Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342


Сөйлеушінің шешімін,тәуекелін білдіретін ре



бет14/26
Дата15.09.2017
өлшемі10,1 Mb.
#33269
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

1.Сөйлеушінің шешімін,тәуекелін білдіретін реплика-

сөйлемдер.

Бұл реллика-сөйлемдер мына формада келеді.

а) Болымсыз өткен шақ есімше сөз ше шылауын қосып реплика ретінде жұмсалады.

Несіне күлесің!

Күлмегенде ше!

Ағаңды да шақырасың ба!

Шақырмағанда ше!

ә) -ғанда формалы есімше сөз бен қандай бірігіп реплика құ- райды.

Апырмай, солай ма екен?

С о л а й болғанда қ а н д а й!

Сақыптың айтқаны тура шықты ма?

Т у р а болғанда қ а н д а й!

б) Болымсыз көсемше сөз бен немене бірігіп реплика-сөйлем ретінде жұмсалады.

Осыны аузың барп қалай айтасың!

Айтпай немене!

Осы шаңқай түсте барасың ба?

Бармай немене!

в) Келер шақ есімше сөз (болымды, болымсыз түрі) бен несі бар бірігіп реплика құрайды.



Әлима" Айттым ғой өзіңе. Тіл табысса, менің қарсылығым жоқ. Қалауы білсін.

Ережеп: Қ а л а у ы-ж а л а у ы дейтін несі бар! Үйлі -жайлы болған соң асықпай оқуға да болады (Мұхамеджанов).

2. Сұраулық есімдік не, тәуелдеулі келер шақ есімше, бар болып та реплика құралады.

Сұрап алайын деп ем.

Не сұрайтыны бар!

Несі бар жеке келіп те реплика ретінде жұмсалады.

Ал, балалар, жұмысқа шығамыз ба?

Н е с і б а р, шығамыз.
Ренішті білдіретін реплика-сөйлем
Бұл топқа мына репликалар жатады: о не дегенің, о несі екен, о несі маған, қойшы әрі.

Бұл реплика-сөйлемдер тек осы сөздерді қатыстырады, осы лек-сикалық құрамда ғана құралады.

Ренішті білдіретін реплика-сөйлемдердің ішінде тек мына форма-лар ғана диалогтік ситуацияға сай құбылып айтыла алады. Ол фор-малардың бірі былай құралады: тәуелденген өткен шаң есімше + не-сі (не).

Қайтсаң қайтеді?

Қайтқаның н е, әдейі келіп тұрып!

Бұл мысалда қайтқаның не екінші жақтың сөзіне реакция ретін-де айтылып отыр. Мұнда сұрақ мағынасы жоқ.

Осы қалыппен диалогтік ситуацияға сай реплика басқа сөздерді катыстырып құрала береді.

Ережеп: ...Ертең өтетін бастықты танушы ма едіңіз?

Жақан: Танымағаныңыз не, ағайынбыз ғой! (Мұхамеджанов).

Келтірілген мысалдарға ңарағанда, бұл формадағы реплика-сөй-лемдер тек ренішті емес, ситуациясына қарай екінші жақтың сөзін олқысынуды да білдіретін сияқты.

Олқысынуды бір есімше сөздің предикативтік қатынас негізінде қайталақтап келуі арқылы құрылған ұл келген келген бе тәріздес) реплика-сөйлемдер білдіреді.

Звеношы бұл жолы жеңіліп қалды!

Б ұ л жеңілген жеңілген бе! Оның көрері әлі алда.

Қазақ тілінде осы амалмен жасалып көп жұмсалатын ол ол ма, бұл бұл ма деген реплика-сөйлемдер бар.



Б ұ л бұл ма! Әлі тоқтай тұрыңдар.

Кереев: Ол ол ма! Осы ауылға шығатын күні әлгі сіздің сілтеуіңзбен бір келіншекті ала кетіп едім ғой... (Майлин).

Екінші жақтың сөзін олқысынуды, оған қатысты ренішті білдіру үшін не қылған басқа тәрізді репликалар да жұмсалады. Бұл тәрізді реплика тұрақты элемент не қылған -ға есім, өткен шақ есімше сөз (не қылған + есім сөз (есімше) қосылып құралады.

Ей, ол алған менің балам емес, басқа бала!

Н е қ ы л ғ а н б а с қ а бала! Мен өз көзіммен көрдім.

Осы топқа үй салу сенің неңді алған типті реплика да жатады.

Бұл репликада тұрақты, негізгі қалыпты элемент неңді алған (несін алған). Осы элементтің алдына есім, тұйық рай етістік сөз қосылып (есім сөз + неңді алған) реплика құралады.

Мен ракетчик боламын!

Ракета сенің неңді алған! (Мұратбеков).

Ілгеріде аталған репликалар диалогтік ситуацияға сай құбылтып тұратын элементі бар типтерге жатады. Бұлардан бөлек өзгермейтін, құрамы тұрақты, барлық ситуацияда бір қалыпта жұмсала беретін реплика — сөйлемдер бар. Олар: о не дегенің, о несі екен (о. несі екен-ай маған), қойшы әрі, ол ол ма, бұл бұл ма, т. б.

Шаң шығарып көрсін, жанын қоса шығарайын. Құдағи емес, құдай келетіндей, о н е с і е к е н-ей мағ ан! (Мұхамеджанов).
Сес білдіретін реплика-сөйлем
Бұл мағынаны білдіретін реплика табыс септік зат есім (есімдік) + шылау ма, ме құрамында жасалады. Кейде атаулы сөз қайгалақтап келеді (атаулы сөз — шылау — атаулы сөз).

129
Осыдан келерсің үйге, с е н і м е сені! О с ы н ы м а, осыны! Сенд-ерді ме!

Сонымен, реплика-сөйдемдер сөйлемдердің функциялық бейімде-луі негізінде пайда болған. Бұл олардың структуралық қалпыңа әсер етті. Соның өзінде реплика-сөйлемдер құралу қалпы жағынан бірдей емес. Бір топ репликалар тек бір лексикалық құрамда ғана жұмсала-ды, ал, кейбір реплика-сөйлемдер жеке элементін өзгертіп, құбылып жұмсалады. Осы сипатына орай реплика-сөйлемдерді екі топқа бөл-дік. Реплика-сөйлемдер диалог үстінде дара да жұмсалады. Кейде олар толық мағыналы сөйлемнің құрамына қыстырылып та жұмсала береді. Оны ілгеріде келтірілген мысалдардан байқауға болады. Мұндайда ол бүкіл сөйлемге леп түсіреді.
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің бір түрі. Ол өзінің құрылысы мен мағынасы жағынан жай сөйлемнің бірде-бір түріне ұқсамайды: а) атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды, басқаша айтқанда, оған үйытқы, тірек болып тұрған сөзді бастауыш не баяндауыш деп тап басып айтуға келмейді. Негізінде зат есімнен болып, атау септік-те тұруы жағынан ғана оны бастауыш ыңғайындағы тұрлаулы мүше деп жалпы жорамал жасалынып жүр, бірақ оны сыртқы ұқсастығына қарап айтқанымыз болмаса, бастауышпен тепе-тең дәрежедегі мүше деп есептеуге келмейді; ә) атаулы сөйлем оқиғаға қатысты затты, құ-былысты, болмысты атап қана көрсетеді, онда жай сөйлемнің басқа түрлеріндегі сияқты баяндау қасиеті болмайды. Солай бола тұрса да, атаулы сөйлемде интонация, оқиғаның, құбылыстың шындық өмірге, шаққа қатыстығы сияқты сөйлемге тән айрықша белгілері болады. Атаулы сөйлем, негізінде, хабарлау интонациясымен, кейде лептік интонациямен айтылады. Бірақ интонацияның қай түрімен айтылсада, атаулы сөйлемдегі интонационалық рең тұрлаулы мүшелері бар басқа сөйлемдердің хабарлы не лептік интонациясы-на сәйкес келмейді, дауыс ырғағында қандай да бір өзгешелік сезіліп тұрады. Мысалы: Дала. Егін д а л а с ы. Егін даласы рақат құшағында (Әбішев). Алғашқы екі сөйлемнің айтылу әуені соңғы сөйлемнің айтылу әуенінен басқаша екені анық сезіледі. Дала деген атаулы сөйлем қалпындағы айтылуын оның бастауыш не баяндауыш қызметін атқарып тұрғандағысымен немесе диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің баяндауышы болып тұрған қалпымен салыстырсақ, дауыс әуенінде өзгешелік байқалады: баяндауыш қызметін атқарғанда ұл дала.; — Мынау не? Дала.), дала сөзі дауыс қарқынының бәсеңдеуі жағдайында айтылып, тиянақты интонацияға ауысады; бастауыш қызметін атқарғанда (Дала мидай жазық.), көтеріңкі әуенмен ай-тылып, интонация жағынан тиянақсыз болады; қаратпа сөз ретінде; келгенде де (Тыңда, дала, Жамбылды!), ол жалпы қаратпа сөзге ла-йық әуенмен айтылады. Дала сөзінің атаулы сөйлем болып тұрғанда-ғы әуені баяндауыш қызметіндегі әуенінен гөрі сәл көтеріңкі болады да, жеке сөздің өзін айтқандағы әуенге жуықтайды. Атаулы сөйлем-нің интонациялық ерекшелігін эксперимент жолымен зерттеу арқылы ғана толық сипаттауға болады.

Кез келген сөзді не сөз тіркесін атай берсек, өздігінен атаулы сөйлем бола қалмайды. Атаулы сөйлем болу үшін ол сөздің не сөз тіркесінің әңгімеленбекші болып отырған оқиғаға, шындық болмыс-қа катысы болу керек. Мысалы. Түн. Бұлт а с т ы н д а қ а л қ ы- ғ а н а й. Жай басып Төлеп келеді (Ерубаев).. Т о ғ а й. Е г і н.. Ш а л -ғ ы, н. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде

130
жоны ғана көрінеді (Мұстафин). Бұл мысалда түн, тоғай, егін, шалғын дегендер тіліміздегі басқа сөздер сияқты лексикалық мағына, ұғымды білдіретін атау ғана болып тұрған жоқ, сол ұғым, лексикалық мағыналарының қазіргі кезде сөз болып отырған оқиғаны суреттеуге тікелей қатысы болып отыр. Түн деген атаулы сөйлемді айтқанда, көз алдымызға түннің бейнесі елестеп, бұдан былайғы сөйлемде оқиғаның сол түн ішінде болғаны не болатыны жайында айтылатындығын алдын-ала сезетіндей, сондай жайды күткендей қалыпта боламыз. Демек, атаулы сөйлем оқиғаны, құбылысты жай ғана атай салмайды, белгілі бір мақсатқа байланысты атайды және оның мағынасы өзінен кейін тұрған сөйлемдердің мағынасымен сабақтас болады. Тоғай, егін, шалғын деген сөздерді жай атағанда, біз олардың зат атаулары екендігін ғана білетін болсақ, ол сөздерді атаулы сөйлем қалпында атағанда, олардың бүкіл заттық бейнесі көз алдымызға елестеумен бірге, соған байланысты басқа бір оқиғаның баяндалатындығын күні бұрын хабарлап та тұрады. Ендеше, жеке сөз не сөз тіркесі атаулы сөйлем болуы үшін, біріншіден, олардың оқиғаға қатысы болу керек, екіншіден, өзінен кейін тұрған атаулы емес сөйлеммен сабақтас болуы керек, ол сөйлем атаулы сөйлемде атап қана көрсетілген оқиғаның нақты өзін баяндайды, мазмұнын ашады, атаулы сөй-лемнің не себепті қолданылып тұрған мақсатын көрсетеді. Осы тұрғыдан қарағанда, мекеменің маңдайшасына жазылған атаулар, газет-журнал, кітап аттары атаулы сөйлем бола алмайды, өйткені бұларда хабарлау мақсаты көзделмейді, оқиғаға қатысты жағдай көрсетілмейді.

Атаулы сөйлем — кәбінесе көркем шығармада оқиғаны, құбы-лысты суреттеу, сипаттау мақсаты қойылғанда, қатысатын, сол үшін қызмет атқаратын жай сөйлемнің ерекше түрі. Бұл жағынан атаулы сөйлемнің тілде қолданылу аясы тар. Бірақ оқиғаны ықшамды, тар-тымды етіп беруде мұның ерекше маңызы бар. Атаулы сөйлем жазба әдебиеттің, соның ішінде проза, драматургия жанрларының өркендеуімен байланысты қалыптасқан жай сөйлемнің типтік түрі. Драмалық шығармалардағы авторлық ремарка, көбінесе, атаулы сөйлем арқылы беріледі. Хаттың сыртына жазылған адрес те белгілі дәрежеде атаулы сөйлем бола алады.

Атаулы сөйлемнің шаққа қатынасы. Жай сөйлемдердің басқа түрлері сияқты, атаулы сөйлемде де шақ болады: ол осы шақтағы құбылыс, болмысты білдіреді. Мұндағы шақтық мағына да арнаулы шақтық көрсеткіш арқылы берілмей, сол сөйлемнің өзінен аңғары-латын синтаксистік шақ арқылы беріледі. А в г у с т айы. Е с і л ө з е н і н і ң б о й ы. Жайдақ өткелдің жағасында қалың талға ғана қонған ауыл. Кешке жақын алты қанат үйдің ішінде екі адам әңгімелесіп отыр (Талжанов).

Атаулы сөйлем құрылысы, құрамы жағынан жай сөйлемнің басқа түрлері сияқты жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді, мыс.: Кеш. Ел орынға отырып, үйлерге шам жағылды (Жансүгіров). 9-май. Таң мезгілі. Жараланған солдаттардың арасында отырмын (Лекеров). Әдемі, бір қоңыр кеш. Көнетоз шағи жібек түстеніп, аспанның батыс жагы сары қызыл тартты (Жансүгіров). Бұл мысалдардағы кеш, 9 жай, таң мезгілі дегендер — жалаң атаулы сөйлемдер де, әдемі, бір қоңыр кеш деген құрамында анықтауышы бар (әдемі, бір қоңыр) жайылма атаулы сөйлем.

Құрылысы жағынан тұрлаулы мүшеге талданбайтын, мағынасы жағынан оқиғаны, құбылысты, болмысты тек атап қана көрсетіп, ол туралы баяндамайтын, өзіне тән айырым интонациясы бар жай сөй- лемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.

131
Атаулы сөйлемнің жасалуы. Атаулы сөйлемнің жасалуын сөз еткенде, алдымен, оған үйытқы, тірек болатын сөздің қай сөз табынан болатындығын қарастырамыз.

1. Атаулы сөйлемге ұйытқы, арқау болатын сөз — негізінде зат есім. Ол әрқашан атау септік формасында айтылады. Алайда кез кел- ген зат есім атаулы сөйлем жасауға қатыса бермейді (мысалы, кісі аттары, дерексіз зат атаулары т. б.), көбінесе мекен, мезгіл, табиғат болмысы, нәрсе, бұйым атауларын білдіретін зат есімдер атаулы сөйлем жасауға арқау болады. Мыс.:

Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басын ала тұлымшақтай болып өс-кен шоқ-шоқ ағаш. Осы бұйрат-адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап (Мұстафин). Серуен көңілді болды. Сұлу көктем. Көк масаты тау. Жұпар ауа. Әндетіп сайрап жатқан бұлбұл. Алуан бояулы әсем гүл. Қала тәртібін көп көрген Нұрғали Бағилашына гүл жұлып беріп, көтертіп қойды (Әбілев).

Алынған мысалдағы атаулы сөйлемдердің қай-қайсысында бол- сын оның жасалуына арқау болып тұрған сөздер—бұйрат, адыр, ағаш, көктем, тау, ауа, бұлбұл, гүл деген сияқты конкретті зат атаулары.

Зат есімдердің ішінде дербес тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те атаулы сөйлем түрінде айтылуға бейім сөздер болады. Олар қыс, жаз, көктем, күз, түн, кеш деген мезгіл мәнді зат есімдер мен ай, күң аттары; аяз, жел, боран, тұман, дауыл деген сияқты табиғат құбылысын білдіретін атаулар; қала, ауыл, өндіріс және басқа да мекен мәнді білдіретін жер-су аттары т. б. Алайда бұл сияқты дербес тұрып, атаулы сөйлем бола алатын сөздердің толық тізімін беру, тек осылар ғана болады деп үзілді-кесілді айту мүмкін емес. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей сөздер тобының үнемі дерлік атаулы сейлем жасауға қатысатынын айтпай кетуге тағы да болмайды. Мыс.:

Жаз. Қар кеткеннен кейінгі қара жер жасыл желек жамылған сұ- лу келіншекше жасарған (Сейфуллин). Тамылжыған ыстық жаз. Шағырмақ көк аспанда селдіреп ақша бұлттар қалықтайды (Соқпаңбаев). Кеш. Ымырт жабылып барады (Майлин). Күзгі кеш. Әлі ымырт жабылмаған кез. Терезе алдындағы, жапырағы сарғайып, тербелгені сайын, түсіп сұйыла бастаған селдір ағаштардың ішінде төрт-бес бала ойнап жүр (Лекеров). Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып, далаға шықтым (Жансүгіров). Жалпақ дала. Ұзын жол. Әскер жүріп келеді (Есенжанов). Көктем. Ауыл «Достық» дөңіне кеп үй тігіп жатыр (Мұқанов).

Алынған мысалдарда жаз, кеш, дала, түн, көктем деген сөздері дербес тұрып та, тамылжыған ыстық жаз, күзгі кеш, жалпақ дала деген сияқты басқа сөздермен тіркесіп те атаулы сөйлем жасауға арқау болып тұр.

Кейбір зат есімдер дербес тұрып, өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды, тек басқа сөздермен тіркесіп, атаулы сөйлемге арқау бола- ды. Мысалы, түн деген сөз дербес тұрып, атаулы сөйлем жасаса, оның антонимі күн деген сез өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды, басқа; сөзбен тіркесіп барып, атаулы сөйлем жасайды. Сол сияқты жыл, ай, уақыт, мезгіл, шақ, кез деген мезгіл мәнді зат есімдер де басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда, атаулы сөйлемге арқау болады. Мыс.:

Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт, Колхозда ұйықта-маған үй кемде-кем (Мұстафин). Күн кешкірген мезгіл. Жаңа салын-ған үйлердің біріне шаңданған бір автомобилъ келіп тоқтады (Сей-фуллин). Май айы. 1918 жыл. Петрконың күйген кірпіштен салған екі қабат тас болат үйі. Үстінде Совдеп, астында «Жас қазақ» ұйымы (Талжанов). Ымырт жабылған кез. Ауыл тағы да үрпиісіп отыр (Сейфуллин).

132
2. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі көмекші есімнен де болады. Бірақ көмекші есімдер дербес айтылмай, басқа сөздермен матаса байла-нысып, тәуелдік формада тұрады. Арқау сөзі көмекші есімнен бол-ған атаулы сөйлемдер оқиғаның болған мекені мен мезгілінің тұтас қалпын емес, оның бөлшегін, белгілі бір кезеңін, шегін көрсетеді. Мыс.:



Май айы. Таң алды. Ауыл Нұра бойында (Сейфуллин). Мамыр айының басы. Көк әлі шыққан жоқ (Жансүгіров). Июлъ айының жу-ан ортасы. Мал базарында халық сапырылысып жүр (Талжанов). Қараңғы. Шахта асты. Сүлеймен етпетінен түсіп жатыр (Ерубаев). Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы көлшімектің қасы. Көлшімектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар айнаның жиегіне салған әдемі өрнек сияқты (Сейфуллин).

Алынған мысалдардағы таң алды, мамыр айының басы, июль айының жуан ортасы деген көмекші есімді атаулы сөйлемдер мезгілдің белгілі бір жуык, шамасын көрсетсе, шахта асты, Көкшетау маңы, айнадай тұнық сулы көлшімектің қасы деген атаулы сөйлемдер мекен-орынның жуық шамасын білдіреді.

3. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бір деген белгісіздік есімдіктен болады. Бұл да көмекші есімдер сияқты, өзінен бұрынғы ие сөзбен матаса байланысып, тәуелдік формада тұрады; көбінесе мезгіл мәнді сөздермен тіркесіп, мезгілдің болжалды, белгісіз шегін көрсетеді. Мыс.:

Октябрь айы еді. Күзге салымғы шуақ күндердің бірі. Танабай аулы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді (Сейфуллин). 9 май. Соғыстан кейінгі жылдардың бірі. Өзіміздің Алматы. Көгілдір аспанда жүзген күннің шұғыла-сында да ерекше бір жылылық бар (Лекеров).

4. Кейде атаулы сөйлем мезгіл мәнді үстеуден, шылаулы сөз тір-кесінен де болады. Мыс.:



Қыстыгүні. Сақылдаған сары аяз. Бес төсектің иелері бәріміз дг қазір үйдеміз (Соқпақбаев).

Сонымен, атаулы сөйлемнің жасалуында оның арқау сөзі болып, негізінде, зат есім, одан соң көмекші есім, бір деген белгісіздік есімдік, кейбір мезгіл мәнді үстеу мен шылаулы сөз тіркесі қатысады 15.


Атаулы сөйлемнің құрылымы
Атаулы сөйлем толық мағыналы бір сөзден, негізгі сөз бен кө-мекші сөздің байланысынан немесе сөз тіркесінен болады. Бұлай деуіміз, бір жағынан, атаулы сөйлемнің қандай жолдармен жасалатындығын аңғартса, екінші жағынан, оның өз ішінде бір-бірінен құрылымдык (структуралық) айырмашылығы болатынын да аңғартса керек. Ол айырмашылық сыртқы түр-тұрпат, ішкі мазмұн-мағыналық жақтан да анық көрінеді. Негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан болған атаулы сөйлемде көмекші сөз негізгі сөзге грамматикалық мағына үстейтіндіктен, оның лексика-грамматика-лық мағынасы бір сөзден болған атаулы сөйлемге қарағанда күрделі-рек, ойдың саралануы басымырақ болып келеді. Ал, сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемде лексикалық та, грамматикалық та мағыналардың бірдей қатысатындығынан зат, болмыс туралы кеңінен түсінік беріледі, сипаттау, суреттеу сияқты бейнелік әсер күшті болады. Мысалы, март деген ай атының қатысуына
15 Бір ескеретін жай — атаулы сөйлемге арқау сөз дегенде, оның қай сөзге аяқталып тұрғанына, сыртқы тұлғасына көңіл аударылады, ол сөздің негізгі не көмекші сөз болуы тұрғысынан қарастырыл-майды. Сондықган арқау сөз дегеннің ұғымы сөз тіркесіндегі басыңқы компонент деген ұғымға сәйкес келмейді.

133
байланысты атаулы сөйлем мына құрылымда кездеседі: март марттың іші (басы, ортасы, аяғы) — март айы, март айының басы март айының бас кезі 10 март т. т. Бұлардың бәрі мезгіл мәнді атаулы сөйлем болса да, сол мезгілдік мағынаның берілуі бәрінде біркелкі емес: март және март айы дегендер оқиғаның басқа айда емес, тек сол айда болғанын жалпы көрсетеді; март айы-ның іші — мағынасы жағынан март, март айы дегенге жуық келген-мен, оның тұтас қалпын емес, бөлшектелетін қалпын көрсетіп тұр; марттың басы марттың аяғы марттың ортасы дегендер марттың іші деген бөлшектелетін мезгілдік ұғымның нақты бөлшегін атайды; март айының басы март айының бас кезі дегендер мағыналық жақтан марттың басы дегенмен тең түседі; 10 март деген атаулы сөйлемі мезгіл мәнін тұспалдап айтпай, нақты көрсетеді. Мағыналық жақтан осындай өзгешелік болса, олардың құрылымында сол мағынаға әсер ететіндей тағы да ерекшеліктер бар: март март айы дегендер мезгілді көрсетуі жағынан ешбір айырмасы болмаса, март айы тіркес түрінде болғандықтан, олардың арасында жекенің жалпыға қатысы, жалпылық ұғымды анықтау, нақтылау сияқты грамматикалық мағына беріледі. Марттың басы марттың бас кезі дегендерде мезгілдік мәнді беруде айырма жоқ, бірақ олардың құрылымында сөздердің өз ара байланысуы жағынан айырма бар: марттың басы — матасу жолымен байланы-сып тұр; марттың бас кезі дегенде де матасу байланысы бар, алайда ондағы матасу ілік септік пен тәуелдік жалғау жалғанған сөздердің жалаң өздері арқылы болмайды, бас деген көмекші есімді де қоса қамтиды; демек, бұл байланыста кез деген сөз өздігінен март сөзімен байланыспай, бас деғен сөз арқылы ғана, яғни 6ас кезі деген түрде ғана байланысады.

Атаулы сөйлем негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан не-месе сөз тіркесінен болғанда, оның құрамындағы сөз саны екідені бастап әлденеше сөзге шейін жетеді. Мыс.: Май айы, Таң алды. Түнгі Москва. Октябръ вокзалының алды. Паровоздың гүрілі. Трамвай жүре бастаған (Ерубаев). Жаздың бір желсіз күні. Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп шұбалған қара жол. Бір автомобиль бұрқцыратып, дүрсілдете зымырап келе жатыр (Сейфуллин). Алынған мысалдарда май айы, таң алды, түнгі Москва, паровоздың гүрілі дегендер екі сөзден болған атаулы сөйлем болса, жаздың бір желсіз күні деген атаулы сөйлемнің құрамында төрт сөз, Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп шұбалған қара жол деген атаулы сөйлемнің құрамында тоғыз сөз бар.

Кейде атаулы сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлем де бола-ды. 1919 жылдың көктемі. Қар жаңа гана еріп, ала сапыраң боп жатқан уақыт. Екі жігіт Есіл өзенінің жар қабағын жағалап келе жатырмыз (Мұқанов). Күн суытып, солтүстік участоктардың бойына қар жауа бастаған кез. Түн тастай қараңғы. Қатты жел ышқына соғып тұр (Тыныкин). Алынған мысалдардың ішінде уақыт деген сөзге аяқталған атаулы сөйлемнің құрамында қар жаңа ғана еріп деген бағыныңқы сөйлем, кез сөзіне аяқталған атаулы сөйлемнің құрамында күн суытып деген бағыныңқы сөйлем қатысқан. Атаулы сөйлемнің бұл сияқты көп құрамды түрі, яғни құрамында әлденеше сөзі барі түрі бір сөзден не екі сөзден болған түріне қарағанда контекске онша тәуелді болмай, өздігінен сөйлем бола береді.

Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бірыңғайласып, шоғырланып та келе береді, мыс.: Жер барактың іші. Әйел мен баласы. Сүлеймен отыр (Ерубаев). Салқын кеш. Мәдениет сарайының алды толған халық дырду шу, шат-шадыман өмір... Пар-пардан қолтықтасқан қыз бен жігіт. Бақша жақтан жүрек тербейтін музыка да естіледі (Шашкин)|

134
Кең алаңда митинг. Толқыған халық теңізі. Теңіз толқынында жүзген желкендер қызыл тулар. Жиылыс. Парад. Митинг. Ту, топ, қару, халық (Жансүгіров). Келтірілген мысалдардың ішінде әйел мен баласы, пар-пардан қолтықтасқан қыз бен жігіт деген атаулы сөйлемдердің арқау сөздері мен/пен жалғаулық шылауы арқылы байланысып, бірыңғай мүше түрінде айтылған. Ал, басқа атаулы сөйлемдердің кейбіреулері жалғаулық шылаусыз байланыспай, іргелес топтала, шоғырлана орналасып, бірыңғай мүше интонациясымен айтылса (ту, топ, қару, халық), енді бірлеулері өз алдына жеке айырым интонациямен айтылған (Жиылыс. Митинг. Парад.). Атаулы сөйлемнің мұндай шоғырланған түрлерінің арасына жазуда нүкте не үтір белгілерін қою — олардың үласпалы интонациямен немесе айырым интонациямен айтылуын аңғартады.

Кейбір атаулы сөйлемдер шоғырлана, топтала айтылғанда, соң-ғылары алдыңғысының мағынасын айқындау, дәлдеу, нақтылау үшін тұрады, мыс.: Түн, Айлы емес, қараңғы түн, жаз түні. Кейде ақырын ғана желпіп өткен жел айқара ашық терезеден болар-болмас білініп қалады (Райымқұлов). 1916 жыл. Шілденіц ақырғы айы августың бас кезі. Қалың жаңбыр жауып ашылған (Сейфуллин).

Атаулы сөйлемнің шоғырланған түрі мына сияқты мағыналық қатынасты білдіреді:

1. Оқиғаны бір беткей сипаттай атап, айқындау, дәлдеп көрсету қатынасында болады. Жоғарыда келтірілген мысалдағы Түн. Айлы түн емес, қараңғы түн', жаз түні. Немесе 1916 жыл. Шілденің ақырғы айы август айының бас кезі деген атаулы сөйлемдер осындай мағыналық қарым-қатынасты білдіреді. Мұның өзінде айлы. емес, қараңғы түн, жаз түні дегендер сол бастапқы түн деген атаулы сөйлемді сипаттаса, 1916 жыл деген атаулы сөйлем оқиғаның болған мезгілін жалпы атап, шілденің ақырғы айы августың бас кезі деген атаулы сөйлем оны нақтылай түседі.

2. Оқиғаны әр мағыналық қарым-қатынаста сипаттай атап көр-сету: біреуі мезгілін, екіншісі мекенін, үшінші біреуі зат, болмыс атауларын т. т., мыс.: Октябръ айы. Түнерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел. Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (Сейфуллин). 1942 жылдың қаһарлы қысы. Түтеген боран. Ызғарлы аяз. Ленинградтың бозгыл да қысқа түні кірпік ілгізбей алпарыспен өтеді (Лекеров).

3. Бірыңғайласа айтылып, орын, уақыт бірлігіндегі көріністің бір тұтас суретін бейнелейді, мыс.: Тасшы кірпіш, тас қалап жатыр. Балташылар агаш шауып жатыр. Ағаш тасу, тас, темір, бетон, цемент тасу, арбаның сықырлауы. Айғай-шу. Бұл тынбай, біреуі әрі, біреуі бері жүгіріп жүрген, қайнаған еңбек тасқыны (Ерубаев). Үй-іші қара көлеңке. Абажадай үлкен үйдің есігінен төріне дейін сірескен жүк: оюланып тастаған сандық, тең-тең қылып тастаған асыл кілем, бұйымдар. Үйдің қақ ортасында... Сейпен отыр (Майлин).

Шоғырланған атаулы сөйлемнің бұл түрі көріністің тұтас суретін беруде қолданылады, сонымен қатар мұндай сөйлемдерден бұрын сол жағдайды түсіндіретіндей атаулы емес сөйлем келіп отырады. Демек, атаулы сөйлемнің жай түрі болсын, шоғырланған басқа түрі болсын, әдетте, абзацтың бас кезіне орналасса, жоғарыда аталған түрі контекстің ішкі жағына, атаулы емес сөйлемдердің арасына орналасады. Алынған мысалдардағы Тасшылар кірпіш, тас қалап жатыр. Балташылар ағаш шауып жатыр. Үй іші қара көлеңке деген сөйлемдер шоғырланған атаулы сөйлемдердің айтылуына жағдай болады да, атаулы сөйлемдердің өзі сол жағдайға тұтас көрініс, сурет болады.

135
Атаулы сөйлемнің мағыналық түрлері

Атаулы сөйлемді мағыналық түрлеріне қарап үш топқа бөлуге болады: мекен атаулы сөйлем, мезгіл атаулы сөйлем және зат атаулы сөйлем.

1. Мекен атаулыға жалпы және жалқы есімді мекен атаулары: жер, су, орман, тау атаулары және қала, ауыл, мекеме, үйым, завод, фабрика, үй, бөлме тағы басқалар жатады, мыс.:

Қалың тоғай. Күркіреп таудан аққан өзен. Кешкі тау қойынынан салқын леп келеді (Лекеров). Міне, тағы да жаз. Нұра өзенінің бойы. Танабай ауылы. Танабай ауылында едәуір өзгеріс болған (Сейфул-лин). Институт директорының кабинеті. Көзілдірікті директор отыр. Кабинетке Рахмет кірді (Ерубаев). Сегіз қанат үй. Жабыққа тіреле жиналған жасау жүктің астында Баянның шеберлері жасаған сүйекті, оюлы, сырмайлы жүк аяқтар сіресіп тұр (Жансүгіров).

2. Мезгіл атаулыға мезгіл мағынасын білдіретін күн, ай, жыл атаулары және мезгілдің белгілі бір мөлшерін білдіретін шақ, кез, түс, түн, қараңғы, кеш, күз, жаз, көктем, қыс, қарсаң, қара көлеңке уақыт, бейуақ деген сияқты атаулар жатады.



Февраль, 1917 жыл. Күн шытымыр суық (Әбдіқадыров). 10 июнь. Бүгін тіптен қуанышты күн (Ерубаев). Іңір әлеті. Үй іші қара көлеңке (Майлин). Түн. Ай сүттей жарық (Шашкин). Шаңқай түс. Саяси бөлім бастығының кабинеті лық толы адам (Тыныкин). 1913 жылдың көктемі. Ауылдың «Досқа» келіп, жаңа үй тіккен кезі. Нұртазаның үйіне қонац келді (Мұқанов).

3. Зат атаулы сөйлемдер өзінің мағынасы жағынан алуан түрлі болып келеді.

а) Табиғат құбылысының көрініс атауларын білдіреді, мыс.:

Түн. Ысқырып соққан жел. Бұрқыраған боран. Екі жақта да тырс еткен мылтық даусы жоқ (Лекеров). Түн. Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл. Қопарып ұшырғандай Кавказ тауын (Мұқанов).

ә) Үй жиһазы, оқиғага байланысты басқа да зат, адам атауларын білдіреді, мыс.:



Станцияның солтүстік жақ шетіндегі кішкентай будкаға келдік. Үстіндегі шаңына із түсетін үлкен стол. Оның үстінде шашылып жатқан қағаз. Шаң басқан сия сауыт. Бөлменің дәл ортасына орнатылған темір пеш. Оның үстінде сақылдап қайнаған шәугім (Лекеров). Дәмеш алғашында самарқау көз тастаса да, қарай келе, қызығып, балаша таңданды. Әдемі кең көше. Ағылған халық. Зәулім крандар. Бес қатарлы үйлерден анағұрлым басы сорайған алып домна (Шашкин).
БІР Т¥РЛАУЛЫ МҮШЕЛІ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер өзінің құрылысы жағынан бір тұрлаулы мүшелі больш та (односоставное), екі тұрлаулы мүшелі (двусоставное) болып та құрылады. Тілдегі сөйлем құрылысының дені субъектілік-предикаттық қатынасқа негізделіп жасалатыны да мәлім. Субъекті мен предикат кез келген сөйлемнің логикалық қазығы, негізі бола тұра, бұлар барлық сөйлем түрлерінің құрамында бола бермейді.

Сөйлемнің грамматикалық қазығы, орталығы — бастауыш пен баяндауыш — әрқашан субъекті мен предикаттың тікелей көрінісі болып, бір-біріне үнемі сәйкес келіп отырмайды. Жай сөйлемдердің кейбір типтерінде субъект мен предикат тиісті грамматикалық форма арқылы берілмей, жанама түрде ғана білініп, сөйлемнің бұл «екі

136
полюсі» бір тұрлаулы мүшеге ортақтасып тұрады. Мысалы, қазақ ті-ліндегі мынандай сөйлемдер бір мүшелі сөйлемнің түрлеріне жатады:

Ел аузына елек қойып болмас (мақал). Енді қолмен істегенді мойынмен к ө т е р у керек (Мұқанов). Әбіштің оқшау ойларын Абайдың ұғына түскісі келді. Жан ашырдың жоқ болғаны ғ о й (Әуезов). Жүйрікті кекіл қағысынан б а й қ а й д ы. Көзден кетсе, көңілден к етед і (мақал).

Қазақ тілінде осындай бір тұрлаулы мүшеге негізделіп құрыла-тын жай сөйдемнің түрлеріне белгісіз жақты және ж а қ с ы з сөйлемдер жатады. Ешбір мүшелеуге келмейтін атаулы сөйлемдер бұған жатпайды.


Е с к е р т у. Қазақ тілінде бір мүшелі сөйлемдердің табиғаты екі мүшесінің екеуі де: бастауышы да, баяндауышы да грамматикалық тұлғалар арқылы беріліп тұратын жақгы сөйлемдермен салыстыра қарағанда айқын ашылады. Олай болатын себебі қазақ тілінде жүйесі басқа индоевропалық тілдердегідей, мәселен, орыс тілін-дегідей, жақсыз етістіктер категориясы жоқ.

Екінші жағынан, жақсыз етістік категориясы бар тілдердің өзінде де жақсыз сөйлемдер тек сол арқылы ғана жасалып қоймайды. Қайта жақты етістіктердің сөйлемде басқа сөздермен ерекше сингаксистік қарым-қатынасқа түсуі арқылы, яғни жақсыздық мәнде қолданылуы арқылы жақсыз сөйлем жасалуы басым деп танылады. Демек, тілде бір тұрлаулы мүшелі сөйлемдердің болуы, жасалуы тек жақсыз етістіктердің болуымен ғана байланысты емес.

Сөйлем және оның типтері — тарихи дамып отыратын категория-лар. Әуел баста сөйлемнің негізі еубъектілік-предикаттық негізде құрылғаны да ақиқат. Бірақ сөйлемнің құрылысы, типі жағынан өзгеріссіз қалған жоқ. Адам ойының біртіндеп сұрыпталуына және абстракциялануына байланысты сөйлемнің құрылысы да өзгеріп, абстракциялана берген. Сондықтан әр сөйлемнің құрылысынан субъекті мен предикаттың логикалық негізін іздеп табуды мақсат етіп қоюға болмайды. Сөйлем грамматикалық заңдардың нәтижесі, сондықтан оған таза логикалық тұрғыдан емес, грамматика заңдары тұрғысынан да қарап, анықтамалар беру керек.

Жақсыз сөйлемдер қай тілде болса да ерекшеленіп құралады. Көпшілік жағдайда жақсыз сөйлемнің жақты варианттары, ал жақты сөйлемнің жақсыз варианттары қатар қолданылып жүреді. Бұл — жақсыз сөйлемдердің жасалу ерекшелігімен де, стильдік мәнімен де байланысты жәй.


Белгісіз жақты сөйлем
Баяндауышы етістіктің жекеше 2-ші не 3-ші жағында тұрып, мағына жағынан үш жаққа бірдей қатысы бар ортақ қимылды көрсе-тетін грамматикалық бастауышы жоқ бір бас мүшелі сөйлемді белгі-сіз жақты сөйлем дейміз, мыс.: Е ң б е к е т т е, м і н д е т ет. Е к - с е ң егін, і ш е р с і ң тегін. Әрбір жақсының жақсылық тап-қанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғыбрат етіп күл (Абай). Мінін көріп безгенше, мінін а л ы п т ү з е (Мұстафин). Шын тапқан деп жақсылық тапқанды а й т а т т а (Әуезов).

Бұл сөйлемдердің баяндауыштары жекеше 2—3-жақтарда түрға-нымен, олар баяндауыш көрсетіп тұрған іс-қимылдың иесі болатын белгілі жақты көрсетпейді. Іс-қимыл белгілі үш жақтың біріне нақтылай қатысты болмағандықтан, осындай сөйлемдерде субъектінің грамматикалық көрінісі — бастауыш — болмайды. Белгісіз жақты сөйлемде баяндауыштың мазмұны үш жақтың үшеуіне де бағытталып, үшеуіне де қатыстырылып айтылады. Сөйлемнің мазмұны конкретті тыңдаушыға арналмаған, көпке, жалпыға арналып, белгісіз жақта айтылған. Бұл сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары мен мазмұнның арасында белгілі қайшылық бар. Тұлға бар да, оның, әдетте, айтылуға тиісті мазмұны жоқ.


Ескерту: «Белгісіз жақты» сөйлемдер деп аталатын жай сөйлемнің түрі қазақ тілінде түрліше талқыланып, соның нәтижесінде әр түрлі аталып жүр: белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер 16,

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет