Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар



бет76/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет
ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: ашшы асшы колхошшы колхозшы
б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы тұз сал тұс сал, жазса жасса, бозжігіт божжігіт
ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа
Тіл мәдениетінде бұл ықпалдар сақталуы тиіс. Яғни, орфоэпиялық нормаға сай айтылып, орфографиялық нормаға сай жазылса, тіл мәдениетіне оң әсерін береді. Қазақ тілінің үйлесімділігі, әуездлігі сақталады.
90 Әдеби тілдің нормалары туралы ұғым-түсінігіңізді баяндаңыз
Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең. Тілдік норма - тіл мәдениетінің қарастырылатын мәселесі. Тіл мәдениеті дегеніміз (тілді мәдениетті пайдалану)– қарым-қатынас ситуацияларында коммуникативтік қарым-қатынас жетістіктерін қамтамасыз ету үшін тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, тәртіпті әрі жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды. Олар:
тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбыстану нормасы);
этика –сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.
Әдеби нормалар
Лексикалық норма
Грамматикалық норма
Орфоэпиялық норма
Орфографиялық норма
Осы норма сақталғанда, сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына, тіл көркемдігіне мән берген адамның ойы сындарлы, сөзі жатық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет