Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет10/26
Дата15.09.2017
өлшемі10,1 Mb.
#33269
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

91
ауылдарға тегіс шапшаң кісі шаптырыңдар. Ұйқысы қатты еді, әрең ояттым (Әлімқұлов). Теңіз тағы да ала й-түл е й долдана-тын болар, дейді Володя (Мүсірепов).

Осы қызметте -ша/-ше жұрнағы арқылы есімдерден жасалған ту-|ынды үстеулер де қолданылады, мыс.: „..Әнді сүйсең, менше сүіі (Абай). Турникке ойнағанда ол ұршықша үйірілетін (газеттен). Құмырысқадай қаптаған сұрғылт түсті жауға қарсы Совет адамдары е р л е р ш е күресті.

Іс-қимылдың қимылдық сапасын, белгісін білдіріп, амал пысық-тауыш қызметінде жиі жұмсалатын сөздер сын есімдер. Бұл қызмет- те негізгі сын есімдер де, сонымен қатар басқа сөз таптарынан жұр- нақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер де кездеседі, мыс: Мирошник с ы п а й ы ғ ан а езу тартты да, қолымды қысып отыруға нұсқады... Сол біраз қалжыңмен талай күнгі азап ауырлығын жуып тастағандай, жауынгерлерім ж е ң і л жүріп келеді... Жалғыз зар қаққан домбыра үні ә л с і з сарнады (Мүсірелов). Ж а қ с ы айтты-ау... Салтанаттың алтынды шолпысы бірде жіңішке шыңғыр салып, бірде сылдырай түседі (Әуезов). Туынды сын есімдердің ішінде, әсіресе, көп жұмсалатын-дары -дай/-дей аффиксі арқылы жасалған сын есімдер. Қазір-ақ үсті-басымыз малмандай болып, жаураған қ о й д а й бүрсиеміз-ау (Мүсірепов)... Бірақ мына суретте сол жарастық шымыр денсаулыққа арманшыл көңіл күйіне жалғасып тұрғанын айтқанда, Лиза әлденеден ұ я л ғ а н д а й қызарып кетті (Әлімқұлов).

Сын-сапалық пысықтауыш қызметінде -ып/-іп және -а (-е, -й) тұлғалы көсемшелер де жиі қолданылады. Жапырақ көгермей солды, жастық г ү л д е н б е й өлді... Осындай бір қол босағанда еске алсақ, күн асқаи сайын к ү ш е й е түседі (Мүсірепов). Нелла Борисованың өзі жақтауын пісіре түс дегендей ш а л қ и жадырап, үй ішінде киетін кең қара жібек шалбарын сусылдатып, әрі-бері кө-леңдеп өтті (Әлімқұлов).

Көсемшелердің амал пысықтауыш мәнін беруі олардың баяндау-ыштың тікелей алдында келуіне байланысты.

Істің істелу тәсілі мен амалын, орындалу ерекшелігін білдіріп, амал пысықтауыш қызметін атқаратын сөздер щырын, жай, жал-ма-жан, шапшаң тәрізді үстеулер, мыс.: Көкіректегі байлаулы арыс-тан қозғалып, бостандықты ойлап ақырын қимылдайды (Сей-фуллин).



-ша жұрнағы немесе басқа да тәсіл арқылы жасалған кейбір ту-ынды үстеулер де істің істелу тәсілін, орындалу ерекшелігін білдіре-ді: Кісі мінезіне жүйрік Әйгерім ө з і н ш е оқшау сын жасаған (Әуезов). Батыраш көк арбаны орталап салып алған шөптің үстінде шалқасынан жатыр да, екі жігіт оны ұстап отыр (Мүсірепов).

Көмектес, шығыс, жатыс септікті кейбір есім сөздер де етістік баяндауышқа қатысты болып, амал пысықтауыш қызметін атқара алады, мыс.: Басына т о б ы қ т ы ү л г і с і н д е тымақ та тігіп берген еді (Әуезов). Ж ү р е к т е н сүйіп еліңді, жұрт мейірін қан-дырдың (Сыздықов). Чиновникке тұңғиық қара көк көздерін кейіс- пен бұрды. Абайға соншалық м е й і р л і жүзбен, к ө з қ иығымен бір қарап, бетін басып төмен иілді (Әуезов).

Амал пысықтауыштық қызметте жұмсалатын мұндай сөздер, кө-бінесе, дерексіз зат атаулары болып келеді. Оның үстіне, олардың көпшілігі-ақ көмектес септік арқылы ғана амал пысықтауыш болады. Жатыс, шығыс септік жалғауларында тұрып мұндай функцияға ие болатын сөздер әлдеқайда аз. Бұл айтылғандардан басқа, шығыс септікті мына тәрізді сөздердің амал пысықтауыш қызметінде жұмсалуы кездеседі, мыс.: Бұл үйдің адамдары...

92
бірін-бірі қабагынан, е р н і н і ң емеурінен таниды. Біраз бұрын ел отырғаны ә л і к ө н е р е қоймаған ү й орындарынан ғана білінеді (газеттен). Мұндай сөздер осы мағынада арқылы көмекші сөзімен келген тіркестерге синоним болады. Жоғарғы мысалдарды... үй орындары арқылы ғана білінеді, ....қабағы арқылы таниды деп өзгертіп айтуға болар еді. Онда сөздердің қолданылу ерекшелігі айқындалып мән-мағынасы күдік туғызбас еді. Алайда, осы тәріздес сөздердің барлығы бірдей шығыс септікте амал пысықтауыш бола алмайды. Олардың көпшілігі осы тұлғада толықтауыш қызметінде жұмсалуға әлдеқайда бейім, лексикалық мағыналары да соған сай.

Есімдердің амал пысықтауыш қызметінде жұмсалуына байла-нысты айтыла кетуге тиіс бір жәй — сондай есім сөздердің екі жақ-тылығы. Осыдан бұрын толықтауышқа байланысты ескертілгендей, кейбір есім сөздер көмектес септік тұлғасында екі түрлі түсінілуі мүмкін: жанама объектілік мәнде, немесе амал пысықтауыш мәнде. Дерексіз зат атауларын былай қойғанда, конкретті зат есімдердің өз-дері де көмектес септік тұлғасында екі түрлі сұраққа (немен? қалай?) жауап беруі мүмкін. Ол ауылға а т п е н келді. Осы сөйлемдегі ат-пен сөзіне қалай? деп те, немен? деп те сұрақ қоюға болар еді. Дегенмен, сөйлем құрамында өзінің бұрынғы заттық мәнінен ажырамаған сөздер жанама толықтауыш деп, ал, дерексіз зат есімдер және бұрынғы заттық мәнінен сөйлем құрамында ажырап қалған сөздер амал пысықтауыш деп танылғаны жөн (кейіспен бұрылды, жақтырмаган қабақпен қарады).

Есімдер мен арқылы, құрлы шылау сөздерінің тіркесі де амал пысықтауыштық мән береді. Елеңдей қарасып,ақтар да тілмаш ар-қылы бұл хабарды есітіп, апыл-құпыл аттана жөнелді (Сейфуллин).

Несі бар, жаман Несіпбай қ ұ р л ы істей алмас дейсің бе? (Майлин).

Кейде сөйлем құрамында тәрізді, сияқты, сықылды сөздерінің есімдермен тіркесі де етістік баяндауышқа қатысты болып, амал пы-сықтауыштық мән туғызады: Тыңдаған жұртқа ол к е к е ш с и я қ-т ы көрінді. Есіктен кірді де, цалжыраған а д а м т э р і зд і отыра кетті босағаға (« Қазақ әдебиеті»).

Осы қызметте қарай, бойынша сөздерімен келген тіркестер де амал пысықтауыштық қызметте қолданыла алады: Бастықты бағы-ныштылары түріне қарай бағаламайды, тындырған ісіне қ а р а й бағалайды... Оның жыл бойғы істеген ісі, бітірген шаруасы, келтірген пайдасы жылдық қ о ры т ы н ды б о й ы н ш а сарапқа салынып, әділ бағасын алуы керек (газеттен). Дегенмен, бұл тәрізді тіркестер әр уақытта амал пысықтауыштық қызметте жұмсалады деп қорытындылауға болмайды.

Тіркестің бірінші сыңары болатын негізгі сөздің лексикалык мәніне және синтаксистік қоршауға қарай олардың сөйлем ішіндегі функциясы да құбылып отЫрады.

Бұл қызметте ең жиі жұмсалатындар — еліктеуіш сөздер. Елік-теуіш сөздер сөйлем құрамында, көбінесе, етістік баяндауышқа қа-тысты болады да, іс-қимылдың істелу ерекшелігін, тәсілін білдіріп, амал пысықтауыш мәнін береді. Дон өзені шұрқұрқ тесіліп, қайта тасып кетті... Сөйткенше болған жоқ, төбеден тасталған екі граната ішке түсіп, гүрс-гүрс қатар жарылды (Мүсірепов). Жүректен тиген қатты тепкіден Нұрғаным талықсып барып сылқ құлап түсті (Әуезов).

Еліктеуіш сөздер және кейбір есімдер е, де көмекші етістіктері-мен, немесе басқа бір көмекші етістікпен тіркесіп,тұтас тіркес күйін-

93
де амал пысықтауыштық қызмет атқарады. Жұқа көкше мұз сынған айнадай жалт-жалт етіп сумен бірге атылып, сыңғырап келіп жағаға түсіп жатыр. Өткелді ө т к е л д е п сұрау керек (Мүсі -репов).

Еліктеуіш сөздерден жасалған көсемше етістіктер де іс-қимыл-дың тәсілін, істелу ерекшелігін білдіреді. Абылғазының көңлі жүй -ріктігіне сүйсініп кеткен Абай с а қ ы л д а п күліп жіберді (Әуезов).

Кейде бірге көмекші есімімен келген түйдекті тіркестер де амал пысықтауыштық мән береді: Жұқа көкше мұз сынған айнадай жалт -жалт етіп, с у м е н б і р г е атылып, с ы ң ғ ы р а п келіп жағаға түсіп жатыр (Мүсірепов).


Мақсат пысықтауыш
Мақсат пысықтауыш іс-қимылдың арналған мақсатын, көздеген ойын білдіреді.

Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын арнайы сөздер әдейі, әдейілеп, арнайы, жорта, қасақана тәрізді мақсат мәнді үстеулер. Кейде ешбір тұспал сөз, тілек, сылтау Әйгерім жағынан тумаса да, Абай үншіл жүйрік домбыраны ә д е й і Әйгерім үшін тартатын (Әуезов). Ол қ а с а қ а н а қырыс сөйледі.

Мақсат пысықгауыш қызметін атқаратындар -ғалы тұлғалы көсем-шелер. -Ғалы көсемшелері сөйлем құрамында, негізінен, екі түрлі мәнде (мақсаттық және мезгілдік мәндерде) ғана қолданылады. Со-ның ішінде, мақсатты білдіруі — бұл көсемшелердің басты мағы-насы болса керек. Ал, мезгілді білдіруі — тіркесетін сөздің ықпалымен синтаксистік қоршауға байланысты беретін мағынасы. Мен оның кескінін к ө р г е л і қанша үңілсем де, қарауытып кеткен жүзіне, бетіне батып кеткендей көзіне жарық дұрыстап бір түспей қойды (Мүсірепов).

Осы қызметте кейде -а, -е, -й және -п тұлғалы көсемшелер де жұмсалады. Сығырайған білте шамның қылп-қылп еткен жарығымені лейтенант қағазын жазып отыр да, мен мінезін танығым кеп қ а д а л ы п тұрмын (Мүсірепов). Лосовский арқылы бір үміт бола ма деп к е л і п едім. Бағанағы топ артынан А б а й -д ы ң х а б а ры н б і л е келген екен (Әуезов).

-а, -е, -й және -п тұлғалы көсемшелер мақсат пысықтауыш қыз-метінде дара жұмсалмайды, жоғарғы сөйлемдердегідей өздеріне қа-тысты, бағынышты сөздермен қосарлана, тұтас топ болып қолданы-лады. Бұндай реттерде әлгі көсемшелерге қатысты сөздер тек қана есімдер емес, кейде бұйрық, қалау рай тұлғалы етістіктер де болуы мүмкін, мыс.: баламды медресеге б і л д еп бердім (Абай).

Мақсат пысықтауыш қызметінде барыс септік жалғаулы қимыл есімдері де жұмсалады. Қазір біз сол маңайды барлап қайтуға келеміз. Бөлек-бөлек, жеңіл-жеңіл топтар деревняның әр тұсынан қадалуға кетіп барады (Мүсірепов). Енді ыңыршағымды арқалап, кезбені қойып, мынадай ел арасына байыздауға келдім (Әуезов).і

Қимыл есімдері үшін, мақсатымен, ниетімен сөздерімен тіркесіп келіп те мақсаттық мән туғыза алады. Колхозшылар алдағы жылы; егіннен мол өнім алу ү ш і н қажырлы еңбек етуде (газеттен). Жұмыста мұндай кемшіліктерді енді қ а й т а л а т п а у м а қ- с а т ы м е н басқарма арнаулы қаулы қабылдады. Әкесі баласын қалайда к ө н д і р у н и е т і м е н келіп еді.

Себеп пысықтауыш. Пысықтауыштардың енді бір тобы — іс-қимылдың болу себебін, не сол қимыл-әрекеттің болу-болмауына турткі болған жағдайды, белгіні білдіреді. Мұндай пысықтауыштар қимыл-әрекеттің болу-болмауына қатысты себеппен қатар, іс-әрекеттің нәти-

94
жесінен, салдарынан болған ерекшеліктерді де білдіруі мүмкін. Мы-салы: Ол қысылғаннан қызарып кетті, Ол аурулы себепті жиналыс-қа қатыса алмады. Егер алдыңғы сөйлем құрамындағы цысылғаннан дегең сөзді цызарып кетті баяндауышының себебі деп танысақ, соңғы сөйлемдегі аурулық себепті тіркесі әрі қатыса алмады дейтін баяндауыштың себебі есебінде, әрі оған дейінгі басқа бір күй-қалып, процестің салдары болып ұғынылады. Сөйтіп, кейде себептік мән мезт салдарлық мән бір-бірімен астасып жатады. Себептік мән туғызатын үстеулер қазақ тілінде көп емес. Сөйлем құрамында себеп пысықтауыш болып, себептік мән туғызатын үстеулер мыналар: босқа, құр босқа, бостан бос, амалсыздан, лажсыздан, амал жоқтықтан, шарасыздан, әншейін, құр әншейін, жәй, жәйдан жәй.



Талайының үйіне жаңағы сөзді амалсыздан қосып хат та жаздым (Мүсірепов).

Себептік мәнде жиі қолданылатындар -дық тұлғалы қимыл есім-дерінің шығыс септік тұлғасы. Осы күйлерді сезгендіктеи Абай әдейі үндемей кетті (Әуезов). Балға солай дәніккендіктен Қайыркенің «араның ұясын таптым» деген сөзіне иландым да, соңына ердім (Мұқанов).



-ған тұлғалы есімшелер де шығыс септікте тұрып себеп пысық-тауыш қызметін атқарады. Председателъ қысылғаннан абдырай қалды да, жөнді жауап қата алмады (газеттен).

-ған есімшелері соң, үшін, себепті көмекші сөздерімен тіркесіп келгенде де себеп пысықтауыштық қызмет атқарады. Әке-шешем кешке дейін тосады да, келмеген с о ң әкем өрген жагына жаяу іздеп кетеді (Мұқанов). Мұғалім сабақ б і л м е г е н і ү ш і н бала-ға қатты ұрысты.

Себеп пысықтауыш қызметінде шығыс жалғаулы көңілшектік, жеңілтектік, жалқаулық, кедейлік, байлық тәрізді абстракт зат есім-дер де жұмсалады. Кедейлігінен бе, дәуірлері жүріп түрған кезінде тізелерін батырғандықтан ба, бүл елде төре атаулыдан жексұрын кісі жоқ (Мұқанов). Кедейліктен қол қысқа, шырағым, деді шаруа (Ертегілер).

Кейде көсемшелер де өз айналасындағы сөздермен бірге себеп пысықтауыш қызметін атқарады. Бірақ осылай деп қыздың бағын байлап отырғаны болмаса, қалың малын да түгендемей, ұрын да келе алмай, өз әйелінен аса да алмай шырмалып жүр екен (Әуезов). Әрине, көсемшелермен келген осындай тіркестерді кейде амал пысықтауыш деп талдауға да болатын тәрізді. Бірақ, соларды баяндауыш мәнімен салғастырып, сонымен байланыста қараса, баяндауышта айтылған іс-әрекеттің себебі екендігін байқауға болады. Солай екендігі оны синтаксистік синонимімен салыстырғанда бірден көзге түседі. Жоғарғы сөйлемдердегі көсемшелі тіркесті әйелінен аса алмағандықтан шырмалып жүр екен деп айтатын болса, себептік мәні айқындалар еді.
Мөлшер пысықтауыш
Мөлшер пысықтауыш іс-қимылдың мезгілдік созылу, көлемдік таралу мөлшерін, немесе істің қайталану дәрежесін, істі істеуге объектілердің қатыс дәрежесін білдіреді.

Мөлшер пысықтауыш қызметінде үзақ, қысқа сын есімдері мен көп, аз модаль сөздері, тегіс, жаппай, онша, сонша, бірен-саран, он-дай, екеулеп, аз-аздан, азғантай, азды-көпті, едәуір, бастан-аяқ, талай, бірталай, түгел, бірқыдыру, біртіндеп тәрізді сан-мөлшерлік мәндегі үстеулер, сан есімдер және сан есімдер мен зат есімдер тіркесі, т. б.

95

жұмсалады. Ұмытып барады екем: шайды мен шешеме еріп недәуір іштім ...Әрқайсысына жүздеп жылқы, мыңдап қой б-теді (Мұқанов). Біздің өзбек халқы ө м і р б о й ы су ішінде жүреді (Мүсірепов). Ол туралы Дәркембай қысқа айтты (Әуезов).

Мөлшер пысықтауыш етістік баяндауышты пысықтап, соның сан-мөлшерлік дәрежесін білдіреді. Мән-мағынасы жағынан ол анық-тауыштың кейбір топтарына ұқсас. Мөлшер пысықтауыш қызметін-дегі кейбір сөздерді есімнен болған мүшеге қатыстырып айтса, олар анықтауыш та болады. Мысалы, жоғарғы сөйлемдегі қысқа сөзін есіммен тіркестіріп, қысқа жіп ыңғайында қолданса, ол анықтауыш болар еді. Сөйтіп, мөлшер пысықтауыштың жасалуы етістік баян-дауышқа қатысты болып, соған бағыныштылық қатынаста айтылуына байланысты болып отырады.

Мөлшер пысықтауыштар мағыналық жағынан үш түрлі топқа ойысады. Бір тобы — іс-әрекеттің мерзімдік созылуын, қанша уақыт болғанын білдіреді де, екінші бір тобы — іс-әрекеттің көлемдік, ме-кендік таралу, жайылу дәрежесін білдіреді. Мөлшер пысыңтауыш-тардың үшінші бір тобы — баяндауыштың мәнін таза сан-мөлшер жағынан пысықтай айқындайды.

Іс-әрекеттің мерзімдік созылуын, мерзімдік жайылуын білдіретін мөлшер пысықтауыш қызметінде ұзақ, қысқа, аз, көп сөздері мен едәуір, тез, бірталай, сонша, қанша, лезде үстеулері жұмсалады.

Осы елдің өзінен шыққан жігіт болғандықтан, ұлықтың қасына ерген болса да, мынау айтылғанды т е з аңғарды (Әуезов)... Сергей тырс-тырс етіп тұрған тістерін қанша қатты басқанмен, тыр -сылдағын қойдыра алар емес (Мүсірепов).

Осы мәнде сан есім мен мезгіл мәнді зат есімдердің тіркесі де қолданылады. Мұндай тіркестер атау, барыс, жатыс септік тұлғалы болады. Базаралы тағы екі күн болыпты ...Жатақтың мынау қазір жалаңаш қалған, баспанасыз қалған үйлерінің бәрін де бірақ сәтте көтеріп көшіріп әкетіпті (Әуезов). А л т ы а й л ы қ қысқа алатын ақым елу сом (Мұқанов).

Сонымен қатар, бойы көмекші есімімен және дейін, шейін, бері демеулерімен келген тіркестер де мерзімдік созылуды білдіруге икем. Он шақты күннен б е р і Абай Семейде каталашкада отыр (Әуезов). Менің творчестволық жолым бірталайдан б е р і окоп, айқастар арқылы өтті ғой (Мүсірепов). Өмір бойы болса қайтеді, дейді Қайырке. Сиыр бағып өткен кісі бізден кем емес. Сиырлар түске ш е й і н жайылғаннан кейін, мерзімді уақытында көлдің жағасына жусаттық (Мұқанов).

Сан есімдер мен мезгіл зат есімдердің тіркесі, бері, дейін (шейін) демеулерімен және бойы көмекші есімімен келген тіркестердің мөл-шерлік мәні мезгілмен ұштасып жататыны айқын. Бірсыпыра оқу-лықтарда бұндай синтаксистік топтарды мезгіл пысықтауыш деп талдауға да сол себеп болса керек. Бірақ бұлар айқын мерзім-уақытты білдірмей, солардың сандық мөлшерін ғана білдіре алады.

Мөлшер пысықтауыш қызметінде бір бие сауым, сүт пісірім, көз-ді ашып-жұмғанша, қас қаққанша, қас пен көздің арасында тәріздес мөлшерлік мәнде айтылатын тұрақты тіркестер де жұмсалады.

Іс-қимылдың көлемдіқ таралу, жайылу дәрежесін білдіретін мөл-шер пысықтауыш қызметінде сан есімдер мен мөлшер, көлем мәнді зат есімдердің тіркесі жұмсалады: Машина а л п ы с к и л о м е т р жүрді. Бала б і р ш ақыры м жүгірді.

Көлем мәнді зат есімдер мен дейін (шейін) демеулерінің тіркесі де осындай мағына береді. Шыңғыс сыртындағы Бақанас, Байқош-қарға дейін көшіп барыспақ (Әуезов).

96
Мөлшер пысықтауыштардың ушінші бір тобы, жоғарыда айтыл-ғандай, баяндауыштың мағынасын сан-мөлшер жағынан пысықтай-ды. Мұндай пысықтауыштар бірде істің қайталану дәрежесін білдіреді: Сол арыз көршілес Жетісу мен Семейдің екі жандаралы-ның да кеңсесін көп аралаған екен. Найман өзінің малын б ір қуса, крестьян начальнигінің кегін және қуыпты (Әуезов).

Қимылдың мөлшерлік шегін білдіреді. 1960 жылы электр энер-гиясын жылына ү ш т р и л ли о н ғ а д е й і н өндіруге болады (газеттен). Іс-қимылға объектілердің қатысу дәрежесін білдіреді: Ба-ғанағы Абаймен келген жатақтар да т е г і с осында жүр. Бұл шырайдың артынан мынау үйде көп отырмай, Байкөкше, Шөке, Баймағанбеттер біртіндей сусып, Абайды іздесіп шығып кетті (Әуезов). Іс-қиылдың сапалық мөлшерін білдіреді: Әйеліммен кездесудің бұл түрі онша ұнамайды да, ішімнен «отставить» деп, басқа бір түрін ойлап қараймын (Мүсірепов). Сондай-ақ, шана-шана, қора-қора, уыс-уыс, тай-тай тәрізді мөлшер мәнді қос сөздер көмекші етістіктермен бір тіркесте келіп сөйлем құрамында мөлшер пысықтауыш болады: Су сіңіп борсыған балшықты... далаға шана-шана қылып төктірді (Мүсірепов).
СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ МЕН ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗДЕР
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бірыңғай мүшелер мәселесі — синтаксис саласындағы күрделі, өзекті тақырыптың бірі. Грамматикалық ережелердің біразы осы мә-селеге тікелей және тығыз байланыста қаралады.

Сөйлемде бірыңғай бір-ақ мүшенің қызметін атқарып, бір-ақ сұ-рауға жауап беретін және бір-ақ сөзбен ғана байланысатын біркелкі тұлғалар болады. Олардың логикалық мағына жағынан да біркелкі-лігі байқалады. Бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. Басқаша айтқанда, олар қайталанып, қайталақтап айтылған сөйлем-нің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Бірыңғай мүшелер бірыңғай тұлғада және көбінесе бір сөз табынан жасалады. Мұндай сөздер са-намалы үнмен бөлініп-бөлініп айтылады. Басқаша айтқанда, олар сөйлемдегі басқа мүшелер сияқты бірсыдырғы, бір-біріне ұласа ай-тылмайды. Бірыңғай мүшелер өз ара салаласа, бір-бірімен тең байла-нысады. Олар бірін-бірі іліп-шалып, бағындырып, бағынып жат-пайды. Бірыңғай мүшелердің синтаксистік қызметі де біркелкі, бірдей болады. Сол себепті де олар бірыңғай мүшелер деген терминмен аталады. Бірыңғай мүше, басқаша айтқанда, біркелкі мүше деген сөз болыл шығады.

Бірыңғай мүшелер жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Оның бір сөзден құралғанын жалаң, бірнеше сөздер тобынан құрал-ғанын жайылма дейміз. Олар үлкен-үлкен теңдерді шешіп, қ ы м -- б а т к і л е м, ә с е м т ү с к и і з, а л а ш а, көрпелерді алды (Әуезов).

Бірыңғай мүшелерді сөйлем аясында шұбалаңқы етпей, ықшам-дап, ыңғайлы, оңтайлы етіп айту үшін жалғаулықтар мен көмекші элементтер олардың бәріне ортаң етіліп бір-ақ рет жұмсалады, мыс.: Медеубек, Балтабек сияқты жұмысшылар керемет күш көрсетіп, үлкен серік болды. Бір тілек, берік ынтымақ, қажырл ы, а д а л еңбектің алмайтын қамалы жоқ екенін көз көрді (Мүсірепов). Айшаның... мұңайған кер көзі оның қалың о й д а, ауыр қайғыда екенін білдіретін (Сейфуллин).

Бірыңғай мүшелер бірнеше жай сөйлемнің қысқарып сыйысуынан пайда болған деген пікір бар. Мысалы: Мына мектепте, Асқар

97
оқиды. Мына мектепте Асан оқиды. Мына мектепте Үсен оқиды. Осш үш жай сөйлемді «Мына мектепте Асқар, Асан, Үсен оқиды» деп қысқартуға да болады. Сөйлем мазмұнында ешбір өзгеріс болған жоқ. Тек бастауыштары бірыңғайластырып санамалау арқылы берілген,

Бірыңғай мүшелер, көбінесе, тұлғалас болғандықтан, оларды ық-шамды етіп айту мақсатымен грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздерді ең соңғысына жалғаймыз: Әркім күрек, сүймен зембілдерін ала барады (Сланов). Бай балалары... қызыл кілем барқыт к ө р п е- л е р д і ң үстіне жатады (Сейфуллин).

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері басқа бір сөзбен өз ара бірдей се-мантика-синтаксистік қатынаста болады. Олардың тағы бір ерекшелігі — бір-бірімен тең байланысады. Бірыңғай мүшелер арасына салаластық мағыналы жалғаулықты қоюға болады. Ондай жалғаулықты: қоя алмайтын жағдайда бұлар бірыңғай мүше болып танылмайды.

Бірыңғай мүшелер арасы интонация арқылы да байланысады, Бірыңғай мүшелер арасындағы интонация тарихи жағынан алғанда жалғаулықты шылаулардан анағұрлым көне және оның қолданылу, жұмсалу өрісі жалғаулықтардан анағұрлым кең. Мұндай интонация екі топқа бөлінеді: а) санамалы үнмен айтылатын интонация; ә) қа-рама-қарсы қою интонациясы.

Интонацияның күші сөйлем ішінде антонимдер мен болымсыз етістіктер болған жағдайда едәуір арта түседі. Бірінен кейін бірі не қатар жарыса болған іс-әрекетті білдіретін бірыңғай баяндауыштың алдыңғылары -п, -ып, -іп көсемшесіне бітеді: Оқушылар орындары-нан тұрып, к и і н і п, қора ішінде өз ара сөйлесіп, к ү л і с і п, қаннен-қаперсіз жүруші еді («Соц. Қаз.»).

Бірыңғай баяндауыштан кейін көмекші етістіктердің қайтала-нып айтылып отыруы мүмкін, біраң міндетті түрде емес: Адам тәр-. тіпті де, кішіпейілді де, қабілетті де болуға тиіс.

Кейде бірыңғай мүше болмайтын, бірақ оған қатты ұқсайтын,, соның дәл өзіндей көрінетін тіркестер де болады. Анықталатын зат-тың әр қилы, жан-жақты сапасын білдіретін кейбір анықтауыштар бірыңғай мүше бола алмайды. Анықтауыштардың сын есім, есімдік, есімше т. б. сөз таптарынан болып нәрсенің әр алуан сапасын, белгі-сін, қасиетін, ерекшелігін көрсететін түрлері бірыңғай мүше болмай-ды, мыс.: ¥зын қоңыр сақалына араласқан күміс реңді ақ талдар ғана айқын көрінеді (Әуезов). Айналасына әжім жиналған мұңды көзін кейде қысыңқырап қарайды (Мұқанов).

Бірыңғай мүшелерді ажыратуда интонацияны да есепке алу ке-рек. Бірыңғай мүшелер арасында кідіріс елеулірек, молырақ болады, нәтижеде бірыңғай мүшелер сөйлемдегі басқа сөздерден оқшаула-нып, ерекшеленіп тұрады. Ал, бірыңғай мүше болмайтын жағдайда кідіріс байқалмайды. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен екі түрлі жолмен, яғни не жалаң интонациямен, не жалғаулықтар арқылы салаласа, бір-бірімен тең байланысады. Мыс.: Ол б і р д е ақын, б і р д е п р о з а и к, б і р д е с ы н ш ы, б і р д е ж у р н а л и с т, бірде драматург. Артқы топ А қ ы л б а й, М а ғ ы ш, К ә к і - т а й, Д ә р м е н (Әуезов). Көк жүзінің шарбы бұлты әлде қайда тарап, с і ң і п, ж о қ б о л ы п жатыр (Майлин). Қ а л а, д а л а, о й м е н қ ы р... Төгілген көктен алтын нұр (Жамбыл).


Бірыңғай мүшелердің байланысу жолдары
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен өз ара жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді, мыс.: Мақсат орыс тілінде қатесіз с ө й л е у, қ а т е с і з ж а з у (Мұқанов). Бұлардың ар-

98
тында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді (Әуезов). Айтар қо- рытындым д а, қ о я р т і л е г і м д е біреу-ақ (Әбішев). Махаббат, мейрім, ән мен күй, Ойын-күлкі наз келді (Жамбыл). Бірыңғай мүшелер өз ара бірі екіншісімен салаласа, басқа мүшелермен сабақтаса байланысады. Оларды бір-бірімен сала-ластыра байланыстыратын амал-тәсілдер интонация меи жалғаулық-тар. Жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелер арасын-да кейде екпін кідірісі, пауза болмайды. Олардың арасын кей жалғаулық тығыз байланыстырып, жымдастырьш жібереді, Бірыңғай мүшелер кейде екі-екіден жалғаулық арқылы байланысып, жұптасып айтылады. Бұлай ету бірыңғай мүшелерге екпін түсіре, күшейте айтудың бір жолы болып табылады: Олардың бұтақтары-нап алма мен ал-мұрттың, өрік пен інжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің (Мұқанов). Мұндай жағдайда бірың-ғай мүшелерді санамалап айту тұйықталмайды, оңы әрі қарай соза беруге болады. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы бәрінің бір тұлғада тұруынан көрінеді, яғни тұлғалық, жағынаң біркелкіліктен ғана байқалады.

Бірыңғай бастауыштар бірінші, екінші жақтағы есімдіктерден болғанда, баяндауыш олардың ең жақын тұрғанымен жақтаса байла-нысады: не ,мен, не сен барарсың. Не сен, не мен барармын. Не сен; не ол барар. Не ол, не сен барарсың. Яки мен, яки сен айтарсың. Яки сен, яки мен айтармын. Яки сен, яки ол айтар. Яки ол, яки сен айтарсың. Бұл бастауыштар талғаулық мәнде қолданылып тұр.
Бірыңғай мүшелердің арасында келетін жалғаулықтар
Қазақ тілінде бірыңғай мүшелердің арасында қолданылатын жалғаулықтар біраз бар. Олар: да, де, та, те және; мен (бен, пен), бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да, я, не, немесе, әлде, алайда т. б. Бұл жалғаулықтардың беретін мағынасы әр түрлі болатындығы сияқты; шығу тарихы да әр түрлі. Олардың бірі өте ертеде пайда болса, кейбірі соңғы кезде, басқа толық мағыналы сөздер негізінде туып өрбіген;

Бұл жалғаулықтардың біразы тек бірыңғай мүшелерді ғана емес, дербес сөйлемдерді де бір-бірімен байланыстыру үшін қолданыла-ды. Олар сөйлемдік құрамның мағыналық мазмұнын неше саққа жүгірте құлпыртып, оны мәнерлеп, тігісін жатқызатын тұлғалар. Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстыруда беретін мағынасына қарай мына төмендегідей үш топқа бөлінеді: ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет