3.2. Сүттің бойында кездесетін бактериялардың дақылдық белгілерін зерттеу нәтижелері.
Бұл зерттеуде біз сүттің әр түрлерін – стерильденген, пастерленген, шикі түрлерін алып, микробиологиялық бағытта сапасын зерттедік.
Ең алдымен біз сүттегі микрофлоралардан таза дақылдарды егіп өсірдік. Ол үшін Агар-Агар қоректік ортада стерильді жағдайда үш түрлі сүттің 1мл көлемін егіп, 230С термостатта ұстадық. Оның ең алғаш клеткалары екінші тәулікте өсіп шыға бастады. Толық өсіп шығуы жеті тәуліктен кейін байқалды. өсіп шыққан коллониялар әр түрлі болды. Мысалы:
Стерильденген сүтте:
Колониялар көлемі: орташа (Д-5-6 мм);
Колониялар пішімі: дөңгелек тәрізді;
Оптикалық қасиеті: жылтыр, пленка тәрізді;
Түсі: ақшыл;
Беті: тегіс;
Бет-әлпеті: агар бойына еніп өскен;
Колониялар шеті: тегіс;
Колониялар құрылысы: біркелкі емес;
Консистенциясы: тығыз емес;
Пастерленген сүтте:
Колониялар көлемі: (Д-3-5 мм);
Колониялар пішіні: дөңгелек тәрізді;
Оптикалық қасиеті: жартылай бұлыңғыр;
Түсі: қоңырлау;
Беті: тегіс;
Бет-әлпеті: агар бойына еніп өскен;
Колониялар шеті: тегіс;
Колониялар құрылысы: біркелкі емес;
Консистенциясы: тығыз емес, бірқалыпты;
Шикі сүтте:
Колониялар көлемі: ұсақ (Д-1-1,5 мм);
Колониялар пішіні: дөңгелек пішінді;
Оптикалық қасиеті: бұлыңғыр;
Түсі: ақшыл-қоңыр;
Беті: жиырылған;
Бет-әлпеті: агар бойына еніп өскен;
Колониялар шеті: толқын тәріздес;
Колониялар құрылысы: біркелкі;
Консистенциясы: тығыз;
Нәтижелерінде сүттің өңдеу түріне қарай микроорганизмдердің өсіп шығу тығыздығы да әр түрлі болатынын байқадық.
Достарыңызбен бөлісу: |