Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет7/26
Дата15.09.2017
өлшемі10,1 Mb.
#33269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Тура толықтауыш. Қазақ тіліндегі тура толықтауыштар меңгеру-

62
ші сөзбен, басқа да түркі тілдеріндегі сияқты, табыс септіктің ашық; және жасырын тұлғасы арқылы байланысады: Біз тарихи с п е к-таклъ қойып жүрген жоқпыз (Ахтанов). П ә л е н ш е н і ұрам деп, түгеншені қырам деп, Таршылықта қайраңдап, кеңшілікте ойрандап, көп батырға қалдыңыз (Абай).

Тура толықтауыштардың табыс септіктің ашық, жасырын тұлға-ларында жұмсалуы жәйлі тюркологияда әр түрлі пікірлер бар. Тюр-кологтардың бірсыпырасы (П. М. Мелиоранский, Н. К. Дмитриев-т. б.) табыс септіктің ашық, не жасырын келуін белгілілік (определен-ность), белгісіздік (неопределенность) теориясымен байланысты-рады. Олардың айтуынша, әңгіме болып отырған объекті белгілі болса, табыс жалғауы түсірілмейді де, айтылып отырған объекті сөйлеушіге белгісіз болса табыс жалғауы түсіріліп айтылады. Сөйтіп, ол теория бойынша, мен к и і м кидім, мен к и і м д і кидім дегендегі киім сөзінің табыс жалғаулы, не жалғаусыз (жасырын) жұмсалуы сөйлеушіге сол заттың (объектінің) бұрыннан белгілі, не белгісіз болуына ғана байланысты. Дегенмен, тіл фактілері табыс жалғауының ашық, жасырын қолданылу заңдылықтарының заттың сөйлеушіге бұрыннан белгілі, не белгісіз болуына ғана байланысты еместігін дәлелдейді. Қазақ тілінде сөйлеушіге бұрыннан белгілі объекті де табыс жалғауынсыз қолданыла береді. Көптен хабарсыз жолдасымнан хат алдым. Сөйлем құрамында тура толықтауыш қызметіндегі хат сөзінің табыс жалғауынсыз айтылуы әсте белгісіздіктен болмаса керек. Үйткені хабар көптен күтілген, бірақ хат енді ғана келген. Сөйтіп әңгіме болған объекті сөйлеушіге бұрыннан белгілі болса да хат сөзі табыс жалғауынсыз қолданылған.

Табыс жалғауының ашық, не жасырын келуі кейде даралық, жалпылық ұғыммен ұштасып жататын кездері болады. Ол к и і м киді, мен шаш алдырдым. Колхозшылар е г ін орып жатыр. Ба-лалар ағ аш тасыды. Құрылысшылар ү й салды. Оқушылар сабақ оқыды тәрізді сөйлемдер құрамындағы киім, шаш, егін, ағаш, үй, сабақ сөздерінің жалгаусыз қолданылуы, бір жағынан, сол сөздердің жеке, дара затты білдірмей, жалпылық ұғымда қолданылуымен де байланысты. Екінші сөзбен, нақ қай киімді кигені қажет емес, әйтеуір киімді; құрылысшылар нақ қай үйді салғаны қажет емес, әйтеуір үй салып жатыр, т. б. Бірақ бұларды сол заттың сөйлеушіге белгілі, белгісіздігімен байланыстыруға әсте келмейді. Тіл фактілеріне қарағанда, сөз бір өңкей заттардың бәрін емес, солардың бірін білдіру үшін ғана жұмсалса, табыс жалғауының ашық тұлғасында қолданылады. Мысалы, Құрылысшылар ү й д і салып бітірді десек, жалпылық мәнде емес, жекелік мәнде ұғынылар еді де, ү й сөзі табыс жалғауының ашық түрінде келер еді. Дегенмен, кейде жалпылық үғымда қолданылған сөздер де табыс жалғауының ашық тұлғасында келуі мүмкін. Мысалы: Көшкен ел малын айдап, азан-қазан боп жолға түсті. Мал сөзі осы жерде даралық мәнде қолданылған деуге ешбір негіз жоқ, сонда да табыс жалғауының ашық тұлғасында келген. Сірә, мұндай реттер сөзге логикалык, екпіннің түсуімен байланысты болса керек.

Тура толықтауыштың алдында мөлшерлік, не сапалық анықтау-ыштардың келуі де олардың әр уақыт табыс жалғаулы болуының мызғымас шарты бола алмайды. Қар түсіп, мұз қатқан соң да Жан-дыз бойынан бау-бау қ о ғ а шапты (Ахтанов). Ол түгіл, көзі ашық деғен әке-шешенің өзі «бәрекелді, сыйлы қ о н а қ ертіп кепсін» десе құба-құп (Әлімқұлов). Шығарып салуға жиналған қалық топ жапы-рылып поезға ере жүгіріп, манадан бері айтып тауыса алмаған сәлем сөздерін айқайлап қол бұлғайды (Ахтанов). Алдыңғы екі сөйлем құрамындағы тура толықтауыштар табыс

63
жалғауының жасырын түрінде келсе, соңғы сөйлем құрамындағы сондай тура толықтауыш табыс септіктің ашық түрінде қолданыл-ған. Бұған қарағанда, тура толықтауыштың анықтауышпен бір тіркесте қолданылуы, сірә, оның табыс жалғауда болу, болмауының шарты болмаса керек. Оған тағы бір дәлел — алдыңғы екі сөйлем ішіндегі тура толықтауыштарды (бау-бау қоға, сыйлы қонақ) табыс жалғауында қолдануға болар еді (бау-бау қоғаны шапты, сыйлы қонацты ертіп). Сондай-ақ соңғы сөйлем құрамындағы тура толықтауышты анықтауышсыз тауыса алмаған... сөздерін айқайлап түрінде айтуға болар еді. Олай болса, тура толықтауыштардың анықтауыштармен бірге қолданылуы олардың табыс жалғауында ашық, не жасырын келуінің шарты бола алмайды.

Сөйтіп, тура толықтауыштардың жалғаулы және жалғаусыз келуі тек қана белгілі-белгісіздікке байланысты болып келе бермейді. Егер, белгілі-белгісіздікті кейде сөздердің даралык, және жалпылық мәнде қолданылу ыңғайында байқалады десек, осы құбылысты (яғни жалғаулы және жалғаусыз қолдануды) түгелдей сол ізбен түсінді-руге болмайтындығы жоғарыда келтірілген фактілерден де көрініп отыр. Тура толықтауыштың мұндай екі түрлі тұлғада қолданысы тілдің әр қилы заңдылықтары мен ерекшеліктеріне барып ұштасады. Олар бірде сөздердің лексика-грамматикалық қасиетіне байланысты болса, бірде сөйлем құрамының интонациялық және грамматикалық ерекшеліктерімен байланысып, соларды ажырата жүйелеп талда-ғанда ғана түсінілуі мүмкін.

Тура толықтауыштардың жалғаулы және жалғаусыз келу жағ-дайларын бас-басына жеке-жеке баяндау қажет бола бермейді. Үйткені егер тура толықтауыштың жалғаулы болып келетін орындарын айкындаса, сонымен қабат оның жалғаусыз келу себептері де ашылады. Екеуін бірдей қарастыру тек қайталауға ұрындырады. Сондықтан тура толықтауыштардың жалғаулы келетін жағдайларына шолу жасау мақұл.



Тура толықтауыштың табыс жалғауының ашық түрінде жұмсалатын орындары төмендегідей:

а) Тура толықтауыш өзі меңгерілетін (толықтайтын) мүшеден

арасына сөз салып, алшақтап тұрады. Мұндай реттерде ойдың логи-калық сындарлылығы, сөйлемнің әуені бұзылмас үшін тура толық-тауыш табыс жалғауында тұруы қажет болады. Мысалы: Бірақ ол аласапыранда әлдеқайда барып қайтты да, дырау қамшыны екі бүктеп ұстап, батыс жақты нұсқап тұрып... (Мүсірепов). Тура толықтауыш (қамшыны) пен баяндауыш ортасына сөз (екі бүктеп) түспесе, тура толықтауышты жалғаусыз да айтуға болар еді. Бірақ ортасына басқа сөз түсіп, баяндауыштан алшақтаған соң, баяндауышпен грамматикалық байланыс жүйесін үзбеу үшін табыс жалғауында айтылуы қажет. Тағы да мына мысалды талдайык,: Дереу алғы шепке о қ-д ә-р і жеткізсін (Ахтанов). Осы сөйлемдегі тура толықтауыш пен баяндауыштың арасына басқа бір сөз салып: Алғы шепке оқәріні дереу жеткізсін деп айтатын болсақ, тура толықтауыш тағы да жалғаулы болар еді.

Араларына басқа сөз түскенде жалғаулы болып айтылу жұмыс істеді, еңбек етті, қызмет көрсетті, жазу жазды, қол тигізді, бас көтерді (қарсыласты) тәрізді күрделі сөздер құрамында да байқалады. Айтылуда, жазуда сөзге ерекше мән, экспрессиялық әр беру үшін есім мен көмекші етістік арасында солардың мағынасын айқындап, аша түсетін басқа бір сөз қосып жұмысты мықтап істеді, еңбекті аянбай етті, қызметін бар әлінше көрсетті, жазуды асықпай жазды, қолын мықтап тигізді, — деп айтса, есім сөз табыс жалғаулы болып көтеді. Сөйтіп, меңгеруші етістік пен

64
тура толықтауыштың арасында басқа бір мүше айтылғанда, тура толықтауыштар әр уақыт табыс жалғаулы болып жұмсалады.

Меңгеруші сөзден алшақтаған, алдында бір белгісіздік есімдігінен жасалған анықтауышы бар тура толықтауыштар да табыс жалғаулы болады: Алыстан бұлдыраған бір қара көрді. Бұлдыраған бір қ а -р а н ы алыстан көрді.

ә) Сол сияқты шаш, ағаш, егін, бақша т. б. жинақылық ұғым бе-ретін сөздер мен кейбір абстракт мәнді сөздер де көптік жалғауды қабылдаса, тура толықтауыш қызметінде табыс жалғаулы болып жұмсалады. Колхозшылар е г і н орды деп жекелік мәнде жалғау-сыз айтылғанмен, көптік тұлғада: Колхозшылар егіндерін жинады, мемлекетке астықтарын тапсырып бітірді түрінде қолданылады. Сол сияқты, балалар а ғ а ш т а р д ы тасыды, бағбандар бақша-ларын баптауда деп, табыс жалғауында ғана қолдану мүмкін. Бұл ыңғайдағы табыс жалғауы әлгі сөздердің объектілік (тура толық-тауыштық) қызметін айырып көрсету үшін де қажет. Әйтпесе, сөздің сөйлем құрамындагы мәні де, қызметі де айқындалмай қалады. Мыс.: Бірақ біз әрдайым өз жұмысымыздың нәтижелерін сын көзбен бағалап, кемшіліктерді мезгілімен жоя отырып, болашаққа көз жіберуге тиіспіз («Соц. Қаз.»).

Әне бір жерде бар ғой жалтырағы деп әйелдердің ала бер-ген тастарын тартып алады (Мүсірепов).

б) Тура толықтауыш қызметінде тәуелдік жалғаулы сөздер жұм-салса, олар, көбінесе, табыс септікте тұрады. Шелпектерін пі-сіртіп, дастархандарын жайғызып, бір жеті бойында өз үйлерінде аза қылып отырысты (Әуезов).

Адрестерін алып қалуым керек қой... Адрестеріңді, ад-рестеріңді қалдырыңдар... Даусым, әрине, щықпайды (Мүсірепов). Жұпыны ғана шаруаның баласы Арқаның ақ төсін жайлап Шудың ну қамысын қыстайтын е л і н еміс-еміс қана біледі (Әлімқұлов).

Келтірген фактілер мынаны дәлелдейді: тәуелдік тұлғасы сөз-дердің жекелік, я көптік мәніне қарамай, тура толықтауыш қызметін-де табыс жалғаулы болуды қажет етеді. Жоғарыда келтірілген сөй-лемдер құрамындағы тура толықтауыштарды табыс септігінсіз тәуелдік тұлғада (шелпектері пісіртіп, дастархандары жайғызып) айтуға болмас еді. Олай болған жағдайда ойдың логикалық желісі бұзылып, түсініксіз бірдеме болар еді. Осы тура толықтауыштардың тәуелдік қосымшасы жоқ болса, табыс жалғауын түсіріп айтуға бо-лар еді (шелпектер пісіріп, дастархандар жайғызып, т. б.). Онда ой-дың логикалық желісі бұзылмас та еді.

в) Сөйлем ішінде қатар келген, бір-бірімен жалғаулықтар арқылы, немесе орын тәртібі арқылы байланысқан, бірыңғай тура толық-тауыштардың соңғысы, көбінесе, табыс септігінде тұрады.



Жарау, жатаған Қ а р а г е р ат пен қ а р а к ө к б и е н і же-тегіне алған (Әлімқұлов). Б о л а т пен кірпіштерді өріп қалап, төбесі айнаменен шатырланбац (Әбілев). Фашист генералы о ф и -ц е р л е р і мен солдаттарын жиыстырып, қайта-қайта ілгері қуалады (Ахтанов). Бірыңғай тура толықтауыштардың соңғысының табыс жалғауы түсіріліп айтыла қалса, сөйлемнің мәні бұзылады. Қазақ тілінде кейде бірыңғай тура толықтауыштардың бәрі де табыс жалғаулы болатын кездері де бар. Мысалы: «К ү л с а л ғ ы ш т а р- д ы, к е с е-ш ә й н е к т е р д і саудыратып алып жүруге ерінбеген-де, тастаған дүниелері қандай болды екен деген бір күдікті ой келеді (Әлімқұлов). Бірыңғай тура толықтауыштардың мұндай бас-басына табыс жалғаулы болып келуі сол сөздерге автордың логикалык, екпін

65
түсіріп, айрықша атап айтуына байланысты. Екінші сөзбен, бұл сөз-дің қолданылу мақсатының салдары есепті құбылыс болса керек.

г) Бір сөйлем ішінде бір сөз екі рет айтылып, екі түрлі мүше қыз-метінде жұмсалса, тура толықтауыш қызметіндегі сөз табыс жалғау-лы болады: Туады күлкі әр қилы, Ауыздан әзіл кетпейді, Қал-жыңды қалжың аңдиды, нарядный оны сөкпейді (Әбілев).

— Ө т к е л д і өткел деп сұрау керек. Өткел бұл жерде жоқ (Мүсірепов). Ж а м а н д ы жаман десе, бөркі қазандай болар (мақал).

Алдыңғы сөйлем құрамындағы қалжың сөзі тура толықтауыш және бастауыш қызметінде жұмсалса,екінші сөйлемдегі өткел сөзі тура толықтауыш болумен бірге, пысықтауыш құрамында (өткел деп) қолданылған. Ал, үшінші сөйлемдегі жаман сөзі тура толықтауыш қызметінен басқа, баяндауыш құрамында айтылған.

д) Тура толықтауыштардың табыс жалғаулы болуы кейде сол сөзге логикалық екпіннің түсуімен де байланысып жатады. Айтушы сол сөзді айрықша мән беріп айтады да, соның салдарынан тура толықтауыш табыс жалғауын қабылдайды. мыс.:

Апа, қонақ! деп қуанғандай ыржиып әлгілер де есікті аша берді (Мүсірепов). Бірақ осы соңғы екі жылда Жұмағүл о р н ы н тапты (Әуезов). Содан бері Тәкежан өз ауылына Жұмағұл шабарманды бастатып төрт с т р а ж н и к т і жіберіп, Базаралыны алғызып кеп жаңа сәскеде ұлық қолына табыс етті (Әуезов). Осы сөйлемдер ішіндегі есікті, орынын, стражникті сөздерінің табыс жалғаулы болуы логикалық екпіннің салдары. Егер автор сол сөздерге айрықша мән бергісі келмесе, оларды жалғаусыз да қолдануға болар еді.

ж) Тура толықтауыштардың табыс жалғаулы болуы кейде оларды анықтайтын сөздерге де бағынышты болады.

Сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштары бар тура толық-тауыштар: Сикорский бұл жауапты үлкен қуаныш үстіндг екенін жасыра алмай, айқын сезілер мазақ үнмен ескертіп еді (Мүсі-репов). Жақын абысындарына бұл с ы р д ы бастапқы кезде ол ішкермелеп айтты (Мұқанов).

-ғ а н есімшелерінен болған анықтауышы бар тура толықтауыш-тар: Қалада бейбіт шақта тәртіп үшін жанжалдасып жатқан

а д а м д ы сирек көруші едік (Мүсірепов).

Айтып отырғаным, деді Мадияр Базарханға тапсыр д е- г е н х а т ы н Асқардың қолына беріп жатып (Мұқанов).



-ғ ы\\-г і, -қ ы\\-к і жұрнақты туынды сын есімдерден болған анықтауышы бар тура толықтауыштар: Кеше «шабан поезбен жүйке құртқанша, бүрсі күнгі с а м о л е т т і тосайық » деген (Әлім-құлов). Бойшаң қара жұмыскер тайғанай құлап түсті де, отыра қалып аяғындағы ш о қ а й ы н сыпырып алып лақтырып-лақтырып жіберіп, қашқынның соңына қайта түсті (Мүсірепов).

з) Есім мен көмекші етістік тіркесінен болған баяндауыш тура толықтауыштың табыс жалғаулы болуын керек етеді: Бір кемпір бір к е м п і р д і ә ж е д е й д і (мақал). Бұл пайда к о л х о з д ы миллионер е т е д і (Мұстафин). Сонау іркіс-тіркіс шың таста-ры жылқының жалына үқсайды да, мынау, тарау-тарау жолдары салт аттының сауырындағы өмілдірікті е с к е салады (Әлім-құлов).

Кейде меңгеруші сөз тура мағынасында қолданылмай, ауыспалы мәнде қолданылғанда, тура толықтауыш табыс жалғаулы болады, мыс.: Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген (Абай). Құнанбай кеудесін көтеріңкіреп, қарсы алдына жалғыз көзін қадай отырып сөйлеп кетті (Әуезов).

66
Сөздердің енді бір тобы синтаксистік икемділігі жағынан толық-тауыш емес, бастауыш, т. б. мүшелер қызметінде жұмсалуға бейім, Ондай сөздер тура толықтауыш қызметінде қолданыла қалса қа-лайда табыс жалғаулы болады. Табыс жалғауы бұл ретте тура то-лықтауыштық қызметтің грамматикалық көрсеткіші есепті болады. Онсыз әлгі сөздердің қандай мүше қызметінде тұратындығы айқын көрінбейді.

Негізінде бастауыштық қызметте жұмсалатын жіктеу есімдіктері мен кісі аттары: Таппасын білген соң, соңғы кезде оны ойламайтын да (Әуезов). Уақытша жау қолына түскен Донбасстың орнына тұрып қалған алып Қарағандыны көресін... Өйткені, А қ б о т а н ы көрсем, онымен бірге к ү й е у і н де көрермін деп қорқам (Мүсірепов).

Көбінесе анықтауыш болып жұмсалатын сан есімдер мен сын есімдер, етістіктің есімше тұлғалары тура толықтауыш қызметінде табыс жалғаулы болады: Бірақ, «өте жақсыны» маңдайыңа жапсырып жүремісін? Одан артық не болмақ? (Мүсірепов). Қай-қайдағы ақбас қарақұстар қалбаңдап, екі қашқынды бүріп әкетпек болады (Әлімқұлов). Ол байсалды, түнеріңкі жүзбен эшелон бойын ақырын аралап, кей жерде қолымен ымдап командирлердің б і р і н шақырып алып әмір етіп, көзіне ілінген тәртіпсіздікке тыйым салып жүрді (Ахтанов). I ш е р і н ішіп болмай, а й т а р ы н айтып болмай, адам деген өле кете ме екен?! (Мүсірепов).

Синтаксистік негізгі қызметі тура толықтауыш емес сын есімдер мен сан есімдер, есімшелер табыс жалғауы жалғану арқылы затта-нып, объектілік мән алады,

Белгілі бір сөздің тура толықтауыш қызметінде жұмсалуы сабақ-ты етістіктермен тіркесіп, солардың жетегінде айтылғанда ғана мүм-кін жағдай екені мәлім. Қазақ тіліндегі сабақты етістіктер мағына-лық мәнері жағынан да көп түрлі және грамматикалық тұрғыдан да әр қилы. Бірсыпыра етістіктер түбір тұлғасында сабақтылық мән берсе, кейбір етістіктер аффикстер қосылып, туынды түбірге айналғанда ғана сабақтылық мән алады. Енді бір топ етістіктер контекст құрамында бірде салттық, бірде сабақтылық мән бере алады. Негізгі түбір тұлғасында сабақтылық мән беретін етістіктер: оқы, тоқы, іш, ат, сой, ой, біл, сез, көр, есті, шұқы т. б. Бұл топқа жататын етістіктер түбір күйінде-ақ әр уақытта өзіне бағынышты сөздің табыс септік жалғаулы (ашық, не жасырын) болып келуін, яғни тура толықтауыш қызметінде болуын қажет етеді. Сонымен қатар, негізгі түбір тұлғасында салттық мән беретін етіетіктерге өзгелік етіс аффиксі қосылғанда, олар алғашңы салттық мәннен ажырап, сабақтылық мәнге ие болады. Екінші сөзбен, бұрын істі істеуші субъектіге тікелей байланысты айтылатын етістік енді бұрынғы мәніне қоса тура толықтауышты қажет ететін болады: кір кіргіз, отыр отырғыз, ауыр ауырт, ағар ағарт, т. б. Мысалы, ол үйге кірді — дейтін болса, кір етістігі өзінің алдында тура толықтауышты қажет етіп тұрған жоқ. Егер, соңғы етістік тұлғасын өзгертіп ол үйге кіргізді болса, онда сол етістік тура толықтауышты қажет етіп, сөйлем құрамын толықтырып айтуды керек етеді, Сөйтіп, етістіктің лексика-грамматикалық қасиетіне лайық сөйлем құрамында бірде тура толықтауыштың орны жоқталады да, бірде оның ешбір қажеттігі болмайды. Екінші жағы-нан, сөйлем құрамында субъектіні білдіретін сөз қажетіне қарай са-бақты етістіктің жетегімен объектіге (тура толықтауышқа) айналуы да мүмкін: Ол үйге кірді Оны үйге кіргізді. Мал ауылға келді Малды ауылға келтірді т. б. Алдыңғы сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі сөздер кейінгі сөйлемдерде тура объектіге айналған. Мұндай

67
құбылыс, әрине, салт етістіктердің сабақтыға айналуы арқылы ғана мүмкін болып отырады.

Сабақты етістіктер баяндауыш қызметінде дара жұмсалмай, күр-делі етістік құрамында жұмсалғанда, немесе керек, қажет, тиіс т. б. модаль сөздермен бір тіркесте жұмсалғанда да өзінің тура толықтау-ышты қажет ететін қасиетінен айрылмайды, яғни оның сабақтылық мәніне нұсқан келмейді, мыс.: О рнын жаңа т а п т ы б і л ем (Мұстафин). Мен-ақ алып к е т е й і н б ұ л а р д ы (Мұстафин). Енді бізге ауылдағы адамдардың к ө ң і л-к ү й і н б іл у к е р е к (Мұқанов). Күрделі баяндауыш құрамындағы сабақты етістік әр түрлі аффикстермен күрделенуі де мүмкін. Ол жағдайда да сабақтылык мән сақталады: Енді ол Қарағандыны басқаратын Некрасовты біраз бөріктіріп а л ғ ы с ы к е л д і (Мүсірепов). Барар ж о л ы н, аңсар а р м а н ы н, алысар т ә с і л і н таныт қамыз ж о қ (Әуезов).

Сабақты етістіктер аффикстер арқылы есім сөздер тобына айнал-ғанда да өзіне бағынышты сөздің табыс септікте тұруын қажет етеді. Ондай есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалса, оған бағынышты сөз тура толықтауыш болып ұғынылады. Оның көзі әрқашан қалт

е т к е н д і б а й қ а г ы ш, көңілі бар жәйді айтпай-ақ с е з г і ш (газеттен).

Жанама толықтауыш. Зат есімдер, немесе заттанып солардың орнына жұмсалған сөздер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септікте-рінің бірінде тұрып, жанама толықтауыш қызметін атқарады. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде жанама толықтауыштарды меңгеретіндер тек салт етістіктері емес, сабақты етістіктер болуы да мүмкін. Жанама толықтауыш сабақты етістікке қатысты болғанда, тура толықтауышпен қосарланып, бір толта қолданылады, мыс.: Түнде сойган тауықтың өкп е-б а у ы р ы н Ботакөз балтамен ұсатып, ақ ірімшік араластырып тәтті түшпәрә пісірген еді. Бала бір кезде көзін ж е ң і м е н сүртті (Мұқанов). Табыс жалғаулы тура толықтауышпен бір топта айтылған жанама толықтауыш көмектес септікте тұр. Бұл арада мынадай бір ерекшелік бар: жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың мәнін жіктеуші екінші дәрежелі мүше ғана болады. Етістік-баяндауышқа тікелей қатысты, онымен тығыз байланысты, қалайда айтылуға тиіс мүше — тура толық-тауыш. Егер тура толықтауыш айтылмай қалса, оның орны жоқталып тұрады, ал, жанама толықтауыш айтылмаса байқалмайды. Өйткені, жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың ықпалынан; соның мәнінен тумайды.

Барыс септікті жанама толықтауыштар: Сыйлы жолаушылар қайтарда соғатын боп, жеңгейге де, қарындасқа да көп-көп рахмет жаудырып, қайта-қайта бас шұлгып қимай қоштасты (Т. Әлімқұ -лов). Жасымда албырт өстім ойдан жырақ, А й л а г а, а ш у ғ а да жақтым шырақ (Абай).

Барыс септік жалғауын қабылдап, басқа сөз таптары да (сын есім, сан есім) жанама толықтауыш қызметін атқара алады: Бұл алқап, мал аңсап жейтін ащы мен тұщыға кенелген. Ол биыл о т ы з ғ а шығады (газеттен). Барыс септікті жанама толықтауыштарды меңге-ретін сөздер тек етістіктер ғана емес. Қазақ тіліндегі бірсыпыра есім сөздер де басқа сөздерді барыс септікте меңгере алады: Ол жасы-нан - ақ о қ у ғ а ж ү й р ік. Биік төсек жанында дөңгелек столга шынтқцтап, оңаша ғана отырған А б а й ғ а есіктен кірген самал да ж а й л ы (Әуезов). Көшпек, қонбақ е л г е сән (мәтел).

Жоғарғы мысалдардан көрініп отырғандай, барыс септікті жанама толықтауыштар іс-әрекетке ұшыраған жанама объектіні (кісіні,

68
затты) білдіреді. Жанама толықтауыштар етістік-баяндауыштың әсе-ріне тікелей емес, жанама ғана ұшырайды. Мысалы, мына сөйлемді талдап көрейік: Бір провокатор оны полицияның қолына алдап түсіріпті. Іс-әрекеттің әсеріне ұшыраған алғашңы объект — оны, содан соң ғана ойды әлде де жіктей, айқындай түсу үшін полицияның қолына — дейтін жанама толықтауыш айтылып тұр. Сөйлемді жана-ма толықтауышсыз да (полицияның қолына) айтуға болар еді, онан ой сындарлылығы бұзылмас та еді.

Барыс септікті жанама толықтауыштар іс-әрекеттің орыны бола-тын, немесе барып тірелер затын, кейде тіпті мөлшерін де білдіруі мүмкін. Жоғарғы мысалдардағы... отызға шығады... тәрізді жанама толықтауыштар сондай. Кейде жанама толықтауыш кісінің айрықша қасиетін де білдіруі мүмкін (оқуға жүйрік). Сонымен, жанама толықтауыштың мәні кейде сол қызметте жұмсалған сөздің, не меңгеруші етістіктің лексикалық мәнімен ұласып, соның салдары болып отырады.

Кейде, сөйлем ішінде жанама толықтауыш пен тура толықтауыш қатар жұмсалғанда, тура толықтауыш іс-әрекет бағытталған объектіні білдіреді де, жанама толықтауыш іс-әрекетті жүзеге асыру-шы (не жүзеге асыратын) субъектіні де білдіретін кездері болады. Мысалы: —А, Рязанов мырза саған соны тапсырған екен ғой (Мүсірепов). Барыс жалғаулы жанама толықтауыш (саған) болашақ істі жүзеге асыратын субъектіні білдірген де, табыс жалғаулы тура толықтауыш іс-қимыл бағытталатын объектіні білдірген. Мұндай мағыналық ерекшелік баяндауыш қызметінде табыс, барыс септік-терінде бірдей меңгеретін сабақты етістіктер қолданылғанда ғана болуы мүмкін.

Жатыс септікті жанама толықтауыштар: О н ы ң әрекетінде байыпты іскерлік, тиянақты тындырымдылық жоқ (Ахтанов). Жаудыр к ө з і н д е бұрынғыдай ыстық наз жоқ , әлсіреген салқын-дық бар (Әлімқұлов).

Есім сөздер жатыс септікте тұрып, жанама толықтауыш қызметін атқарғанда, көбінесе, іс-қимылы таралған объектіні, зат, құбылыс-тың орны болған объектіні білдіреді. Соңымен бірге, жатыс жалғау-лы жанама толықтауыштар статикалық күй-қалыпты, әрекетті білдіретін етістіктермен тіркеседі. Есім сөздердің жатыс септікте тұруын қажет ететін етістіктер де, жатыс септікте жанама толықтауыш қызметінде қолданыла алатын сөздер де байырғы қазақ тілінде аса көп емес. Бірақ қазіргі әдеби тіл құрамында жатыс септік тұлғасы арқылы жанама толықтауыш қызметінде жұмсала алатын сөздердің сан жағынан молайғандығын айту керек. Әрқашан әдеби тілдің молығып, толығуымен, оның құрамындағы сөздердің тіркес құрау қабілеті артып, кеңейіп отырады. Бұл, әрине, халық тілінде жаңа ұғымдардың пайда болуымен, сөйлем құрамының күрделе-нуімен ұштасьш жататын құбылыс. Мыс.: С е с с и я н ы ң жұмысында кадрларды даярлау мәселелері үлкен орын алды... П л е- н у м ш е ш і м д е р і н насихаттауда, оларды жүзеге асыруға еңбекшілердің қалың бұқарасын жұмылдыруда коммунистік партияның идеялық өткір қаруы баспасөзге жүктелетін міндет те зор («Соц. Қаз.»). Осы келтірілген сөйлемдер құрамындағы сөздердің жатыс септік жалғауын қабылдауы да, сөйтіп жанама толықтауыш қызметінде жұмсалуы да қазіргі әдеби тілде ғана мүмкін құбылыс. Әдеби тіл атқаратын функцияның, қолданылатын сферасының кеңеюінен барып пайда болған. Сөздердің жатыс септікте жанама толықтауыш қызметінде жұмсалу-ынан кейде халық тілінде қалыптасқан ізбен үйлеспейтін де факті-лерді кездестіруге болады. Қазіргі әдеби тілімізде пианинода ойнау, скрипкада ойнау т. б. тәрізді жатыс жалғаулы есім мен

69
етістіктер тіркестері кездеседі. Мыс.: Өзі режиссер әрі драматург, домбыра тартады, скрипкада о й н а й д ы, нота таниды, білімді («Қазақ әдебиеті»). Егер халық тілінде қалыптасқан із сақталса, скрипка тартады болуға тиіс еді. Кейде пианинода ойнайды. дегеннің ізімен халық тілінде, ертеден бар тіркестің өзін өзгертіп, домбырада ойнау деп те сөйлеу иіндері кездеседі.

Жатыс жалғаулы сөздердің екі түрлі басты мағына беріп, екі түрлі синтаксистік қызмет атқаратыны белгілі. Олар бірде жанама толықтауыш болса, бірде пысықтауыш болады. Бұл, әрине, көбінесе сол сөздердің лексикалық мағынасына байланысты. Бірақ жатыс септікте қолданылатын кей сөздердің синтаксистік қызметі, соны-мен қатар, контекске және етістік-баяндауыштың мәніне де байланысты болады. Егер Тайман тоғызыншы класта оқиды дейтін сөйлемнің баяндауышын ауыстырып Тайман тоғызыншы класта отыр деп айтсақ, тоғызыншы класта тіркесі мекен пысықтауыш-тық мән алар еді. Сол сияқты жылқыда өт жоқ, ол жылқыда болды дейтін сөйлемдер құрамындағы жылқыда сөзінің синтаксистік қызметтері бірдей емес. Алғашңы сөйлемде жылқыда сөзі жанама толықтауыш та, соңғы сөйлемде мекен пысықтауыш. Бұл, — контексте қолданылу ерекшелігінің салдары. Жалпы жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатындар орын-мекендік, кеңістіктік мән бере алмайтын, кімге? неге? дейтін сұрақтарға жауап болатын сөздер ғана.

Шығыс септікті жанама толықтауышты, көбінесе, меңгеретіндер қорқу, үрку, қаймығу, жалтару тәрізді кісінің күйін, сезімін білдіре-тін етістіктер, кеңістік мәнге байланысты қолданылатын айығу, ары-лу, тазару тәрізді етістіктер және алу, шығу, қайту тәрізді етістік сөздер. Осы етістіктермен бір тіркесте айтылған есімдер ғана, көбінесе, шығыс септікте тұрып жанама толықтауыш болады. Кейде меңгеруші сөз қызметінде жақсы, артық, кем, кіші, үлкен тәрізді сын есімдер де жұмсалады. Меңгеруші етістіктер (баяндауыш қызметіндегі) салт та, сабақты да болуы мүмкін. Сабақты етістік баяндауыш қызметінде жұмсалса, шығыс септікті жанама толықтауышқа қоса тура толықтауыш айтылуы да мүмкін. Сөйтіп, кейбір сабақты етістіктер табыс пен шығыс септіктерінде қатар меңгереді. Әр қилы мағыналык, мәнерлер туғызады. Жанама толықтауыштың басқа түрлеріне қарағанда бұлардың қолданылу аясы да кең.

Себеп-салдарды білдіреді: Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қалды... К е у і п қалғандықтан жаңа бүріліп келе жатқан жара сияқтанып т і л і м-т і л і м болған еріндерін ішіне қарай жымқырып, жалай жұтынып қояды (Мүсірепов).

Заттың тегін, неден жасалғанын білдіреді: Өнер-білім бар жұрт-тар т а с т а н сарай салғызды (Алтынсарин). Т а с т а н жер-ошақ жасап, шай қайнаттым (Мұстафин).

Кісінің, заттың, құбылыстың салыстырмалы ерекшелігін, белгісін білдіреді: Е ш т е н кеш жақсы. Сақалын сатқан к ә р і д е н еңбегін сатқан бала артық. Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді (Әуезов).

Іс-қимылдың шығар арнасы болған объектіні білдіреді: Б а р оңештен бірдей оқ боратып, бізді жау атып жатыр (Мүсірепов). Он шақты тал қысқа шаш маңдайынан төмен түсіп, кірпігіне тірелген, оны да байқар емес (Әлімқұлов). С а б а д а н қымыз құй-дырып, ортасына қойдырып (Абай).

Іс-қимылдың өзгеруінің белгісін білдіреді: Ешнәрсе демесе де, Жолдасымның о с ы қарасынан жүрегім лоқсып қалғандай болды (Мүсірепов). Европада және дүние жүзілік көлемде өз билігін,

70
кеңейтуге көз алартуы Эрхардтың атом қаруын иемдену правосын өршелене т а л а п е т у і н е н көрінеді (газеттен).

Шығыс септікті жанама толықтауыш кейде істі істеген, орындаған субъектіні де білдіруі мүмкін. Бірақ ондай субъект грамматикалық тұлғаның ықпалымен жанама объект болып ұғынылады. Үлкен ұ с- т а з қ о л ы н а н талай жас тәрбие алып шықты (газеттен). Бұл сөйлем құрамындағы ұстаз қолынан тіркесі жанама толық-тауыш болумен бірге, логикалық субъект екені де айқын.

Кейбір жанама толықтауыш іс-әрекеттің тірелген, тура келген объектісін білдіреді. Сол ұрыста ол қ о л ы н а н ауыр жараланды (газеттен).

Іс-қимылдың тура объектісінің нендей заттан, пункттен, құбы-лыстан т. б. бөлініп, ажырап шыққандығын білдіреді. Олардың бұ-тақтарынан, не салбыраған мәуелерден алма мен алмұрттың, өрік пен әнжірдің, шие мен шабдалдың неше сорттарын кездестіресің (Мұқанов). Ендеше, осы естіген, көрген ж а й д ан жыр туғызса нетеді? Қызығатының бар ма? — деді (Әуезов). Ішінде қ азақтан төртеуміз (Мұқанов). Түстен бері осы қонақтар Абайдың үстіне келіп сәлем берісіп, түстік а с т а н, күндізгі ш а й д а н ішісті (Әуезов). Егер жанама толықтауыш қызметінде жиынтық зат атаулары жұмсалса, шығыс септікте олар сол зат түгелдей емес,бел-гілі бір ғана бөлігі ажырап шыққандығын білдіреді. Соңғы сөйлемдегі (түстік) астан, (күндізгі) шайдан дейтін сөздер сондай. Егер, ішілген заттың аумақ-көлемін айқындау керек болса, онда сөз табыс септікте (көбіне жасырын түрі) жұмсалып ол бір кесе шай ішті, немесе бір табақ ас ішті түрінде айтылар еді. Заттың аумақ-көлемін айқындау қажет емес реттерде шығыс септікті жанама толықтауыштар қолданылып процеске қатысы бар объект қана айтылады. Жанама толықтауыштардың осы тобымен байланысты сөйлем құрамында мынадай ерекшелік кездеседі: егер сөйлемде жанама толықтауыштардың басқа тобы жұмсалса, керегіне қарай сөйлем ішінде тағы да тура толықтауыш айтылуы мүмкін. Олардың бұтақтарынан, не салбыраған мәуелерден алма мен алмұрттың... неше сорттарын кездестіресің. Ал, сөйлем құрамындағы жанама толықтауыш жоғарғыдай жиынтық зат атауларынан жасалған болса, онда сөйлем ішінде тура толықтауыш қолданылуының мағыналық тұрғыдан ешбір қажеттігі болмай қалады. Қазіргі қазақ тілінде күндізгі шайдан шай ішісті деп сөйлеу норма да емес, оның үстіне ой айқындығы тұрғысынан да ешбір қажеттігі жоқ деп қаралады.

Шығыс септік жалғауын қабылдап, жанама толықтауыш бола-тындар көлем-кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат есімдер, не-месе сондай мәнге ие болған сын есімдер мен зат есімдер, есімдіктер, т. б. Шығыс септік жалғауын қабылдайтын сөздер көп, бірақ басқа мағыналық топңа жататын ондай сөздер сөйлемнің басқа мүшелері болып жұмсалады.

Көмектес септікті жанама толықтауыштар. Көмөктес септікті жа-нама толықтауыштарды, көбінесе, шабу, кесу, сөйлесу тәрізді қимыл етістіктері, танысу, кездесу, ойласу тәрізді күй-қалыпқа байланысты айтылатын етістіктер меңгереді. Көмектес септік жалғауын қабыл-дап, жанама толықтауыш қызметін атқаратын сөздер де көбіне орын-мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ зат есімдер, немесе солардың мағынасына ие болған сөздер. Ондай сөздердің көмектес тұлғасында болуы меңгеруші етістіктің (баяндауыш қызметіндегі) ықпалы, соның лексика-грамматикалық мәнінің салдары. Егер шап-ты деген етістікті сөйлем баяндауышы қызметінде қолданатын бол-са,сол етістік мәнінен туатын бірінші сұрақ нені? одан соң сол мәнді

71
жіктей түсу үшін қойылатын екінші заңды сұрақ: немен? ағашты балтамен шапты. Дегенмен, сөйлем құрамында көмектес септік тұлғасында келген, бір ғана лексика-грамматикалық топқа жататын сөздердің синтаксистік мәні мен қызметі әр түрлі болып та келеді. Сондықтан да көмектес септікті жанама толықтауыштардың негізгі мағыналық топтарын білу қажет.

Істің істелу құралын, немесе істі істеу үшін жүмсалған объектіні білдіреді: Жалғыз-ақ алгаш жығылған күннің ертеңінде, әжесінің бұйрығы бойынша, бір қартаң қатын күн батарда Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (Әуезов). Пакистандықтар үнділердің шептерін минометтермен және пулеметтермен атқылаған (газеттең).

Істі істеу үстіндегі бірлестікті, қоғамдастықты білдіреді: Андрей

Ж а б а й қ а р т п е н шүйіркелесе кетті (Мұқанов). Ақындық ша~ быт кейде осы а д ы р м е н көп сырласқандай болады (Әуезов). Көмектес септікті толықтауыштардың кейбірі заттың басқа бір өңкей заттардан айырықша белгісін де білдіруі мүмкін: Бұл екі кітап бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жанына әлі т і л і м е н де, сыры мен де ұғымсыз кітаптар (Әуезов). Жақсы і с і м е н жақсы (мәтел). А з ы ғ ы м е н жер мүсінді, е ң б е г і м е н е р мүсінді (мақал).

Көмектес септікті толықтауыштар білдіретін мағыналар осы тә-різдес. Осыдан бұрын ескертілгендей, көмектес септікті сөздер сөйлем құрамында екіншібір қызмет — пысықтауыш мүшелер қызметінде де жұмсалады. Қолданылу сферасы мен жиілігін еске алсақ, сірә соңғы түрі мол болуы да мүмкін. Жалпы көмектес септікті сөздер (тіпті жоғарыда толықтауыш есебінде талданган-дардың кейбірі де) үстеулік мән беруге әлдеқайда бейім, ыңғайлы сезіледі. Мысалға жоғарыда келтірілген мына сөйлемді алайық: Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (Әуезов). Осындағы өкпесімен деген сөзге баяндауыштың ыңғайы-мен қалай? деп те сұрақ қоюға болар еді. Немесе: Ағашты б а л т а- м е н шапты — қалай шапты? — түрінде де талдауға әбден болар еді. Дегенмен, көмектес септікті сөздердің бұл тобын жанама толықтауыш деп талдауға үлкен дәлел — олардың сөйлем құрамын-да етістік-баяндауышпен грамматикалық байланысқа түскенде де өздерінің заттық, объектілік мәнінен түғел айрылмауы. Зат есімдер тобына жататын, бірақ конкретті затты емес, дерексіз ұғымды білдіретін сөздер, не контекс ішінде сол мағынада қолданылған сөздер көмектес септікте жұмсалғанмен, сөйлем ішінде жанама толықтауыш ретінде ұғынылмайды, мыс.: Жаңа күн өзінің жаңа жорасын, жаңа тілегін жас көңілмен айтады. Шүкіман кішкене әзіл қатып, тағы да с э н м е н күліп... жігіттің өз-өзіне сенімділігін азырақ ажуа қып отырды. Жастар үріккендей боп түйілген қабақпен, шошынған жүзбен қарасады (Әуезов). Осы сөйлемдердегі жас көңілмен, сәнмен, қабақпен, жүзбен сөздеріне немен? дейтін сұрақ қоюға әсте келмейді. Бұл реттерде тек қана қалай? деген сұрақ қойылады, сөйлем мағынасы осы сұрақты қажет етеді. Сөйтіп, баяндауыш қызметіндегі етістіктің ықпалымен мұндай сөздер көмектес септікте үстеулік жаңа мән алады. Бұлар, әрине, жанама толықтауыш емес, пысықтауыш мүше деп қана қаралғаны жөн.

Бұл айтылғандардан басқа, туралы, жайында, жөнінде демеуле-рінің негізгі сөздермен тіркесі де жанама толықтауыштық қызметте жұмсалады, мыс.: Ж е ң і с т у р а л ы сұрастыра берсеңіз, көп-теген жәйттерді естисіз, бәрі де мақтау, ел ризалығы (газеттен). Мен сіздерге тек өзбеттеріңізбен оқу ж ө н і н е н ақыл бер-

72
мекшімін (Калинин). Негізгі сөздер мен осы демеулердің тіркесі сөй-лемде айтылған ойдың бағытын, бағдарын білдіреді.


Анықтауыш
Анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да, соғаң қатысты болады. Мысалы: С ә л д е л і кісі ернін анда-санда бір қимылдатып ұзақ отырып, жұрттың қары талған кезде алақандарын маймитып әкеп бетін сипады (Мұқанов). Анықтауыштың мән-мағынасы да сол анықталатын сөзбен бір тіркесте қарастырғанда ғана анық байқалады. Соның салдарынан, анықтауыш пен анықталатын сөз сөйлеуде де бір әуенмен, бір ғана ритмикалық топта ғана айтылады. Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесінің мұндай тығыз бірлігі кейде сөйлеу практикасында олардың күрделі сөзге айнальш, қалыптасуына да негіз болатын тәрізді. Жарқабақ , қарағаш тәрізді біріккен сөздер мен Көктің көлі, Иіркөл, Талдықорган тәрізді жер-су аттары, әрине, о баста анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесі болғанына сөз жоқ. Дегенмен, осы ізбен анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесін бөліп-жаруға келмейтін бір ғана лексика-грамматикалык, единица деуге болмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі анықтауыштар сөйлем құрамында лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар элемент ретінде өзіне лайық синтаксистік функцияны атқарады.

Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер — сын есім-дер. Ж а р а у, ж а т а ғ а н, қ а р а г е р ат пен қ а р а к ө к биені жетегіне алып Нұрыш келеді (Әлімқұлов). Сонымен бірге, сан есімдер де осы қызметте жұмсалуға лайық: Ат-сойылы, дайын отырған Бөкенші табынан жүз жігітті жүз боз атқа мінгізіп жіберіп, дәл күн батарда Жігітекке аттандырды (Әуезов).

Бұлардан басқа, анықтауыш қызметінде зат есімдер мен есімдік-тер, етістіктің есімге жақын топтары (есімшелер мен қимыл есімдері), т. б. сөздер де қолданылады. Бірақ ондай сөздер сөйлем, сөз тіркесі құрамындағы тұрған орыны, не арнаулы грамматикалық тұлға аркылы өздерінің бұрынғы мәнінен ажырап, сын-сапалық, тәндік мәнге ие болғанда ғана анықтауыш бола алады. Қараш пен Елеусіз қ и ы р ш ы қ жолмен шоқыта тасырлата жөнелді ...Нұрша самарқау оянды да, алақанын шырағданныц сәулесіне тосып қалқалап қарады (Әлімқұлов). Саған кезкелген адам шешіліп сырын айта бермейді. Ертеңнен кешке дейін... б о с қ ы н халық ағылуда (Ахтанов).

Бірінші, үшінші, төртінші сөйлемдер құрамындағы қиыршық (зат есім), кезкелген (есімше), босқын (қимыл есімі) сөздері өздерінен соң тұрған есім сөздермен орын арқылы байланысып анықтауыштық мән алған. Егер олардың орнын өзгертіп есімдерден соң қойып айта-тын болсақ, олардың синтаксистік қызметі де өзгеріп кетер еді. Сон-дай-ақ, екінші сөйлем құрамындағы шырағдан зат есімінің анықтау-ыш қызметінде жұмсалуы да ілік жалғауына байланысты екені анық.

Анықтауыштар, негізінен, сөйлемнің бастауышын анықтайды, соның сындық сапасын, мөлшер санын, тәндік белгісін, әлде процес-суалдық ерекшелігін білдіреді: Қалиманың төркіндері бірінен соң біріне жылжып, соларда екі күн жатты (Мұқанов). Сол күні, құ-дай көрсетпесін, бір қатты боран басталып,... бар қой ығып кетіп қырылыпты... (Әуезов). Дегенмен, анықтауыштар тек қана бастау-ышқа қатысты болып қалмайды, ол есімнен болған толықтауышқа да, тіпті есім баяндауышқа да қатысты болып, солардың сындық сапасын, т. б. білдіріп тұрады.

73
Соңғы күндер көбінше домбыра алып, м ө л д і р күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді (Әуезов). [ол] қысты күндері а у ы р жұмысқа жарамайды, (Мұқанов). Күйеуі де т ы м т ә у і р қызметкер (Ахтанов). Жүрек дірілі мен сұсы аралас е р е к ш е кескін (Ахтанов). Осы сөйлемдер құрамындағы мөлдір, сұлу, ауыр — сөздері толықтауыштарды (күйлер, әндер, жұмысқа) анықтаса, тым тәуір, ерекше сөздері есім баяндауыштарға (қызметкер, кескін) қатысты айтылып, солардың сындық сапасын білдіріп тұр.

Сөйтіп, әдетте, анықтауышты бастауыш тобына ғана қатысты деп қарайтын көзқарастың мызғымас заң бола алмайтындығы көрініп отыр. Қазіргі қазақ тілінде анықтауыштың сөйлемдегі орынын анықталатын сөз ыңғайында ғана айқындауға болады. Ол анықтала-тын сөздің ыңғайымен бірде сөйлемнің басқы позициясында келсе, бірде орта шенінде, бірде тіпті сөйлемнің соңғы бөлімінде де жұмса-луы мүмкін. Сонымен анықтауыштың сөйлемдегі мәнін жалпы сөй-лем құрамының ерекшелігінен қарастырмай, анықтауыш — анықта-лушы сөз байланысы тұрғысынан қарастырғанда ғана айқын түсіну-ге болады.

Сөйлем құрамында бір сөзге бірнеше анықтауыштар қатысты бо-лып, бірыңғай анықтауыштар қатарын құрады: Олар автобустан түсіп, т ө р т қ а б а т т ы ш о м б а л, сүр үйге қарай бұрылды (Әлімқұлов). Мұндай бірыңғай анықтауыштардың ішінен сапалық, тұрақты сынды білдіретіндері анықталатын сөзбен іргелес келіп, арасына сөз салмай байланысады да, қалғандары алшақ тұрып байланыса береді. Әдетте, анықталатын сөзден ең шеткері тұратын-дар есімшелерден болған анықтауыштар.

Кейде іргелес тұрған анықтауыш пен анықталатын сөз біртұтас грамматикалық топ болып ұғынылады да, басқа анықтауыш сол грамматикалық топқа тұтас қатысты болып соны түгелімен анық -тайтын болады. Жоғарыдагы төрт жігіт Қодар денесін қаумалап, ілгерлі-кейінді толқытып тұрып, бір кезде тастап жіберді. Болыс өзі мен маңындағы атшабар, старшындарының аттарынан құрастырып төрт пәуескені екінді кезінде зорға жүргізді (Әуезов). Бірінші сөйлемдегі жоғарыдағы анықтауышы төрт жігіт тіркесін тұтасымен анықтап тұр. Сондай-ақ, екінші мысалдағы өзі мен маңындағы дейтін анықтауыштық тіркес атшабар, старшындары-ның аттарынан дейтін анықтауыштар мен анықталушы сөз тіркесіне тұтас қатысты айтылған. Мұндай анықтауыштар есімнен болған мүшені әр түрлі жағынан сипаттайтын болады. Сонымен қатар, бір ғана анықтауыштың екі, я үш түрлі анықталушы сөзге қатысты айтылуы да кездеседі: Сипағанда талғамай сипаса, инесін қадарда екі сирақтағы жара мен жарықты тауып алып қадайды (Мүсірепов). Міне, осының салдарынан өткен жылы қаладағы базалар мен қоймаларда көп товар жатып қалды (газеттен).

Анықтауыш пен анықталушы сөз арасындағы қатынастың мұн-

дай ерекшеліктері тек қана сөйлем құрамында болуы мүмкін. Бұлар сөз тіркесі аясына сыймайтын, сөйлемнің ритмикалық заңдылықта-рынан ғана туатын құбылыстар.

Анықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келеді. Бір ғана сөзден жасалған анықтауыштар дара болады. Көңілдегі жел осылай басылды, бірақ ә л і т ө з і м д і, қ а й ы с п а с ерлік келген жоқ (Ахтанов). Екі я үш сөзден, сөздер тіркесінен жасалғандар күрделі анықтауыш болады. Аспанды қ а р а қ о ң ы р бұлт торлап алды... Ең шетіне б а р м а қ басындай май қойыпты. Ж а л ғ ы з-ж а ры м әйелдер, балалар тұра қалып, поезға қол



74
бұлғайды (Ахтанов). Күрделі анықтауыш жасайтын сөз тіркестері бөліп-жаруға келмейтін лексикалық единица есебінде ғана ұғынылады. Күрделі анықтауыштардың бірнеше жасалу жолдары бар. Солардың басты, негізгілері мынау:

1) Екі негізгі сын есімдердің өз ара тіркесіп барып басқа бір мү-шеге анықтауыш болып қолданылуы: Аспанды қ а р а қоңыр бұлт торлап алды. (Ахтанов). Астындағы қойшылар мінген қ а - р а к е р бесті үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қоя береді (Майлин). С е ң г і р-с е ң г і р таулардан секіріп алып жөнелді (эпос);

2) Негізгі сын есім мен қатыстық сын есім тіркесі: Сұңғақ б о й- лы, к е ң жауырнды,... к е ң м а ң д а й л ы,,.. шолақтау дөңес мұрынды, ...сүйірлеу иекті, толық мойынды, аршын т і к д е- н е л і Байжан жолыққан сайын Гүлнардың құмарлығын арттыра түсті (Мұқанов). Күрделі анықтауыштардың бұл тобының жасалуындағы мына бір ерекшелікті атап айту керек: ең әуелі негізгі сын есім мен зат есім тіркесі барып құралады да (кең маңдай, аршын тік дене, сүйірлеу иек, кең жаурын т. б.) сөйлем кұрамында басқа бір есімнен болған мүшеге қатысты болудың салдарынан барып, тіркестің соңғы компоненті — зат есім сын есімдік қосымшаны қабылдайды. Сөйтіп, алдыңғы сын есім (тіркестің бірінші компоненті) туынды сын есімнің (тіркестің екінші компоненті) анықтауышы болады да, оның өзі (туынды сын, есім — екінші компоненті) есімнен болған мүшемен тікелей байланысады. Мұндай анықтауыштардың анықталатын мүшемеи байланысын шартты түрде сатылы байланыс деп айтуға болар еді: кең —► маңдайлы жігіт. Күрделі анықтауыштардың бұл тобы қазіргі әдеби тілімізде кең жайылған құбылыс;

3) Негізгі сөздер мен көмекші есімдер тіркесі сын есім тудыратын -ғ ы\\-г і жұрнағын қабылдау арқылы күрделі анықтауыш болады: Т а ң алдындағы мұнар мен қалғыған Көкшетаудың биігінің басына қарап тұрды (Сейфуллин)... Екінді әлетінде тұрып далаға шықсам, ауылдың с ы р т ы н д а ғ ы белесте ішінде Қажыбай ақсақал бар бірталай адам сөйлесіп отыр екен (Майлин). Ү й ішіндегі үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды (Әуезов).



-ғ ы\\-г і жұрнағы арқылы негізгі, не туынды сын есімдердің зат есіммен тіркесі күрделі анықтауыш болады: Ж е л с із түндегі үнсіз ауаны қақ жарып ақырған отарбаның дауысы, жұмсақ, әдемі тынық түнде маужыраған, қалғыған төңіректі селк еткізді (Сейфуллин). Сілтеу есімдігі мен зат есім тіркесі де осы тәсілмен күрделі анықтауыш болады: С о л күнгі ауаның райы да әлі күнге есімнен қалмайды (Сейфуллин). Сан есімдер мен зат есімдер тіркесі де -ғ ы\\-г і аффиксі арқылы күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады: Е л у қадам жердегі нәрсе, қара-құра, завод үйлері көрінбейді (Сейфуллин). Осы ізбен күрделі сан есімдер де күрделі анықтауыш болады: Жұрттың он а л т ы д а - ғ ы баласы кісіге жалданып, я үйінде кәеіп етіп әке-шешесін асырап отыр (Майлин). Кейде қимыл есімдері де -ғ ы/-г і аффиксі арқылы (-дағы/-дегі) өз айналасына топталған сөздермен бірге күрделі анықтауыш бола алады: Жарыс озаттарының.. ө н -д і р і с резевтерін т о л ы қ пайдаланудағы тәжірибесін іліп әкетіп, бүкіл жұртшылыққа тарата білу керек («Соц. Қаз.»). -ған, -атын тұлғалы есімшелер мен зат есімдер тіркесі де –ғы // -гі аффиксі арқылы сол қызметте жұмсалады: Өткен түнгі оқиға оның есінен шықпай қойды (газеттен);

4) Мына төмендегідей сөздер тіркесі -лы аффиксі қосылу арқылы күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады:

75
Екі зат есім тіркесі: Қиял бірден бірге көшіп... «жүлдыз к ө з д і, ай м а ң д а й л ы» сұлуға келіп тірелді (Сейфуллин). Сан есім мен зат есімдер тіркесі: Солардың ішінде де он б е с-ж и ы р м а қ о й л ы, о т ы з- қ ы р ы қ қойлы әлсіздерге барды (Әуезов);

5) Мынадай сөздер тіркесі қосымшасыз қатар тұру арқылы күр-делі анықтауыш болады: екі сын есімдер тіркесі... Көк шолақ ат күректің тықырымен Егеубайды танып, жжем іздеп оқыранып қойды (Майлин). Сын есім мен зат есім тіркесі: ...қара қыл шылбыры жұпыны көрінгенімен бәрі бір-біріне үйлесімді еді (Сейфуллин). Есімше мен туынды сын есім тіркесі: Асқақтаған т а у с ы з, мұнартқан ормансыз... шөл даладан бұл жерге келген Асқар рақаттанып қалды (Мұқанов). Екі зат есім тіркесі: Қамыс құлақ ат мініп қолына бүркіт қондырып кәрі аңшы ауға шықты. Алайда мұндай тіркестер қазіргі әдеби тілімізде соншалық мол емес. Сан есім мен зат есім тіркесі: Кәдірдікі мал сойып... бес ауыл агайынның басты-бастыларын шақырып, жаңбыр алдында дәм татқызып, бата қылдырып тарқатты (Сейфуллин);

6) Күрделі анықтауыштардың қазіргі әдеби тілімізде кең тараған түрі — есімшелі тіркестер. Күрделі анықтауыш қызметінде жұмсал-ған есімшелі тіркес компоненттері өз ара меңгеру, қабысу арқылы байланысып келеді. Мысалдар: Кішкене қолы тырбиып, уысына

с ы й ғ а н бір-екі шөпті, сырғауылды сындырғандай қылып сындырады, Терезенің к ө з і н е н т ү с к е н күн сәулесі Бақыттың бетінен сүйіп, еркелетіп ойнатқандай болады... Сыздық шын с ү й і с к е н жүректен айрылды (Майлин). Күн батып бара жатқан кезде күйеулер о т ы р ғ ан үйден үш-төрт жігіт шығып, қ ы з-к е л і н ш е к о т ы р ғ ан үйге қарай жүрді (Сейфуллин). Күрделі анықтауыш қызметіндегі есімшелі тіркестер кейде күрделі құрамды, жайылыңқы да болып келеді: Ана Кәдірдің үлкен баласы С о н а б а й д ы ң ү й і н і ң с ы р т ы н д а жолдастарымен о т ы р ғ а н төрт-бес кісі сол Боранбайдың баласы. (Сейфуллин). Мұндай күрделі тіркестер құрамындағы сөздер қаншалық көп болғанмен, бәрі де не сатылай келіп, немесе тікелей тіркестің соңғы басыңқы компоненті есімшеге қатысты болып, соның мән-мағынасын әр түрлі жақтан айқындап, саралап тұрады. Жоғарғы сөйлемдегі Сонабайдың үйінің сыртында жолдастарымен отырған дейтін анықтауыштың шумақты басыңқы компонент — есімшеге қатысы тұрғысынан екі топқа бөлуге болар еді: Сонабайдың үйінің сыртында отырған, жолдастарымен отырған. Сөйлем құрамында осы шумақ тағы да одан әрі күрделене түскен: Ана Кәдірдің үлкен баласы. Бірақ соңғы тіркес есімшеге қа-тысты емес, шумақтың құрамындағы Сонабайдың сөзіне қатысты, соның анықтауышы болып тұр. Сөйтіп, күрделі анықтауыштардың құрамы кейде соншалық кең, аумақты да болып отырады. Дегенмен, мұндай жайылыңңы күрделі анықтауыштар өзі ішінде қатысты сөзі-нің ыңғайына қарай жіктеліп тұрады. Ондай топтардың бірі мағына лық жағынан да, грамматикалық жағынан да басыңқы, ал екіншісі қай жағынан да бағыныңқы топ болады. Жоғарғы сөйлем құрамын-дағы күрделі анықтауыш та сондай: Ана Кәдірдің үлкен баласы — бағыныңқы топ та, Сонабайдың үйінің сыртында жолдастары-мен отырған — басыңқы топ;

7) Күрделі анықтауыштар жалқы есімдер мен сықылды, сияқты. тәрізді, дегвн, дейтін тәрізді көмекші сөздердің тіркесінен де жасалады: Қатыны өлген, үйінде жетім баласы бар, бетін шешек жеген, қисық қара сақалды Шәкір бай атақты, мықты адамдар қыздарын отыз шақты қараға бере қоймайтын болған соң бөтен елге келіп, К ә д і р с и я қ т ы кісінің А йш а с и я қ т ы көк өрімдей қызын мал-жанын сала қадалып алгалы жатыр...



76
Міне, Боранбайдың Шәкірі біреу-ден Кәдір дегеннің А й ш а д е г е н тал шыбықтай бұралып отырған қызы бар дегенді естіп келіп, әлгі жөнмен екі күннен бері Бименде байдың Қоржынбай деген «дәвернәй» кісісін салып, Кәдірдің өзімен, үлкен балаларымен және Кәдірдің ағайындарымен сөйлесіп келісіп отыр (Сейфуллин). Сияқты, сықылды, тәрізді, деген сөздерінің мұндай тіркес құрамын-дағы қызметі — өзінен бұрын тұрған жалқы есімді кейінгі есімнен болған мүшемен атрибуттық қатынасқа түсіру. Сөйтіп, бұлар мұндай реттерде сөз бен сөзді байланыстырушы аффикстің қызметін атқарады. Күрделі анықтауыштардың бұл тобының алдыңғы топтардан ерекшелігі де осында. Күрделі анықтауыштың басқа топтарының мән-мағынасы бір-бірімен байланысқа түскен негізгі сөздердің лексикалық жағынан ұласуынан қалыптасатыны белгілі. Ал, мына топтың мағынасы ондай күрделі емес, негізгі сөз — жалқы есім де, екінші компонент грамматикалық байланыс тәсілі дәрежесінде ғана.

Үйірлі анықтауыштар деп аталатын синтаксистік топ өзінің мүм-кіндігіне қарай сөйлем құрамына ұқсас болады: Төменде жалғыз қа-бат төселген сәкі, басқа жасталмай қабырғада ілулі тұрған қынама бел шинельдер, фуражкалар, мойынға асатын былғары сумкалар, іргеде тұрған радиола, стол үстінде қатарынан жанған үш шырақ, жалпы вагон ішіндегі кеңістік — мұнда командирлер келе жатқанын аңғартады (Аханов). Осы мысалдағы курсивпен берілген анықтау-ыштық топтардың қайсысы да өз ішінде жіктеліп, сөйлем мүщелерінің қызметіне ұқсас мәнде жұмсалған. Төменде жалғыз қабат төселген (сәкі) тобын баяндауыш (төселген) және пысықтауыш (төменде, жалғыз қабат) мүшелерге ажыратып қарауға да болар еді. Бірақ мұндай синтаксистік топтар сөйлем құрамындағы бір сөзге ғана қатысты болып, сонымен бір ритмикалық топта айтылып, бір ғана сөздің қызметін атқарады.

Анықтауыштар жасалу жолдары мен байланыс тәсілдеріне қарай

қ а б ы с а байланысқан анықтауыштар (немесе сапалық анық-тауыштар) және м а т а с а байланысқан анықтауыштар (немесе меншік анықтауыштар) дейтін топтарға бөлінеді. Анықтауыштардың мұндай түрлері осы қызметте жұмсалатын сөздер мен олардың мағынасынан сөз тіркестері құрамында пайда болады. Анықтауыштык қатынастағы сөз тіркестері жоғарыда айтылғандықтан, соларды қайталамау үшін бұл арада анықтауыштар түрлерін санап қана өтеміз.


Қабыса байланысқан анықтауыштар
Өзі қатысты сөзбен қабыса байланысып, анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер — сын есімдер мен сан есімдер, етістіктің есімге ұқсас түрлері (есімше және қимыл есімдері), зат есімдер және есім-діктер.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет