1. Оқытушы туралы мәлімет Аты-жөні: Умирбекова Айзат Кампитовна Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымының магистрі Қызметі: аға оқытушы Кафедра: педагогика, психология және филология ЖОО еңбек өтілі: ____ жыл Кафедраның толық мекен-жайы:
Ғимарат: 5, қабат: 2, кабинет: 205
2. Пән туралы мәлімет:
Семестр
Несие саны
Сабақ түрі
СӨЖ
саны
Барлық сағат саны
Бақылау формасы
Аудиториялық сағат саны
СОӨЖ саны
Бар-лық сағат саны
Дәрістер
Тәжірибелік сабақтар
Зертханалық сабақтар
ІІІ
5
30
15
15
60
75
135
емтихан
Пәнді оқытудың мақсаты–орта білім беру жүйесіндегі педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: 1. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен өзгешелігі және кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
2. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетпен қазіргі заман мұғалімі бейнесін жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
3. Үздіксіз кәсіби білім алуға ұстанымын қалыптастыру.
4. Болашақ мұғалімдерде дүниетанымдық ұстанымын дамыту және теориялық білімдерін практикалық біліктіліктерге алмастыру қабілеттері ретінде түйінді құзіреттіліктер жиынтығын (зерттеушілік, дидактикалық, тәрбиелік, коммуникативтілік, ақпараттық) қалыптастыру.
5. Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
6. Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілі, педагогикалық ойлау, коммуникативтілік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық) дамыту.
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек құзіреттіліген қойылатын талаптарына сәйкес, студент –ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы; - әлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде; - 12 жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігн туралы және т.б. түсінуге; - қазіргі қоғамдағы педагогтің әлеуметтік мәні мен рөлі туралы; - Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы; - мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге; - Білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б. біліктіліктерін игеруге; - педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдану сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу, кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобилді болу дағдыларын меңгеруге; кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тәсілдеріне құзыретті болуға міндетті.