Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет19/26
Дата15.09.2017
өлшемі10,1 Mb.
#33269
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

Да жалғаулығының қайталап айтылуы арқылы жасалатын салалас сөйлемнің жоғарыда айтылған салалас сөйлемнен компоненттерінің бір-бірімен мезгілдік қатынасы жағынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда да бір уақыттың ішінде болған я болып жатңан мез-гілдес іс-әрекет, жай-күйлер, көріністер баяндалады. Бірақ соған қоса бұларда іс-әрекет үдей, өсе, күшейе түскен мәнде беріледі. Мыс.:

Ресейдің жұмысшы табы мен қалың шаруасы енді қайтып құлдқық қамытын кимейді де, оны зорлап ешкім кигізе алмайды да (Есен-жанов). Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай алған да жоқ (Мүсірепов). Кеп-кең ордан аттың қалай ырғып кеткенін Әбдірахман көз тоқтатып қарап байқаған да жоқ, байқауға шамасы да келмеді (Есенжанов).

Қайталанып қолданылған да жалғаулығы екі компонентті құр-маластыру қызметін атқарумен бірге, тіркесіп айтылған сөзінің мәнін арттыру, оған ой екпінін түсіре, күшейте, өзгеден ерекше бөле айту үшін де қолданылады. Мыс.:



Дәл шындықтан шет жатқан елдің әңгімеге құмарлығы да көп, шала ұғарлығы да көп. Күн бата шұбартып мал шеті де көрінді, бо- ран да үдеңкіреп кетті.Көмір де осы, отын да осы (Мүсірепов).
Және жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем
Құрмалас сөйлем жасауда да жалғаулығымен бір типтес болып келетін жалғаулық ж ә н е жалғаулығы. Бұл жалғаулық өзі құр-маластыратын жай сөйлемдері арасында ғана қолданылады да, олар-дың ешқайсысының да құрамына енбей, жеке-дара тұрады. Бұл жа-ғынан алғанда, ж ә н е жалғаулығын нағыз салаластырушы жал-ғаулық деуге болады.

172
Ж ә н е жалғаулығы д а жалғаулығы сияқты жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде жиі қолданылмайды, өте сирек, әлдеқалай ғана ұшырайды. Ж ә н е жалғаулығы арқылы құрмаласатын ком-поненттер іс-әрекет, жай-күйді өсіңкі, үдетпелі, үстемелі мәнде білдіреді. Мыс.:



Отырып әңгімелескендей үлкен жүмысым жоқ ж ә н е ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт та тар (Есенжанов). Сіздің қолыңыз босай қоймас ж ә н е босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер (Әбішев). Қашқын ұзап кетті ж ә н е кертөбелге жетер мұнда ат та жоқ (Мұстафин). Жыраның бұл тұсы адам еңкеймей жүрсе де бойын жасырарлық теп-терең еді ж ә н е түбі де нақ жиегіне дейін бұйдайығы мен кей жерде қарабарағы аралас өскен қалың жынысты (Есенжанов).

Мысалдың бірінші құрмалас сөйлемінің алдыңғы компонентінде отырып әңгімелесерліктей үлкен жұмыстың жоқтығы айтылса, екін-ші компонентте оның үстіне, яғни үлкен жұмыс жоқтығының үстіне, уақыттың да тар екендігі айтылған. Осы тәріздес біріншідегі әрекет үстіне қосымша, үстеме болған әрекеттер кейінгі сөйлемдерде де баяндалған. Бұл жағынан алғанда ж ә н е жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлем мен да жалғаулығы, әсіресе оның қайталап келуі арқылы жасалатын салалас сөйлем бір. Екеуінен де өсіңкілік, үстемелілік мән, «оңың үстіне, ол аз болса, оған қоса» дегендер тәріздес мағыналар байқалып тұрады. Дегенмен бүл екі жалғаулық арқылы жасалатын салалас сөйлем, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан әрдайым бірдей болып та отырмайды. Бұлардың арасындағы негізгі өзгешелік да жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемдерде компоненттердің бір-бірімен мезгілдік қатынастары айқынырақ сезілетін болса, ж ә н е жалғаулығы арқылы құрмаласатын түрінде ол өте көмескі болады. Мұндағы компоненттердің мағыналық қатынасында, жоғарыда айтылғандай, өсіңкілік, үстемелілік, үдетпелілік мағына басым болып тұрады.


Әрі жалғаулығы аркылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем
Құрмаластыратын жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қа-тынасы жағынан жоғарыда талданған сөйлем түрлерімен бір тектес болып келетін салалас сөйлем — ә р і жалғаулығы арқылы жасала-тын құрмалас сөйлем. Бұл жалғаулық жай сөйлемдерді құрмаласты-ру қызметінде ж ә н е жалғаулығынан гөрі де сирек қолданылады. Мұның қолданылуы да жалғаулығы сияқты: бірде қайталанбай, екі компонент арасында ғана келсе, бірде қайталанып, әр компонент ішінде қолданылады. Бұл жалғаулық арқылы жасалатын салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары ж ә -н е жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемге өте ұқсас. Оны мына мысалдан байқауға болады:

Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс қамтуға мүмкіндік береді, ә р і ол жұмысқа көпшіліктің ынтасын аударады. Қи өзге отыннан әрі қызу, ә р і оның шоғы ұзақ уақыт сөнбейді. Менде ә р і документ жоқ, ә р і бармақшы болған үйлердің адресі жоқ (Мұқанов).

Мысалдардағы бұл сөйлемдер ж ә н е жалғаулығы арқылы жа-салатын салалас сөйлемдерге өте жақын. Мұндағы кейбір сөйлемдердегі ә р і жалғаулығының орнына ж ә н е жалғаулығын қойып айтса да болғандай. Бұлардағы екінші компоненттегі іс-әрекет бірінші компоненттегі әрекеттерге үстеме, өсіңкі мән беріп, оны күшейте түсіп тұр.

173
Қи өзге отындардан қызу және оның үстіне, сол қасиетіне қосымша оның шоғы ұзақ уақытқа дейін сөнбейді. Менде документ болмаудың үстіне бармақшы үйдің адресі тағы жоқ. Бұлардағы әрекет бірінің үстіне бірі үстемеленіп, қос қабаттасып жатады.

Сонымен, талданып өткен үш түрлі (д а, ж ә н е, ә р і) жал-ғаулық арқылы жасалатын салалас құрмалас сөйлемдер компо-ненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан өз ара жақын бір тектес болып келеді. Бұлар арқылы құрмаласқан жай сөйлемдер әрқайсының азды-көпті өзіндік ерекшеліктері болумен қатар, негізінде, мезгілдес болған іс-әрекет жай-күйлерді, бір мезгіл ішіндегі оқиғаларды баяндайды. Сондықтан салалас сөйлемнің бұл түрлері м е з г і л д е с салалас деген шартты бір ғана атаумен аталады.


Себептес салалас сөйлем
Өйткекі, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер

Ө й т к е н і, с е б е б і деген жалғаулықтар арқылы құрмаласа- тын жай сөйлемдердің соңғысы іс-әрекеттің себебін білдіреді де, ал- дыңғысы сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіреді. Мысалы: Оның бұл толқығанын Әмір байқаған жоқ , ө й т к е н і ол аң-таң болып барлық назарын Әбдірахманның түрінің жан танымастай өзгеріп кеткеніне аударды. Деревняға кештетіп кірген отрядтың Белов бастаған ат, азық жинаушы топ екеніне ол шек келтірген жоқ, ө й т к е н і сол маңда бұлардан басқа қарулы солдаттар болмайтын (Есенжанов). Сәдірбайға мен жақтым, ө й т к е н і құранды бір сындырғы әдемі оқитын даусым бар. Бүл кезде Шәйім ағай киім тігумен ғана шұғылданды, ө й т к е н і ол ел ішінде құдайдан безген атанды (Мұқанов). Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын, не үшін оның дір ете қалғанын Тайман сезген жоқ, ө й т- к е н і ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Әбішев).

Мысалдағы салалас сөйлемдердің барлығында да әуелі, болған, істелген іс-әрекет, жай-күй айтылады да, соңынан оның солай болу себебі, ненің нәтижесінде, неліктен солай болғандыгы баяндалады:

Оның бұл толқуын Әмір неліктен, не себептен байқаған жоқ? Оның байқамауының себеб і- барлық назарын Әбдірахманға аудар- ғандығынан. Деревняға кештетіп кірген отрядтың Белов бастаған топ екеніне ол неліктен, не себептен шек келтірмеді? Оның бұлай ойлауының себебі бұл маңда Белв е бастаған топтан басқа қарулы солдаттардың жоқтығы. Мысалдың кейінгі сөйлемдерінің мағыналары да осылар сияқты.

Сөйтіп, ө й т к е н і, с е б е б і жалғаулықтары болған, болатын я болып жатқан іс-әрекет, жай-күйдің солай болу себебін білдіретін жай сөйлем алдында келеді де, соның құрамына енеді. Сондықтан бұл жалғаулықтар с е б е п жалғаулығы деп аталады. Кейде себеп жалғаулығы мағынасында олай б о л а т ы н с е б е б і, о л а й д е й-т і н себебі, неге десең, олай дейтінім (дейтінің, дейтіні) дегендер тәріздес тіркестер де, болмаса алдыңғы компонент баяндауышының есімше формалы түрде қайталанып айтылған түріне с е б е б і жалғаулығының тіркесіп айтылған түрі де қолданылады. Мыс.:



Олар қанша асыққанмен де бүгін жүре алмайды, жүре а л м а й -т ы н с е б е б і жолды қар басып қалыпты. Мен қорықпаймын, қ о р ы қ п а й т ы н ы м әжем кеше сұрап алған (Майлин). т. б.

174
Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлем


Жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы жағынан бұл екі жалғаулық осының алдында ғана сөз болған себеп жалғаулығымен бір топқа жатқызылады. Дегенмен бұлардың себеп жалғаулықтары-нан өзгеше, өзіндік мағыналық ерекшеліктері де жоқ емес.

Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары да екі жай сөйлем арасында қолданылады да, өзінен кейінгі жай сөйлем құрамына енеді. Бұл жалғаулықтар құрамына енген компоненттер алдыңғы компоненттегі іс-әрекет арқасында туатын немесе туған нәтижені, салдарды білдіреді. Мыс.:



Менің кім екенімді қысқаша түрде Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі (Мұқанов). Үлкен еңбегі әперген беделі де үлкен еді, с о л с е б е п т і қарауындагы жұ-мысшылардың барлығы оның айтқанын заң көретін-ді. Өткен түні Шалтайды түсінде көрген еді, сондықтан сол күдік көңілінен, әсіресе, бүгін кетпей қойды (Әбішев).

Бұл мысалдағы бірінші жай сөйлемдер екінші жай сөйлемдердегі іс-әрекеттің солай болу себебін білдіреді де, екінші жай сөйлемдер сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіреді. Ол неліктен, не себептен менен қымсынбай сөйледі? Оған себеп менің кім екенімді әкесінің алдын ала айтып қоюында. Қарауындағы жұмысшылардың оның айтқанын заң көретін себебі — қартта үлкен еңбегі әперген үлкен беделдің барлығы. Көңілінен күдіктің кетпей қоюына себеп болған жагдай — Шалтайды түсінде көруі, т. б.

Сонымен, өйткені, себебі деген жалғаулықтар бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебін, неліктен олай болғандығын білдіретін жай сөйлем құрамында айтылса, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебінен туған нәтижені, салдарды білдіретін жай сөйлем құрамында айтылады. Сөйтіп, бұл екі топ жалғаулықтың бір-бірінен өзгешелігі — бұлар араласқан салалас сөйлемдегі себепті білдіретін компонент пен сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін компоненттің орналасу тәртібінде: өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас сөйлемде бірінші компонент нәтижені білдіреді де, екінші компонент сол нәтиженің себебін білдіреді, ал сондықтан, сол себепті жалғау-лықтары арқылы жасалатын салалас сөйлемде алдыңғының тура керісінше бірінші компоненті себепті, екінші компоненті с о л себептен туған нәтижені білдіреді.

Бұл жалғаулықтардың әр топтағысы бірінің орнына бірі талғаусыз қолданыла береді. Одан сөйлемнің не мағыналық жағына, не құ-рылысы жағына ешкандай нұқсан келмейді. Мыс.:



Оның қыңыр қылықпен тұрып кеткенін отырғандар тегіс түсінді, ө й т к е н і бастан-ақ сабындай бұзылып, құдашамен әңгімесінің жараспағанын, қатар өсіп келе жатқан Нұрымның жиын жерде одан әлдеқайда базарлы екенін, мүны Жартайдың көрер көзге күндеп, тіл тигізе сөйлеп отырғанын бәрі де байқаған-ды, (Есенжанов). Қарт оның не ойлап отырғанын сезген жоқ, с о л с е б е п т і бұл екеуіне ол көз де салған жоқ (Әбішев), — деген сөйлемдердегі ө й т к е н і жалғаулығының орнына с е б е б і жалғаулығын келтіріп, сол себепті жалғаулығының орнына сондықтан жалғаулығын келтіріп айтудан сөйлемге ешқандай нұсқан келмейді. Бірақ бір топқа жататын жалғаулықтың орнына екінші топтағы бір жалғаулықты қойып айтуға болмайды. Ондай ауыстырулар компоненттердің орналасу тәртібін өзгертуді керек етеді. Мыс.:

175
Аңшыдан қашқан қасқырдай салғаннан текіректей жөнелген бұл төртеуі қара жолға алыстан орағытып келіп кесіп өтпекші болды, ө й т к е н і жол бетінде Нұрыш пен Бақы бастаған сегіз аттылы да сар желіп келе жатыр еді (Есенжанов). Жол бетінде Нұрыш мен Бақы бастаған сегіз аттылы да сар желіп келе жатыр еді, сондықтан (сол себепті) аңшыдан қашқан қасқырдай салғаннан текректей жөнелген бұл төртеуі қара жолға алыстан орағытып келіп кесіп өтпекші болды — дегенде, бірінші жағдайда себепті білдіретін жай сөйлем екінші орында келсе, екінші жағдайда ол бірінші орынға шыққан. Тек компоненттердің орны өзгергені ғана болмаса, олардың мағыналық қатынасына ешқандай нұқсан келген жоқ. Екі жағдайдың екеуінде де компоненттердің бірі себепті, бірі сол себептен туған нәтижені білдіріп тұр.

Осы айтылған себептерден де ө й т к е н і, с е б е б і, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалған салалас сөйлемдер себептес салалас сөйлем деп аталады.
Қарсылықты салалас сөйлемдер
Қарсылықты салалас сөйлемге компөненттерінің мағыналары бір- біріне қайшы келетін сөйлемдер жатады. Салалас құрмалас сөйлемнің бұл түрі бірақ, дегенмен, ә й т с е д е, ә й т к е н м е н, сөйтсе де, сөйткенмен, сонда да, солай бола тұрса да, солай болғанмен жалғаулықтары және жалғаулық мәнді сөз тіркестері арқылы жасалады. Мыс.:

Онша үлкен төрелігім жоқ, әйтсе де айтып көріңіз (Май-лин). Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысының жаңғырығы ес- тілген сияқтанды, б і р а қ қай жақтан естілгенін шамалай алмаймын (Мұқанов). Мен, әрине, олардай үлкен адам емеспін, алай да менің айналамда да өзіме лайық адамдарым болу керек қой (Есенжанов). Менде ондай талант бар деп ойламаймын, дегенмен Мақан мен Қайыздың алдында «Алпамышты» өз өнерім жеткенше айтып беремін (Мұқанов). Көп уақыт өткен сияқты болды, ә й т к е н м е н - мағынасыз өткізген сағаттарға Хакім өкінген жоқ (Есенжанов).

Қарсы мағынаны білдіретін жалғаулықтардың тіліміздегі басқа жалғаулықтардан негізгі бір өзгешелігі — бұлардың басым көпшілі-гінің толық мағыналы сөздік қасиеттерінен әлі де болса айрыла қой-мағандықтарында, контекске қарай кейде негізгі мағыналы сөз, сөйлем мүшесі қызметінде де қолданылатындықтарында.

Жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында қолданылғанда қарсылық мәнді жалғаулықтардың бір-бірінен ешқандай мағыналық өзгешеліктері жоқ, бірінің орнына бірі қолданыла береді. Мыс.: Мұ-қата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ (Есенжанов). Осы сөйлемдегі б і р а қ жалғаулығы-ның орнына жоғарыда көрсетілген қарсылық жалғаулықтарының кез келгенін келтіріп айтуға болады, одан сөйлемнің мағыналық жағына да, стилдік жағына да ешқандай нұқсан келмейді. Бұл жағынан ал-ғанда қарсылық мәнді жалғаулықтар мезгілдес, я болмаса себептес мәнді жалғаулықтар сияқты емес, мағыналары біркелкі, бір тектес болып келеді.

Мағыналары бір-біріне қайшы келетін жай сөйлемдер, кейде, а л жалғаулығы арқылы да құрмаласады. Мыс.:



Ондай студенттер көп кездеседі, а л ана доктор бақытты кісіге ғана кездеседі (Есенжанов). Бұл малдарды әкемнің тез жинап алғысы келеді, ал қарызға алғандардың көпшілігінде қолма-қол қайтарып берерлік күш жоқ. (Мұқанов).

176
Салалас сөйлемнің мұндай түріндегі қарсылықты мағына екі түрлі құбылысты, затты, іс-әрекетті, көріністі салыстыра баяндауға негізделеді. Сондықтан ал жалғаулығы арқылы құрмаласатын жай сөйлемдер барлық жағдай да бірдей қайшы мәнде айтыла бермейді. Мысалы: Әрине, кескі-кейпі күн нұрымен жайнар ед, а л тұла бойын көктем шуағы жайлар еді (Әуезов) — дегенде жай сөйлемдер бір-біріне мағыналары қайшы әрекеттерді баяндап тұрған жоқ, жарыса, қатар болған екі түрлі жайды білдіріп тұр.


Талғаулы салалас сөйлем
Талғаулы салалас сөйлем, компоненттерде баяндаған әрекеттердің екшеліп, талғаньш, әйтеуір біреуінің болатындығын немесе болу жеректігін баяндайды. Талғаулы салаластың компоненттері, салалас құрмаластың басқа түрлеріндей емес, тек интонациялық жағынан ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды. Мысалы: Күн жылынып еді, көк қаулап өсе бастады, — деген салалас құрмаласта комлоненттер бір-бірімен мағыналық жағынан ұштасып жатыр. Мұнда күннің жылынуы көктің өсуіне себепші болып тұр. Ал енді, Бүгін қар жауады, немесе жаңбыр жауады. — деген талғаулы салаластың компоненттері арасында алдыңғы мысалдағыдай мағыналық қатынас жоқ.

Мағыналық жағынан мұнда бір-біріне тәуелсіз екі түрлі әрекет баяндалғанда, олар өз ара мағына іліктестігіне қарай емес, интонациялық бірлігіне қарай құрмаласқан.

Талғаулы салаластың өзіндік бір ерекшелігі — мұның құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз құрмаласа алмайды, тек жалғаулықтар арқылы ғана құрмаласады. Талғаулы салаластың жалғаулықсыз түрінің болмауының бір себебі де, жоғарыда айтыл-ғандай, компоненттерінің мағыналық жағынан бір-бірімен іліктес болмай, әрқайсыларының өз алдарына дербес әрекеттерді баяндаула-рынан. Мағыналарында іліктестік болмағаннан кейін, тек сыртқарғы бір дәнекерлер (жалғаулық) арқылы байланысып тұрады да, ол дәне-керден айрылса-ақ, бастары бірікпей, бөлек-бөлек сөйлем болып бы-тырап кетеді.

Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар— н е, н е м е с е, я, я к и, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде, мейлі, құй — деген талғаулықты жалғаулықтар. Бір топқа жатқызыльш, бір ғана атаумен атала тұрса да, бұлардың ішінде өзіндік мағыналық және колданылу ерөкшелігі бар жалғаулықтар жоқ емес. Оны мына мысалдардан байқауға болады:



Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар (Әбішев). Мейлің өзің бар, мейлің баланы жібер, әйтеуір, олармен қалай да хабарласу керек. Өзі кетіп кұтылды, ә й т п е с е өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік (Майлин). Күндіз олар

н е өзіне жем іздейді, н е өзінің басқаға жем болмауын

көздейді (Мұстафин)

Мысалдың бірінші сөйлемі компоненттерде айтылған, әрекеттер-дің қайсысының болатындығын кесіп айтпай, болжау, әйтеуір бірі болар деген мағынада баяндайды. Мұндай мағына не қар жауады, не жаңбыр жауады — дегендер тәріздес сөйлемдерде айқынырақ байқалады. Мысалдың екінші сөйлемі сөйлеуші ушін компонент-тердегі әрекеттің қайсысы болса да бәрі бір екендігін, сөйлеушінің ол әрекеттер турасында өзін бейтарап ұстайтындығын білдіреді. Мысалдың үшінші сөйлеміндегі компоненттердің бір-бірімен қатынасы алдыңғы екеуінен де өзгеше. Бұл тәріздес сөйлемдер субъектіні компонеиттердегі әрекеттердің бірін істеуге міндеттейді,

177
соны істеуді екінші бір әрекетке шартретінде алады. Не ол, не бұл: екінің бірі. Мыс.:

Сен қазір жұмысқа кіріс, ә й т п е с е мен сені бұл маңайдан қуамын (Әбішев). Сен оны өлтір, б о л м а с а өзің өлесің (А. Бек). Ал енді, бұл әншейін келешегіне қарай қойылған ат, әйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ (Мұстафин) деген сөйлемдердегі компоненттер арасында: жоғарыда айтылғандай талғаулық мән де жоқ., Мұндағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынасы талғаулылықтан гөрі қарсылықтыға жақын. Талданған мысалдар-дағы компоненттердің мағыналық қатынастарына қарағанда, жоғарыда аталған жалғаулықтар арқылы жасалатын салалас сөйлемдердің бәрін талғаулы деген бір ғана атаумен атаудың өте шартты екендігі байқалады.

Талғау мәндес жалғаулықтардың я, н е, м е й л і, қ ұ й, ә л д е деген түрлері жай сөйлем сайын, қайталап та, айтыла береді. Ондай қайталауларда бірінші жай сөйлемде бұлардың бірі келгенде, екінші жай сөйлемде талғау жалғаулығының басқа біреулері келуі де мүмкін. Мыс.: Я мен барайын, я сен бар — деуге де, я мен барайын, болмаса сен бар — деуге де болады.

Талғау мәнді жалғаулықтар жай сөйлемдерді құрмаластырудан гөрі бірыңғай мүшелер арасында көбірек қолданылады, сондықтан да талғаулықты салалас сөйлем жазу тілімізде өте сирек ұшырайды.
Кезектес салалас сөйлем
Кезектес салалас сөйлем деп, құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді ай-тамыз.

Кезектес салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен б і р д е, біресе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Мыс.:



Б і р е с е бұлбұл нақышты, көп ырғақты «Жиырма бесті» созады, б і р д е назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады. Біржан әкелген Сарыарқаның қан қазынасы к е й д е шырқап өрле-ген Әмір, Оралбай ундерімен шығады, к е й д е сызылта, жіңішкерте бұралтқан, бірақ соншалық күшті және сонша алысқа тарап естілік жатқан бойжеткен Балбала, сері сұлу Үмітей, сыпайы, сынды Керім-бала әндерімен сыр баяндайды (Әуезов). Үй иесі безектеп біресе өзі есінен адасып тұрған маған жүгіреді, б і р е с е қирап жатқап ыдыстарына жүгіреді (Әбішев) Өзен б і р е с е төмен ағып жатқандай, біресе жоғары ағып жатқандай (Мүсірепов). Бірде ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, б і р д е салқын тартып алыстап кетеді (Ақтанов).

Кезектес мәнді жалғаулықтардың бір-бірінен айтарлықтай мағына өзгешеліктері жоқ, сондықтан олар бірінің орнын екіншісі ауысты- . ра бере алады және ондай ауыстырудан сөйлем мағынасына ешқан-дай нұқсан да келмейді.


Жалғаулықсыз салалас сөйлем
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің ешқандай жалғаулықсыз немесе жалғаулық мәнді сөзсіз бір-біріне тіркесе, іргелесе айтылула-ры арқылы да жасалады. Құрмалас сөйлемнің мұндай түрі жалғау-лықсыз салалас сөйлем деп аталады.

Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерде компоненттер бірлігі, негі-

178
зінде, жай сөйлемдердің мағыналық жағынан өз ара байланыстылы-ғынан, шарттастылығынан, интонация тұтастығынан және компо-ненттер құрылысындағы кейбір ортақ сипаттардан көрінеді.

Мағыналық жағынан алғанда жалғаулықсыз салалас құрамына енген жай сөйлемдер бір-біріне жақын, өз ара іліктес, шарттас, мез-гілдес, себептес іс-әрекет, жай-күйді білдірулері де, болмаса бірінің мағынасын екіншісі ашып, саралап түсіндіріп тұруы да мүмкін. Со-ның арқасында, алдыңғы жай сөйлем айтылғанда, ойдың аяқталма-ғандығы, ой жалғасы барлығы байқалып тұрады. Мыс.:



Ол қасқа айғырға қарай ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге жармаса кетті (Есенжанов). Шоқытыңқырап келген қалпыммен көлге түсіп кетпек боп ем, аттар жалтақтап жоламады (Мұқанов). Әңгімемен көмір көбірек салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды (Мұстафин).

Бұл келтірген үш түрлі сөйлемнің үшеуінде де олардың бірінші компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, олардан кейін тағы да бірдемелердің айтылу керектігі, ой жалғасы барлығы байқалып тұр. Сонымен бірге, бұл сөйлемдердегі компонент мағыналары да өз ара бір-бірімен тығыз байланысты: бірінші сөйлемдегі Ол қасқа айғырға қарай ұмтыла беріп еді деген компонент өзінен кейінгі Бақы тізгінге жармаса кетті деген сөйлемсіз аяқталған ойды білдіре алмайды, өйткені ол бір уақыттың ішінде болған мезгілдес оқиғаның бір сыңарын ғана баяндайды, оның екінші сыңары кейінгі компонентте айтылған, ал сөйлем бүтіндігі, ой тұтастығы бір мезгілдің ішінде болған осы екі компоненттің бірігуі арқасында ғана жүзеге асады. Осы тәріздес мағыналық және интонациялық бірлік, өз ара тығыз байла-ныстылық жалғаулықсыз салалас сөйлемнің қай түрінде болса да кездеседі.

Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттері арасындағы жоға-рыда айтылған бірлікке, жақындыққа қарамастан оларды бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтардың, немесе жалғаулық мәнді сөздің жоқтығына қарап, кейбір тілдерде құрмалас сейлемнің бұл түрі салалас тобына да, сабақтас тобына да қосылмай құрмалас сөйлемнің үшінші бір түрі ретінде қаралады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет