Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет78/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Лексикалық норма. Сөздерді орнымен қолдана білсек, лексикалық норманы сақтағандық болып табылады. Лексикалық нормаға диалектизмдер, кәсіби сөздер, дөрекі сөздер мен жаргондар жатпайды.
Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.
Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді. Ал белгілі бір пәннен мектепке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды. Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.
Грамматикалық норма – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы, қосымшалардың сөзге орфографиялық заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың дұрыс жеткізілуі.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамаудан, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады. Грамматикалық норманың дұрыс қолданылмағанын тыңдаушы тез аңғарады. Әдеби тіл соларды қабылдай отырып, онда кездесетін ала-құлалықты болдырмау үшін жарыспалы түлғалардың көпшілікке ортақ, әдеби тіл заңдылықтарына үйлесімді дегендерін ғана талғап алады. Мысалы, баратын– баратұғын, келейік – келелік, келелі, жұмысшы – жұмыскер, социалистік – социалды дегендердің соңғы варианттары тілде кездескенмен, олар әдеби норма деп танылмайды.
М.Балақаев. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары
С.Аманжолов Әдеби тілдің нормалары және стильдік жүйелері
Жансейітова Қазақ әдеби тілінің айтылым нормасы

91. Үстеу түрлері, морфологиялық сипаты мен синтаксистік қызметін түсіндіріңіз
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындык, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді.
И.В.Мещанинов үстеулер алғашында бөлек сөз табы болмаған, олардың қызметін түрлі септеулер атқарған, кейіннен осы септеулер үстеу болып орнығып қалған деген көзқарасын білдіреді.
Қазақ тіл білімінде үстеуге берген анықтамалар А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» еңбегіндегі үстеуге берілген анықтамадан басталады. «Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру үшін айтылатын сөздер. Мәселен тым жақсы, он есе, тап өзі»..Ғалымның пікірінше түпкі үстеулер өте аз. Түпкі үстеу сөздерге мыналарды жатқызады: әбден, тым, тіпті, қас, сірә, есе, нақ, нағыз, әрең, дәл,әні,міне,таман,сайын. Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін (некен-саяқтап кана түрленетін), лексика-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.
Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі – үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казем-бек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.
Ал қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер».
Үстеу сөздерді морфологиялык құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі үстеулер 2) туынды үстеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет