Іі. ТӘжірбиелік бөлім


Мал түліктері сүтінің химиялық құрамы



бет6/25
Дата07.02.2022
өлшемі271 Kb.
#83104
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Сүт-Барақбаев Б. (1)

Мал түліктері сүтінің химиялық құрамы (процент есебімен)

Сүт

Құрғақ қалдық

Май

Жалпы белок

Казеин

Сүт қанты

Минералды заттар

Бие сүті

11,24

1,61

2,59

-

6,76

0,31

Қой сүті

16,20

5,35

4,73

-

5,06

0,82

Түйе сүті
Дромедардікі
Бактриандікі

13,64
14,88



4,47
5,39



3,69
3,97



2,70
2,90



4,95
5,10



0,70
0,69



Ешкі сүті

13,70

4,40

3,10

-

4,90

0,80

Буйвол сүті

17,29

7,53

4,05

3,45

5,00

0,71

Сауын маусымы кезінде сүттің химиялық
құрамының өзгеруі.
Сүттің қоректілік қасиеті малдың тұқымына, сауылу маусымына, малды бағып, азықтандыру жағдайына және оның денсаулық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Сиыр туғаннан кейінгі бес күн бойы сауып алынған уыздың кәдімгі сүттен үлкен айырмашылығы бар.
Уыз иммунді денеге, витаминдерге, белоктың глобулино- альбуминді фракцияларына және минерал заттарына өте бай. Уыздың дәмі тәтті-ашқылтым болып келеді. Сондықтан жаңа туылған сиырлардың сүті 7 күнге дейін май айыратын өнеркәсіпке және 10 күнге дейін сыр және сүт косервілерін жасайтын комбинаттарға қабылданбайды /2/.
Жемшөп майы сиыр организмінен сүтке бірен-сарандап өзгеріссіз өтіп отырады. Егер сауын күнжарамен барынша азықтандырса, онда мұның құрамындағы май сиыр майына май қышқылын береді. Ал май қышқылы күнжарада өте көп, сондай-ақ бұл сары майдың консистенциясы мен дәміне өзіндік әсер етеді. Кейбір мал азықтары сүт пен сүт тағамдарының сапасына да әсер етеді, дәмін, түсін, иісін, түрін және консистенциясын өзгертеді. Дәрілік өсімдіктер, жуа, сарымсақ, мұнай өндіруге қажетті заттар мал организміне барысымен-ақ сүтке өзгеше иіс береді. Сиырлар бұршақ сабынымен, дала қызғалдағымен барынша азықтандырылғанда, жаңғақтың, альханың, тозғанақтың жапырақтарын, жусанды, ақселеуді тағы басқаларын жегенде сүтке қолайсыз қышқыл дәм береді. Мал азығының құрамына кіретін мұндай өсімдіктердің әсерінен, сүт өзінің түсін оп-оңай өзгертеді. Дала қызғалдағы, қызыл сәбіз және рауғаш сүтті сарғылт түске, марена және марена тектес қызыл бояу шөптердің кейбір түрі сүтті қызыл түске, қырықбуын және воловик көгілдір түске айналдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет