52.Қазақ тілі сабағында оқушыларды дамыту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді талдаңыз
Қазақ тілін оқыту, қазақ тілі сабағында оқушыларды дамыту бірден ғылым болып қалыптасып кеткен жоқ. Ана тілін оқыту және оның әдістері ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында, басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілінің оқыту жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз А.Байтұрсынұлы болды. 1905 жылы 26 шілдеде А.Б бастаған бір топ қазақ зиялылары Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателіне петиция жазды. Онда қойылған басты талаптар:
Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын;
Ауыл балалары мектепте сауатын қазақ тілінде ашсын;
Оқу ана тілінде жүргізілсін.
Осы талаптарды жүзеге асыруда А.Байтұрсынов 1912 жылы «Қазақша оқу құралы», 1914-16 жылы фонетикаға, морфология, синтаксиске арналған «Тіл құралы», 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін жазып шығарды. Қазақ тілін оқытып, онда оқушыларды дамытуда тілді дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін қалады. Бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды.
А.Байтұрсынұлы бастап берген ізбен Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша «Әліппе», «Оқулық» еңбектерін жазып шығарса, А.Сәдуақасов «Қазақ тілінен әдістемелік құрал», С.Жиенбаев «Қазақ тілінің оқыту әдістемесі» еңбектерін жазды. Одан соң, Р.Әміров, Ғ.Бегалиев, Қ.Бозжанова қазақ тілін оқытудағы әдіс-тәсілдерді саралап, ғылыми еңбектері жарық көрді.
Қазақ тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Қазақ тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді. Қазақ тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Осыған байланысты Қаржаспаев «Қазақ тілін оқыту» еңбегінде ең басты шарттарды көрсетеді: қазақ тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |