Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сөйлем семантикасы: құрылымдық және коммуникативтік аспектілеріне тоқталыңыз



бет7/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

53. Сөйлем семантикасы: құрылымдық және коммуникативтік аспектілеріне тоқталыңыз
Сөйлем – синтаксистік құрылыстың негізгі тірегі, басты санаты. Тілдің басты қызметі коммуникативтік қызмет болса, ол – сөйлем арқылы іске асады. Бұл қызмет сөйлемнен басталады, сөйлемге дейінгілер (дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі) мұны атқара алмайды. Олар – сөйлемді құрастыруға қатысатын құралдар. Сөйлемнің тілдік элементтерден, солардың ішінде сөз тіркесінен, ең негізгі айырмашылығы коммуникативтік негізгі тұлға болатындығында. Сондықтан да сөйлемді синтаксистің басты нысаны, негізгі санаты дейміз. Сөйлем грамматикалық үш тағанды болады: олар – предикативтілік, модальділік, интонация. Бұлар геометриядағы үшбұрыштың қатаңдығы сияқты бірлікте тұрса ғана, тізілген сөздер сөйлем болып шығады. Сөйлемнің мұндай құрылымдық-мазмұндық белгілері туралы бұған дейінгі түрлі еңбектерде мол жəне дұрыс та орынды қамтылған. Сондықтан сөйлем туралы өзгешелеу түсінік береміз.
Қ.Жұбанұлы: «... аяқталған ойды білдіретін бір иə бірнеше сөзді сөйлем дейміз», – деп үйретті.
С.Аманжолов тілдік мысалға сүйене отырып: «... тиянақты ойды білдіру дегеннің өзі шекті нəрсе екен... Ақынның я жазушының бүтін романы, поэмасы, баяндамашының жасаған баяндамасы түгелімен бір ойға, күрделі бір пікірге байлаулы да болады. Сол роман я поэма біткенде ғана, ақын я жазушының ойлаған ойы, айтайын деген сөзі бітеді. Міне, бұдан ойдың өрісі, ішкі көлемі кең екендігі анық көрінсе керек. Сөйтіп, сөйлем дегеніміз кейде ұзын ойдың бір бөлшегін, кейде қысқа ойдың бүтінін қармайтын сөздер тобы», – деген пікірге келеді.
Көрнекті тілтанушы М.Балақаев «... сөйлем сол жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды (суждение), хабарлауды, сұрауды модальділікті білдіреді. Əдетте, бұлар жеке сөйлеммен тиянақталып, ойымыз жеке сөйлеммен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталмаған ойды білдіруі оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарай айқындалады... Контекстен бөліп алынған сөйлемдер əр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама (относительно) ғана аяқталған ойды білдіреді», – деп мойындады.
Профессор Т.Р.Қордабаев: «Сөйлем – ойды жарыққа шығарушы материалдық көрсеткіш. Бірақ сөйлем арқылы берілетін ойды аяқталған, тиянақталған ой деу онша дұрыс болмайды. Өйткені ойды аяқтау үшін бір емес, толып жатқан сөйлемдер айту керектігі тəжірибеден белгілі. Сөйлем аяқталған ойды емес, жеке ойды білдіреді. Ондай жеке ойлар логикалық жағынан аяқталмауы мүмкін. Сөйлем – жеке ойды оған тетелес басқа ойдан бөліп көрсететін коммуникативтік дербес тұлға», – деп жазды.
Қазақ синтаксисінің белгілі маманы Р.Əмір «Қазақ тілінде сөйлемдердің ішіндегі ең көп жұмсалатыны екі мүшелі болып, бастауыш, баяндауыштан құралады. Бұл кездейсоқ емес. Тіл мен ой тығыз байланысты. Сөйлем пікірді хабарлаудың амалы болғандықтан құрылысы жағынан да оған ұқсамай, оны қайталамай тұра алмайды... Тілімізде атаулы сөйлем деп аталатын бір мүшелі сөйлемдер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет