Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет77/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Орфографиялық норма. Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды.
Орфографиялық ережелер фонетикалық принципке сүйенбейді, ал морфологиялық принцип бойынша – сөздің түбірін сақтап жазуды норма деп танимыз. Сұршағыз, Болдығыз, Құрманғазы, Жанғабыл, Төрегелді, Есенгелді, Құлагер сияқты күрделі біріккен сөздер арасындағы фонетикалық өзгерістердің жазылуда да сақталуы – екі талап-талғамның (айтылуы мен жазылуы) түйіскен жері болса, Аманкелді, Ботакөз, Досжан (айтылуы – Дош- шан), Сәтбаев (айтылуы – Сәтпаев) сияқтылардың жазылуы айтылуынан алшақ жатыр.
Мұндайдың қайсысы дұрыс? дегенге жауап беруден бұрын “ол екеуінің қай орайда басы түйіседі, қай жерде екі айырылады?” дегенге жауап беру керек. Орфография ережелері бойынша күрделі сөздердің бәрі бірдей бірігіп жазылмайды (мысалы, күрделі сын есім, сан есім, етістіктер). Бірігіп жазылатындары көбінесе, зат есім, есімдік, үстеу сөздер. Күрделі сөздердің бірігіп не бөлек жазылуы, сөз жоқ, олардың орфографиялық нормаларын қалыптастыруға да, ауытқымалы етуге де әсерін тигізеді. Мысалы, темір жол(железная дорога), теміржолшы(железнодорожник), бес жылдық қор(пятилетный запас), бесжылдық жоспар(пятилетный план), ақ сүйек(белая кость), ақсүйек(игра).
Осының барлығын бірізділікке түсіру мақсатында .р.Сыздықова, Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова басшылығымен Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі бірнеше мәрте жазылған болатын.
Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, әдеби тіл нормасынан ауытқып кетеді. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.
Мысалы, сөйлемнің құрамындағы кідірістер арқылы жекелеген бөлшектердің, яғни тұтас алғанда мағыналық бөліктердің де атқаратын қызметі ерекше. Мысалы, «қонақ үй» орфоэпиялық нормаға сәйкес «қонағ үй» болып айтылады. Бірақ «Қонақ үйге кірді» деген сөйлемдегі кідірістің орнын өзгерту арқылы екі басқа мағынада түсінуге болады. Біріншісі «Қонағйгө // кірді», ал екіншісі «Қонақ // үйгөгірді» болып шығады. Алғашқы сөйлемнің бастауышы «ол» деген жасырын тұлға болса, келесі сөйлемде «қонақ» екенін аңғарамыз. Ал кідіріспен ажыратылып тұрған ырғақтың ішінде қаншама сөз болмасын олар бір әуенмен, бір деммен айтылғандықтан, олардың арасына жік салмай тіркестіріп көрсетіп айтқан дұрыс деп есептейміз. Сонда кідіріс арқылы ажыратылған ырғақтардың ішінде қаншама сөз болмасын, өзара дыбыстық құбылыстарға ұшырап орфоэпиялық жағынан тұлғаланып тұрады екен. Сонда орфоэпиялық нормалар сөз ағымындағы кідіріссіз іске аспайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет