Іі тоқсан. 7-сынып. Қазақ тілі. №8 сабақ. 2-бөлім тақырыбы: Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология Сабақ тақырыбы: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны



бет2/4
Дата30.01.2023
өлшемі20,94 Mb.
#166740
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
8-сабақ. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Өзіңді тексер!
4.Мен күнде бір екі сағат уақытымды ғаламтор жүйесіне арнаймын. Себебі, ақпарат көздерін қараймын. Сабаққа қатысты мәліметтер қарастырып, оқимын.
5.Маған ғаламтор жүйесінің пайдасы зор. Күнделікті сабақ оқуда міндетті түрде пайдаланамын. Биология, информатика, география сынды пәндер бойынша ақпараттар оқимын.
6.Ғаламтор арқылы отбасы мүшелерім ватсап, гугл, зумм қосымшаларын пайдаланады. Бауырларым зуммен онлайн сабақ оқыса, ата анам жаңалықтарды оқу үшін ғаламтор жүйесіне жүгінеді.
7.Әлеуметтік желіге тіркеліп, күн сайын қызметін пайдалану үшін отбасы мүшелері ай сайын қанша ақы төлейтінін білесіз бе? Орта есебін шығарыңыз.
8.Ғаламтор арқылы кәсіппен айналысуға болады ма? Пайдасы туралы кемінде 3 дәлел келтіріңіз.
9.Әлеуметтік желіде өздеріне жаңа таныстар табудың пайдасы мен зияны туралы қандай пікір айтасыз?
10.Әлеуметтік желіде отырғанда қазақ әріптерін ғана пайдаланатын, латын әрпін, ағылшын әріптерін, орыс әріптерін пайдаланатын оқушылардың орта есебін және сөздерді қысқартып жазатын оқушыларды табыңыз. Неліктен олай жасайды? Себебін түсіндір.
11.Әлеуметтік желі құру арқылы миллионер болған атақты адамдар туралы не білесің? Кемінде 3 дәлел келтіріңіз.
12.Әлеуметтік желі арқылы танысып, дос болған таныстырыңды білесің бе?
7.Әлем бойынша ғаламтор арқылы бизнес дамуда. Қаншама ұйым орталықтары ғаламторды табыс көзіне айналдырып отыр. Менің отбасымдағы үш кісі ғаламтор жүйесін қолданады. Әр кісіде телефон желісі бойынша айына әрқайсысынан 7500 теңге жаратылады.
8.Ғаламтор арқылы кәсіппен айналысуға әбден болады. Қазіргі таңда, онлайн мамандықтың шарықтап дамыған кезі. Әр бизнес көзінің дамуы үшін, әлеуметтік қоғамға өз бизнесін таныстыруы үшін инстапарақша ашады. Ол инстапарақшаны дамыту үшін арнайы смм маманы, инса админ, копирайтер мамандары жүргізеді. Бұл мамандық иелері өз жұмыстарын арнайы кеңсеге бармай, өз үйінде отырып, онлайн атқарады.
9.Әлеуметтік желіде өздеріне жаңа таныстар табудың пайдасы да, зияны да бар. Бұл әр адамның санасына байланысты деп ойлаймын. Әлеуметтік желіде рухани сырлас сыршыл достар таба аласың. Бір тақырыпта әңгімелескенді ұнататын білімді дос табуың мүмкін.
10.Әлеуметтік желіде отырғанда қай тілде жазғың келсе де мүмкіндіктер қарастырылған. Қазақ әріптерін қолдану үшін арнайы пернетақтаны жүктеп қолдануыңа болады. Мен қазақ тілінде әріптерді жиі қолданамын.
11.Әлеуметтік желі – белгілі бір категорияға жататын адамдарды ортақ қызығушылықтарына қарай топтастыратын интернеттегі қоғамдық сайт. Мысалы, Facebook бастапқыда Гарвард студенттеріне арналып бағдарламаланған. Сосын өзге де университет студентерінің тіркелуіне мүмкіндік беріледі. Ал біршама уақыттан кейін электронды поштасы бар кез келген адам аккаунт ашып, қолдана бастайды. Instagram – көбіне суреттерін бөліскісі келетіндерге арналған желі. Одан бөлек, Twitter, Vkontakte, LinkedIn сынды көптеген елдерде қолданылатын танымал желілер бар.
12.Әлеуметтік желі арқылы танысқан жақын достарым көп. Олар басқа қалаларда тұрады. Мен олармен әлеуметтік желі арқылы хат жазысып, бір бірімізге сөз көмек береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет