Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет2/26
Дата15.09.2017
өлшемі10,1 Mb.
#33269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Сөздердің байланысу тәсілдері
Қазақ тілінде сөз бен сөзді байлаиыстырудың бірнеше тәсілдері бар: кейде сөздер жалғаулар арқылы байланысса, кейде жалғаусыз да байланысады. Қазақ тілінде бұлардың дәрежесі біріне-бірі тепе-тең сияқты.

Сөйлемдегі сөздердің өз ара синтаксистік байланысқа енуінің екі түрлі тәсілі бар: 1. А н а л и т и к а л ы қ тәсіл; 2. С и н т е т и к а - л ы қ тәсіл. Жалпы алғанда, салаластық байланыстағы сөздер ана-литикалық тәсілдермен, сабақтастың қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық та, синтетикалық та тәсілдерімен байланысады.

Сөйлемдеріндегі сөздер, сөз тіркестері өз ара байланысты болып тұрғанда, ол сөздерге кейде қосымшалар жалғанады, кейде ешқан-дай қосымша жалғанбай-ақ олар негізгі, туынды түбір күйінде тұра-ды: «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақалда үш сөз тіркесі бар: ердің аты, атын шығарады, еңбек шығарады. Бұлардың құрамын-дағы сөздері өз ара жалғаулар арқылы байланысқан, биік тау, темір күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы байланысқан. Бұл кітап, Жақып бригадир — интонация арқылы байланысқан, Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан.

Сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын --синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын — аналитикалық байланыс дейміз.


Аналитикалық байланыс
Аналитикалық байланыстың қазақ тілінде пайдаланылмайтын жері кемде-кем. Оны сөз тобы тарауынан да, синтаксистен де кездес-тіреміз. Синтаксистегі оның көрінісі — интонация, сөздердің орын т ә р т і б і және сөздердің ш ы л а у арқылы б а й л а н ы с ы.

13
Интонация. Тілдік материал негізінде айтылатын ойымыз түсінікті болу үшін әр сөйлемді, сөйлемдегі жеке сөздерді, сөз тіркестерін тиісті әуенмен, ырғақты үнімен, мәнерлеп айтып, сазына келтіріп сөйлейміз.

Сөйлемдегі бірқатар сөздер өз ара синтаксистік бірлігіне қарап тіркескенде олар, айтылу жағынан ритмикалық топ құрап, кейбір сөздерге ой екпіні түсіп көтеріңкі дауыспен айтылып, сөйлемдер ай-тылу мақсатына қарай түрліше әуенделеді. Қазақ тілінде ритмикалық топ сөз тіркесінің бәрінде бола бермейді, көбінесе өз ара жалғаусыз, тығыз байланыстағы, бағыныңқылық қатынастағы сөздер тіркесінде кездеседі; мысалы анықтауыштық (жас бала, темір күрек), пысықтауыштық (тез кел, қыза сөйледі), толықтауыштық қатынастардағы есімді, етістікті сөз тіркестері (баяндама жасадым, цалам алдым, билет алдым).

Сөйлемдегі бірқатар сөздер тіркесі дауыстың музыкалық кимылы арқылы өз алдына бір ырғақты үн болып топтанып, ол сол сияқты басқа топпен, не ритмикалык, топпен ұласып, тұтас сөйлем өзіне лайықты сазымен айтылады. Соған қарап әр сөйлемнің беретін мағынасына, айналасындағы басқа сөйлемдермен байланысына лайық сөйлемнің сазы, сөйлемдегі жеке сөздер тобының, жеке сөздердің ырғақты үні болады, ритмикалық әуендік екпіні болады.

Көп құрамды жайылма сөйлемдер интонация, мағына жағынан біртұтас болғанмен, олардың құрамындағы жеке сөздер мен сөз тір-кестері синтаксистік шумақ сөйлемде әрі мағыналық, әрі интонация-лық топ болып жігі ашылып тұрады. Ондай, сөйлемдегі сөздердің синтаксистік мағыналық және интонациялық тұтастығына қарай жіктелуін синтагма дейміз: «Синтагма» деген мен «сөз тіркесі» бір емес. Бір сөз тіркесі бір синтагма болуы да, болмауы да, кейде сөЗ тіркесіндегі сөздер бөлек синтагманың құрамында болуы да мүмкін. Қалайда олар айтылу жағынан сөйлемдегі басқа сөздерден окшаулат нып бөлініп тұрады. Сөйлемдегі сөздердің синтагманың, құрмалас сөйлем құрылысындағы жай сөйлемдердің интонация арқылы оқшаулану дәрежесі әр түрлі болады: бірде айқын, бірде солғын. Оны мына мысалдардан көреміз:

Қуанышты А й б а р ш а // р а й к о м д а ғ ы қ ы з м е т і н б і-тіріп болып, // Рахметті/Байжанның үйіне шақырды (Мұқанов).

Абай//Мағаш жүзіне қадала қ а р а п||ұ з а қ/т ы ң д а п отырды (Әуезов).

Осындай, сөйлеудің, сөйлемнің дауыс ырғағы арқылы жік-жікке бөлінуі олардың өз ара байланысы үшін керекті шарттың бірі болады, Интонацияның бірнеше түрі бар.



Жақыптың, Досболдың сыйлық алғанын есітіп пе едің? деген сөйлемдегі бірыңғай екі мүше дауыс ырғағы арқылы екі бөлініп және өз ара салаласа байланысқан... есітіп пе едің? деген баяндауышты бәсең, дауыспен айтсақ, тек сұрақ мағынасын білдірсе, көтеріңкі дауыспен өзгеше әуенмен айтқанда, әрі сұрақ, әрі таңдану мағына білдіреді де, оның үстіне солай айтудың одан кейінгі екінші сөйлеммен ұштасатынын, байланыстыратынын аңғаруға болады. Ал, ортадағы «сыйлық алғанын» деген сөз тіркесі ритмикалық бір екпінге бағынып, сөйлемнің бір күрделі толықтауыш мүшесі болып түр.

Сөйлемдегі көп сөздің бірін басым мағынада жұмсау үшін, сол сөздің грамматикалық қызметін дәлдеп көрсету үшін оны басқа сөз-дерден гөрі көтеріңкі дауыспен айтамыз. Оны синтаксистік («логикалық») екпін дейміз.

14
Синтаксистік екпін — сөйлемдегі сөз бен сөздің байланысын дұрыс көрсетудің де амалы. Ондай экспираторлы синтаксистік екпін, әсіресе, мақалды, мәтелді сөйлемдерде көп қолданылады.

Алмақтың салмағы. бар. Жығылсаң нардан жығыл.

Сөйлемдегі жеке сөздерінің әсіресе бастауыштардың, әуенін бұ-зып айтсақ, ол сөздердің қызметі де өзгерілуі мүмкін: А б а й ағамды әкесінен бетер кәдірлеуші еді (Әуезов) дегендегі бірінші сөзді көтеріңкі дауыспен, өзге сөздерден бөліп айтсақ, «Абай» сол сөйлемнің бастауышы, «Абай ағамды» дегенмен тұтастырып айт-сақ, — анықтауышы болады.

Бұл айтылғандар жоғарғыдай есімді сөйлемдерге ғана тән нәрсе емес, бастауыштық, баяндауыштық позициясы, мағынасы әлдеқайда анық деп қаралатын етістікті сөйлемдерге де тән. Әрине, Асқар — мұғалім деген мен Асқар үйге кірді дегеннің ритмика-мелодиялық күші бірдей емес: алдыңғыға қарағанда, соңғы бірсыдырғы бәсең дауыспен айтылады, сонда да бастауыш пен баяндауыштың мүшелік катынасы, байланысы анық. Оның солай болу себебін сөйлемдегі бастауыштың бастауыштық қызметі, баяндауыштың баяндауыштық қызметі, олардың байланысы айқын сөз болғандығынан ғана іздемеу керек, сол қызметтегі сөздердің басқа сөздерге ілесе айтылуынан да іздеу керек.

Жоғарғыдай, бастауышты көтеріңкі дауыспен айтып, сол арқылы оны баяндауышқа қарсы қойып, ол екеуін байланыстыру, әсіресе, сын есім, сан есім, есімшелерден субстантивтанып болған бастауышы сөйлемдерде өте айқын көрінеді: Жығылган\\күреске тоймас; көрмес\\түйені де көрмес (мақал). Көп//қорқытар, терең\\батырар (мақал). Төргі бөлмеден шыққан үшеу\\үзын үстелді жағалай отырысты (Сланов).

Бірсыдырғы әуенмен айтылатын, Асқар үйге кірді сияқты сөй-лемнің іргесін кеңітіп, бастауыштың алдына басқа сөздер қойылса, жоғарғыдай ойнақы дауыс ырғағы пайда болады. Сонда бастауыш -тың маңындағы сөздердің, көбінесе, анықтауыштардың, саны неғұрлым көп болса, бастауыштың дауыс ырғағы арқылы баяндауыштан оқшаулануы солғұрлым басым болады: ¥зын бойлы Асқар\\асығып үйге кірді. Түлкі тымақты\ ұзын бойлы Асқар \ \асығып үйге кірді. Ат жақты, түлкі тымақты,\\ұзын бойлы Асқар\\асығып үйге кірді. Көптен бері Ботакөзді көре алмай, оны әбден сағынып келген\\Асқар\\асығып үйге кірді.

Бұл мысалдарға қарағанда, сөйлем жайылма болып, бастауыштың да, баяндауыштың да позициясында тұрған тұрлаусыз мүшелер болса, олар да сол ритмика-мелодиялық топқа енеді. Әсіресе есімді сөйлемдерде ондай позициядағы тұрлаусыз мүшелер дауыс ырғағы арқылы тұрлаулы мүшелердің мағыналық құрамына еніп, сөйлем қақ жарылып, алдыңғы топ түгелімен мағыналық бастауыш, соңғы топ түгелімен мағыналық баяндауыш болып тұрады.

Бұл айтылғандар — бастауышы 3-жақ болған есімді сөйлемдерге тән ережелер. Сонда ондай сөйлемдердің баяндауыштары бастауыш-тармен жалғаулар арқылы байланысып айтылмайтындықтан, олар-дың байланысы тек мағыналық байланыс емес, сол мағыналык, (байланысына синтаксистік тәсіл болатын — олардың сөйлемдегі орын тәртібі мен дауыс ырғағы.

Дауыс ырғағы (интонация) сөйлемдегі сөздер белгілі орында тұру арқылы байланысқанда да, қосымшалар арқылы байланысқанда да өзінің синтаксистік тәсіл болу күшін жоймайды. Бірақ ол бірінде аз, бірінде көп орын алатын болады. Оны бұдан былайғы талдаулардан да байқаймыз.

15
Сөздердің орын тәртібі
Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тәсілдің бірі — сөз-дердің орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі қазақ тілінде кейде еркін, кейде орнықты болады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі орнықты, жартылай орнықты не еркін болу себебі сөйлем сының ерекшелігімен байланысты. Сөйлем құрауға қатысатын сөз тіркестерінің біразы, көбінесе, септік, жіктік тәуелдік жалғаулар ар-қылы байланысатындықтан, олардың кұрамындағы сөздердің орын тәртібі пәлендей қатал заңға бағынып, сіресіп қалмайды, жалпы ал-ғанда, еркін болады. Ал, жалғаусыз байланысатың сөз тіркестерінде, ол жоқ. Олардың құрамындағы сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, негізінде, орнықты болады.

Сөздер белгілі тәртіппен орналасу арқылы олардың, біріншіден, синтаксистік байланысы белгіленеді, екіншіден, сөздердің синтаксистік қатынасы, яғни, мүшелік қызметі айқындалады. Қазақ тіліндегі есімді сөз тіркестерінің недәуір бөлегі ешқандай қосымшасыз, бірімен бірі қатар тұрып байланысқан сөздер тобынан құралады. Олардың негізгі түрлері мыналар:

Зат есім мен есімнен құралған сөз тіркестері (темір пеш, күміс қоңырау), сын есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (биік тау, тынық су, ақылды бала), сан есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (екі кісі, бес саусақ, жиырма сиыр, бесінші бригада), есімдік пен зат есімнен құралған сөз тіркестері (мына қала, сол кісі, қанша адам), есімше мен зат есімнен құралған сөз тіркестері елген кісі, айтылгап сөз, орындалатын арман).

Осы сияқты, етістікті сөз тіркестерінің де біразы сөздердің қатар орналасуы бойынша байланысады. Олардың негізгі түрлері мыналар:

Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркестері (бүгін көрдім, жаңа түсіндім, кешеден бері таныспын), еліктеуіш сөзбен етістіктен құралған сөз тіркестері (жалт бұрылды, бұрқұрқ қайнады), көсемше мен етістіктен құралған сөз тіркестері (асығып келді, ентігіп сөйледі, жылап айтты), жалғаусыз зат есім мен етістіктен құралған сөз тіркестері (ет жеу, хат оқу, пішен ору, бала оқыту), сын, сан есімдер мен етістіктен құралған сөз тіркесі (жақсы түсінді, қызық сөйледі; үш ашты, екі келді).

Етістікті сөз тіркестерінің ішінде мезгіл үстеулері мен көсемше-лердің қатысымен жасалатын сөз тіркестерінің сөйлемдегі орын тәр-тібі еркін бола береді, мыс.: бүгін, міне, қарасам, бір көш кетіп барады... (Жамбыл). Осында бүгін сөйлемнің басында, өзі қатысты сөздер (кетіп барады) қашықтап тұр. Сол сияқты, асықпай Олжабек үйге кірді (Мұстафин) дегенде, асықпай өзі қатысты сөзден қашықтап, сөйлемнің басында тұр. Мұның себебі — мезгіл үстеулері мен көсемшелердің етістіктермен тіркесу қабілетінің күшті болуында. Олар қай орында тұрса да, тек етістікпен тіркеседі. Осы айтқандардан да сөздердің белгілі тәртіппен орналаса тіркесуінің, сөз бен сөзді байланыстыру қызметінің ерекше екенін байқауға болады. Синтаксистік байланыстың бұл амалы сөздердің жалғау арқылы байланысуынан кем түспейді. Қайта, жалғаусыз, тұрған орнына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік болады. Сондықтан олардың орнын қалай болса, солай өзгертіп айта бермейміз. Орын ауыстырып айтқанда, олардың не байланысы үзіледі, не болмаса байланысы сақтальш, синтаксистік қатынасы өзгереді. Мысалы, кітап оқыды, оқыды кітап, ақылды бала, бала ақылды.

Сөздердің шылау арқылы байланысуы. Аналитикалық байланысу амалының бір түрі — сөздердің шылау сөздер

16
арқылы тіркесуі. Сөзді байланыстыруға дәнекер болатын, не сөздерді байланыстыруға қатысатын шылаулар екі түрлі. Бірі — жалғаулықтар. Бұлар бірыңғай мүшелерді және құрмалас сөйлемдерді тіркестіреді, сөз тіркестерін құрастыруға қатынаспайды. Екіншісі — демеулер (послелоги). Бұлар тікелей сөз тіркестерінің арасына дәнекер болу үшін жұмсалмайды, өздері қатынасты сөздердің грамматикалық мағыналарын дәлдеу, айқындау үшін жұмсалумен қатар, толық мағыналы екі сөздің арасын ұластырушы болады. Олар алдымен түйдекті тіркес құрайды да, сол түйдегімен сөз тіркесінің бір сыңары болып, күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы, қысқа таман келіңдер дегенде, таман сөзі қысқа деген сөзбен түйдекті тіркес құрайды да, сол тіркесті келіңдер деген сөзбен байланыстырады. Сен үшін келдім. Жыл сайын барамын. Сізден бұрын ояндым деген сөз тіркестерінде де үшін, сайын, бұрын демеулері екі жағындағы толық мағыналы сөздерді бірімен бірін ұластырады.

Байланыстырудың бұл амалы да қазақ тілінің синтаксистік жүй-есінен елеулі орын алады. Оны демеу сөздерінің санының аздығына қарап емес, жұмсалу аясының кеңдігіне қарап байқаймыз.

Сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы. Сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалатын жалғаулар төрт түрлі: с е п т і қ, т ә у е л д і к, ж і к т і к, к ө п т і к. Бұлардың осылайша бөлектеніп айтылуы олардың әрқайсысының синтаксистік қызметімен байланысты. Сол қызметтерін айқындау үшін оларды бөлек-бөлек талдайық.

Септік жалғаулары. Әдетте, септік жалғаулары сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарларына жалғанады. Сондықтан оларды бағын-дырушы тұлға дейміз. Жалғанған сөзін басыңқы сөзге бағынды-рады. Басқаша айтқанда, септік жалғаулары сабақтаса байланысқан сөздер арасында дәнекер болады да, жалғанған сөздердің мағынала-рын түрлендіреді, Мағына түрлендіретін сөздері — зат есімдер мен зат есімдер орнына жүретін есімдіктер. Олардан басқа есімдерге жалғанған септік жалғаулары сөз мағыналарын түрлендіріп қана қоймайды, оларға елеулі өзгеріс енгізеді. Мысалы, сын есім, есімшелерге септік жалғаулары жалғанғанда, оларды заттанады дейміз. Басқаша айтқанда, зат есім орнына жүреді. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал). Білгенге маржан, білмеске арзан (Абай). Осылардағы сын есімдер мен есімшелер адам, кісі ма-ғынасында жұмсалып тұр. Соларды бір есептен мал дегеннен малшы болумен, етік дегеннен етікші болу дегенмен тең қоюға болады: жақсыдан, жаманнан, білмеске дегендер әрі заттық, әрі сындық мағынада айтылған. Сырт қарағанда мал дегеннен малшы (адам) болуымен, жақсы, жаман, білген, білмес дегендердің де септік жалғауында айтыльш, адам мағынасын білдіруі бірдей сияқты. Бірақ олардың айырмашылығы мынада: алдыңғыда бір сөзден екінші сөз тудырудың морфологиялық амалы болса, соңғыда — синтаксистік амалы. Олай болуы — сын есім, есімшелердің өздері қатысты заттардың синтаксистік қызметтерін атқаруында. Солай екенін мына фактіден де байқауға болады. Сын есім, есімше, сан есімдер ешқандай жалғаусыз бастауыш болғанда да субстантивтенеді (заттанады) сонда олар да жоғарғы толықтауыш болған сын есім, есімшелердей, әдетте, өздері қатынасты заттардың қызметін атқарады, мыс.: Қ о р қ а қ мың рет өледі. б а т ы р бір рет өледі. Қорыққан бұрын жұдырықтар.

Сөйтіп, заттың сапасы болатын есімдердің (сын, сан есімдер мен есімшелердің) заттануына себепкер болатын фактор екеу: бірі — олардың зат есімдер қызметінде айтылуы, екіншісі — ол үшін оларға зат есімнің жалғаулары жалғануы.

17
Септік жалғауының басты қызметі сөз бенен сөзді байланыстыру болғанмен, кейде ол қызметтерінде жұмсалмай, сөйлемдегі сөздің мағынасын түрлендіру үшін де жалғануы мүмкін. Ол мынандай жер-де болады.

1. Жатыс жалғауының үстіне -ғ ы\\-г і жұрнағы жалғанғанда, ол жалғау сөз бен сөзді байланыстырмайды, жалғанған сөзіне мекендік не мезгілдік мағына үстейді: таудагы қар, үйдегі кісі, түндегі мәжіліс, жаздағы ыстық т. б.

2. Шығыс, жатыс, барыс жалғаулары баяндауыш қызметіндегі есімдерге жалғанғанда да, олар сөз бен сөзді байланыстырмай, сол жалғанған сөздеріне мекендік, тағы басқа мағына үстейді:

Біз «Бірлік» колхозынанбыз. Вагонда ояу тірі жан жоқ, бәрі шырт ұ й қ ы д а: ...Дүниедегі зор байлық с у д а (Мұқанов). Мынау мағ ан, мынау с а ғ ан. Сенің обалың ә к е ң е. Қой баласы

қ о з ы д а н (мақал).

Әрбір септік жалғауы жалғанған сөзін белгілі сөздермен байла-ныстырады:

Т а б ы с жалгауы өзі жалғанған есімдерді сабақты етістіктермен, кейде есім мен көмекші етістіктен жасалған баяндауыштармен байланыстырады, мыс.: Ж а у д ы аяған жаралы б о л а р. Қ о р –

қ а қ т ы көп қ ұ с а, батыр б о л а р. Т а б ы с т а р ы м ы з д ы

б а я н д ы е т е й і к!

I л і к жалғауы өзі жалғанған сөзін тәуелдеу жалғауларының біріндегі есіммен байланыстырады, мыс.: шаруалардың қамы, терезенің жарығы, баламның кітабы, менің жолдасым, сіздің баяндамаңыз.

Ескерту: С і з, б і з деген екі есімдікке ілік жалгауы жалғанғанда, олармен байланыста айтылатын есімдер, кейде, тәуелдік жалғауында тұрмауы мүмкін, мыс.: Біздің Отанымыз біздің Отан, Сіздің еліңіз Сіздің ел.

Шығыс, жатыс, барыс, көмектес жалғаулары жалғанған сөздерін, негізінде, етістіктермен байланыстырады. Қайсысын қандай етістік меңгере алатындай жәйітіне қарап, олардың байланыстыратын сөздері бәріне ортақ болуы да мүмкін.

Септік жалғаулы сөздердің бір ұшы әр уақытта өздері меңгерілген сөздерде болатындықтан, сөйлем ішінде ондай меңгеріле байла-нысқан сөз тіркестерін ыдыратып, араларына басқа сөздер қойып та жұмсай беруге болады.

Тәуелдік жалғаулары матаса байланысатын сөздердің бағынды-рушы сыңары болып, ол сөзді ілік жалғаулы сөзбен ұштастырады, бірак, ол жалғанған сөзін екінші сөзге тікелей бағындырушы бола алмайды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік жалғау-лары жалғанып, сол арқылы ол сөздерді басқа етістіктер (кейде есім-дер) жетектеп тұрады.

Көптік жалғауы -л а р\\-л е р... сөздерді өз ара тіркестіруге қа-тысады, бірақ ол да бағындырушы тұлға болмайды; мысалы, Сіздер келіңіздер дегенде, бастауышқа көптік жалғау жалғанғандықтан, ба-яндауыш көптікте тұр. Мұнда белгілі тұлғалық қиысу бар да, көптіктің бір сөзді екінші сөзге бағындырушы болу қызметі жоқ.

Бұдан шығатын қорытынды: жалғаулар сөз бен сөзді байланыс-тыру қызметінде жұмсалады, бірақ сол қызметтегі жалғаулардық бәрі бірдей сөзді сөзге бағындырушы тұлға бола алмайды.

Сөз тіркесінің бір сыңарын екіншісіне бағындырушы морфоло-гиялық тұлғаларды жалғаулар системаларынан ғана емес, «жұрнақ» деп аталып жүрген қосымшалардан да табамыз. Олардың ішінде, әсі-ресе, етістіктің көсемше, шартты рай тұлғаларының қызметі ерекше.

18
Жіктік жалғауларды көп авторлар «баяндауыштық жалғау» деп те атайды. Оның себебі — олар әр уақытта баяндауыш болған сөзге жалғанады да, жалғанған сөзінің баяндауыштық қызметін айқындап, оны бастауышпен байланыстырады. Жіктік жалғау-лардың сөздерді баяндауыш ету қызметінен гөрі оларды басқа сөздермен байланыстыру қызметі басым:

1. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай). 2. М е н жолсыз істі айтпай тұра а л м а й м ы н. 3. Жүздерін жырта-жырта а й т а -мын! (Майлин).

Жіктік жалғаулы баяндауыштар сөйлемде ерекше айтылған да, айтылмай ойда сақталған да бастауыштармен байланысын жоймайды.



С е н д е бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан! (Абай) дегенде, баяндауыш қызметіндегі зат есімге (кірпіш) екінші жақтық жіктік жалғау жалғанбаған. Сонда да ол өз қызметінде жұмсалып, жалғаусыз-ақ бастауышпен (сен де) мағыналық байланыста айтылған. 3-жақтық есім баяндауыштың бәрі, осындай, жалғаусыз өз бастауыштарымен мағыналық байланыста жұмсалады.

Ондай байланыеты ішкі байланыс, жалғаулар жалғану арқылы болған байланысты сыртқы. байланыс дейміз.


СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ТҮР-ТҮРІ
Сөз тіркестерін таптастыру принципі
Сөз тіркесінің синтаксисі толып жатқан қомақты мәселелерді қамтитындықтан, олардың нәрлі тобы, тармақталған жүйелі негізде-рі болуға тиіс. Сөз тіркестерінің сондай жүйелі негіздері олардың грамматикалық топтарынан құралады. Ғылымда ненің де болмасын түр-түрін айырып таптастыру үшін солардың құрамына енетін бөл-шектердің өз ара ұқсастық абстракцияланған ережелерін, өмір сүру заңдылықтарын айқындайды. Сонда көптеген заттар мен құбылыстардың өз ара топтанған жігін тауып, дұрыс топтастыруға болады.

Сөз тіркестерін дұрыс таптастыру үшін алдымен оның принципін белгілеу керек. Сөз тіркестерін таптастыру принципі олардың ерекшеліктеріне негізделуге тиіс.

Сөз тіркестері деген ұғымға сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз-дердің, сөз таптарының тіркесі енеді. Сөздердің өз ара тіркесуі — олардың грамматикалық басты қасиетінің бірі. Бірақ кез келген сөзді екінші бір сөзбен тіркестіре салуға болмайды, тек мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтыла алатын сөздер ғана өз ара тіркесе алады. Ондай сөздер тобын тіркесу қабілеті бар сөздер дейміз.

Әдетте, тіркесу қабілеті бар екі сөздің бірі сөз тіркесін құрудың ұйытқысы, мағыналық, грамматикалық арқауы болады. Ондай сөзді синтаксисте б а с ы ң қ ы сөз дейміз. Міне, сол басыңқының қандай сөздер екендігі сөз тіркестерін белгілеудің басты нысанасы болуға тиіс. Сол нысанаға қарап сөз тіркестерін, есімді, етістікті деп екіге бөлеміз. Қазақ тілінде сөз тіркестерінің басыңқы сыңары не есім сөздердің бірі (көбінесе зат есім), не етістіктердің бірі болады да бағыныңқылары аралас-құралас келе береді.

Сөз тіркестерін құраудың екінші басты тірегі — сөздердің б а й л а н ы с ы. Сөздер өз ара байланыспайынша сөз тіркесін құрай ал-майды. Сондықтан есімді, етістікті сөз тіркестерінің түр-түрі олардың байланысу формаларына қарай топтанады.

19
Осы екі принципті негізге алып сөз тіркестерін таптастырғанда, қазақ тіліндегі сөздің ешқайсысы шашау шығып қалмайды, бәрі де бұлардың ұясына еніп, орын-орындарында тұрады.

Сөз тіркестерінің негізгі тармақты топтары мыналар: е с і м д і, етістікті. Есімді сөз тіркестері байланысу формаларына қарап —

қ а б ы с а байланысқан есімді сөз тіркестері, матаса байланыс-

қан есімді сөз тіркестері, м е ң г е р і л е байланысқан есімді сөз тір-кестері деген үшке бөлінеді. Етістікті сөз тіркестері байланысу формаларына қарап — қ а б ы с а байланысқан етістікті сөз тіркестері, меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері деп бөлінеді.

Қиыса байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрылысы бастауыш пен баяндауыштардан жасалған жай сөйлемдер құрылы-сымен бірдей, Оларды баяндауда қайталау болмау үшін және олардың сөйлемдік қасиеттерінің ерекшеліктерін ескеріп қиыса байланысқан создерді жай сойлем синтаксисінің негізі етіп, сол тұста қарастырамыз.


ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері
Есімді сөз тіркестерінің бұл түрі құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Олардың басыңқы сыңарлары, әдетте, зат есім не субстан-тивтенген сын және сан есімдер болады да, бағыныңқылары есімдер мен есімшелердің бірі болады, мыс.: жуас түйе, кең қора, бес кілем, көгерген дала, осы аудан; талай қорқақтар, кілең сұлулар, ертедегі жуандар.

Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерін құрауға қандай-қан-дай сөздер қатысатынына қарай, олар былай бөлінеді: зат е с і м д і тіркестер (мал қора, алтын сағат, қос ауыз мылтьқ), с ы н е с і м д і тіркестер (көк шөп, семіз қой, епті кісі, социалистік жарыс, қос ішекті домбыра), сан есімді тіркестер (он бие, үш күн, сегізінші мектеп, бір жүз отыз бесінші завод), есімдікті тіркестер (мына бала, осы жер, бүл мәселе), есімшелі тіркестер (ұшқан құс, білген кісі, кездесетін жер, айтар сөз).

Бұл есімдердің өз ара тіркесу қабілеттілігі бірдей емес. Олардың сөз тіркесін құрау ерекшеліктерін білу үшін, әр түрін бөлек қарайық.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет