мазмұнның аңдатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылып шығады. Сондықтан мазмұнның бұл мұшесі шығарған сөздің бәрінде де бола бермейді. Аңдату мүше шығармаларда керегіне қарай болады.
Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді. Бұ да керегіне қарай болатын мүше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет