30 Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің маңыздылығы туралы айтыңыз
Платонның әдемілік жайлы идеалистік көзқарастарын қатал сынға алып, өзінің тың және терең эстетикалық толғамдарын қалыптастырған ұлы ойшыл Аристотель (б. э. б. 384—322 ж. ж.) еңбегінің бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнер тарихында теңдесі жоқ.
Аристотельдің “Поэтикасы” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар “Поэтика” өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т. б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұн,-ғыш рет дүрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердін, қоғамдық маңызын анықтап, ашуында деп білу керек.
Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттіқ келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта түрған проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ “Поэтика” грек әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды.
БІр нәрсені білу артық емес: поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” — өнер туралы ойлар.
Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ен, түйінді тұсы: өнердің мақсаты — ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы — адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Оның “Поэтикасын” Лессингтің “Евклид элементгеріндей мінсіз шығарма” деп таңдануы да,’ Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы “2 мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына” тамсануы да әлгі-бір қағидалы жайларға байланысты еді.
31 Әл-Фарабидің «Поэзия өнері туралы» трактаттарындағы поэзия туралы байыптауларын пайымдаңыз
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби көп жағдайда әрбір ғылым саласында өзіне дейінгі ғұламалардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, оларды таныстыру, еске салу, ондағы ой-тұжырымдарды тың идеялармен байытып, жетілдіруді жүзеге асырады. Біз қарастырып отырған трактатта да осы үрдіс бар. «Ой толғауды дәлелдеу және данагөй Аристотель «Поэзия өнерінде» бекіткен ойды, білуге (ниет білдіргендерді) онымен таныстыру үшін еске салу осы зерттеудегі біздің мақсатымыз болып табылады». Демек, бұл трактат – грек ойшылы, «Әлемнің бірінші ұстазы» Аристотельдің «Поэзия өнері» еңбегінде қарастырылған ойларды тәпсірлей отырып, өзіндік ой-тұжырымдарын үстеуге құрылған.
Әл-Фараби поэзиялық туынды жасаудағы басты материал тіл мен оның алуан түрлі құрылымы екендігін айта отырып, сөз және оның құрамына назар аудару жөн деген ойды нақтылайды. Ақынға поэтикалық пікір керек дейді. Поэтикалық пікір дегеніміз – бұл өлең құраудың кілті. Поэтикалық пікірлердегі ұғымдардың абсолютті шындыққа немесе қиялға қатысын сипаттай отырып, Әл-Фараби оларды қалай жіктеу мәселесіне көңіл бөле отырып, поэтикалық пікірлер көлемі немесе фабулалар негізінде жіктелуі мүмкіндігін атап көрсетеді.
Поэзия өнері жөніндегі трактатында Әл-Фараби араб пен парсы поэзиясында сатира, пэан, жарыстырма өлең, аллегориялық, комедиялық, сипаттамалық және т.б. поэзия түрлерін бар екендігін, әрі олардың біршама зерттеліп жүйеге түскендігін айтып өтеді.
Әл-Фараби грек поэзиясындағы трагедия, дифирамба, комедия, ямб, драма, айной, диаграмма, сатира, поэма, эпос, риторика, амфигенезис және акустика қатарлы поэтикалық жанрларды атап көрсете отырып, олардың әрқайсысына сипаттама береді. Мысалы: «Трагедия – ол өзінің арнайы көлемі бар поэтикалық жанр».
Аристотель мен Темистиядан бері қарай айтылып, зерттеліп келе жатқан ұғымдар екенін айта келе осы жанрлар бойынша поэзиялық туындылар жазушы ақындарды да үш санатқа бөлу керектігіне тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |