Мотивация, оқушыларды дамыту факторлары мыналар:
- Оқу мазмұнының әртүрлілігі;
- Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;
- Оқытушы тұлғасы;
Қазақ тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1. Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
2. Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктеріменбайланысты болуы керек.
3. Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4. Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
5.Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
6. Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет.
Қазақ тілін оқыту әдістері мыналар: Логикалық ойлау; Проблемалық
оқыту әдісі;Анализдеу;Миға шабуыл;Пікір алматыру; Интерактивті әдістер; Коммуникативтік, көру,есту, кинестикалық, Витагендік әдіс, Ойға шолу, Аудиолингвистикалық әдіс; Келесі әдіс;Түсіндіру; Көрнекілік әдісі; Практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология әдісі.
Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің, сөйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт көлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары бейімделе бастайды.
Қазақ тілін меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса маңызды болып келеді. Қазақ тілі сабағында сөздік қорды дамыту жолдары мынадай әдіс-тәсілдерден тұрады. Олар: сөйлеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, кітап-мәтінімен жұмыс әдіс-тәсілдері. Оқушылардың сөздік қоры баю үшін оқытушы сабақ барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер, көрнекі құралдарды қолдануы керек. Енді қазақ тілін сөздік қорын дамытатын әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |