Сүттің бактериялық ластануын анықтау
Сүттің бактериялық ластануы ГОСТ 9225-687 «сүт және сүт тағамдары. Микробиологиялық зерттеулер әдісі» бойынша анықталады. Ол редуктазаның метилен көгімен ағару, резазурин әдісімен анықталады. Бұл әдіс микробтардың редуктаза ферментінің метилен көгіндегі оттегі (О2) малекуласын қосып алуын пайдаланады. Метилен көгінен оттегі малекуласы неғұрлым тез кетіп, ағаратын болса, микробтр санының да соғұрлым көп болғаны.
Аспаптар мен реактивтер. Редуктазник су ваннасы (жылу реттеушімен), 20 миллиметрге арналған 180 сантиметрлік пробиркалар, 1,20 миллиметрге арналған пипеткалар, метилен көгі (МРТУ 6-09-29-76), резазурин (ТУ 6-09-210-70), этил спирті 96% ректифилат дистилденген су.
Анықтау тәсілі. Бірінші мақсат – редуктазаның метилен көгін ағарту шамасын байқау. Стерилденген пробиркаға 1 миллилитр метилен көгін құямыз да үстіне анықтауға арналған 20 миллилитр сүт қосып, тығынмен мықтап тығындап, үш рет аудару жолымен араластырамыз. Содан кейін пробирканы редуктазникке не болмаса 38 градусқа дейін қыздырылған су ваннасына аламыз. Судың деңгейі пробиркадағы қосылыстың деңгейінен жоғары болуы керек. Пробирканы редуктазникке не су ваннасына салған кезді анықтау уақытының басталғаны деп есептейміз. Метилен көгінің ағаруын әуелі 2 сағат 20 минуттан, содан соң 3 сағат 30 минуттан кейін бақылаймыз. Метилен көгі ағарса – анықтау уақыты бітті деп есептеледі. Енді төмендегі таблицаға назар аударыңыз.
Сүттің класы
|
Сүттің сапасы
|
Ағарған уақыты
|
1мл сүттегі бактериялардың саны
|
І
|
Жақсы
|
5сағат 30минуттан астам
|
500 мыңнан аз
|
ІІ
|
Қанағаттанарлық
|
2сағаттан 5сағат 30 минутқа дейін
|
500 мыңнан 4 миллионға дейін
|
ІІІ
|
Жаман
|
20 минуттан 2сағатқа дейін
|
4миллионнан 20 миллионға дейін
|
ІV
|
Өте жаман
|
20 минуттан аз
|
20 миллион, кейде одан да көп
|
Онда сүттің бактериялық санын редуктазаның метилен көгін ағарту уақытына байланыстылығын анықтау әдісі көрсетілген.
Резазуринмен байқау. Стерилденген приборкаға 1 мл резазурин ерітіндісін, оның үстіне анықтауға арналған 10 мл сүт құямыз да, тығындап, үш рет жайлап әбден араластырамыз. Приборканы редуктазникке немесе ыстықтығы 380С су ваннасына саламыз. Судың деңгейі априборкадағы қоспаның деңгейінен жоғары болуы керек. Су ваннасына, редуктазникке салған уақытын анықтаудың басталғаны деп есептейміз. 20 минуттан кейін ағарған приборканы алып тастаймыз. Қалған приборкаларды да ерітінді ағарған кездегі уақытын белгілеп алып тастай береміз. Енді сүттегі бактерия санының редуктазаның резазуринді ағарту уақытында байланысты екеніне көз жеткізу үшін төмендегі таблицаға қараңыздар.
Сүттің класы
|
Сүттің сапасы
|
Ағарту уақыты
|
Сүттің бояуы
|
1 мл сүттегі бактерия саны
|
І
|
Жақсы
|
1сағаттан кейін
|
Көкшіл сұрғылт
|
500 мыңнан аз
|
ІІ
|
Қанағаттанарлық
|
1сағаттан кейін
|
Ақшыл көк болмаса Көкшіл күлгін
|
500 мыңнан 4 миллионға дейін
|
ІІІ
|
Жаман
|
1сағаттан кейін
|
Қызғылт, күлгін қызыл
|
4 миллионнан 20 миллионға дейін
|
ІV
|
Өте жаман
|
20 минутқа дейін
|
ақ
|
20 миллионнан көп
|
Достарыңызбен бөлісу: |