Қызылорда облыстық балалар оңалту орталығы І санатты педагог – дефектолог: Шаймерденова Салима Каппаровна



бет1/2
Дата13.08.2017
өлшемі3,32 Mb.
#23353
  1   2
Қызылорда облыстық балалар

оңалту орталығы
І санатты педагог – дефектолог: Шаймерденова Салима Каппаровна


«Анам және мен» тренинг сайыстың жоспары




Жүргізуші:

Аманба жиналғанның үлкен – жасы,

Үміткердің домаласын өрге тасы.

Жүздесу Сіздерменен бір ғанибет,

Сәлемдесу қазақта сөздің басы.
Құрметті ата-аналар, балалар, орталық қызметкерлері!

Бүгін орталық маманы арнайы пелагогтың басшылығымен « Анам және мен» атты, ата-аналармен тренинг сайыс сабағын өткізгелі отырмыз.



Мақсатымыз:Түзету-дамыту бағдарламасы аясындағы жұмыстардың нәтижесімен, орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, ата-аналармен байланыс жасау. Сонымен, құрметті ата-аналар, «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген мақалды бетке ұстай отырып, бүгінгі тренинг сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Біз сіздерді толық тану мақсатында 1-ші турды «Таныстыру» деп атадық. Оң жағымнан бастаймын.


І тур – «Таныстыру»

Шарты: Бір шумақ өлеңмен немесе қара сөзбен анасы өзін таныстырады, ал баласы өзінің аты-жөнін, жасын, мекен- жайын айтуы қажет.

Әрине тренинг сабақ сайыс түрінде өткізілгеннен кейін аналарымыз бен балаларымызды бағалайтын сарапшылар болуы керек.

Сарапшылармен таныстырып өтейін:

1.


2.

Аналарымыз бен балаларымыз бірінен – бірі өтіп, өз өзін таныстырып жатса, Сіз «таң қалмаңыз»


ІІ тур- «Төсбелгімен таныстыру»

Қоржындағы нөмірленген асықты жағалай таратып шығады.



Шарты: Таңдап алынған асықтың нөміріне сай конвертті алып, төсбелгідегі бейненің мағынасын балаға анасы түсіндіреді.

Мысалы: «Күн» белгісі – күн жылылықтың, мейірімділіктің символы. Мен баламды әрқашан әрқашан мейірім шуағына бөленсе екен деймін.т.б.

«Гүл»- әдеміліктің символы, балам әдемі боп өссе екен деген мақсатта.

«Кітап»- білім бұлағы, білімді болып өссе екен.

«Жүрек»- мейірімді, жүрегі жылы болып өссе екен.

«Жұлдыз»- жұлдыздай жарқырап жүрсе екен.

«Көгершін»- бейбітшілік, достық қатынаста болса екен.

-Құрметті сарапшылар, төсбелгіге қарап аналарға ат қойып жіберсек. Мысалы: Күн ана, Білім ана, Гүл ана, Бейбіт ана, Жұлдыз ана, Мейірім ана т.б. Осы ат сіздерге бақыт пен табыс әкелсін.
ІІІ тур- «Үй тапсырмасы»

Шарты: Бұл тур шаруашылық- тұрмыстық еңбек бағытында ұйымдастырылған. Анасы мен баласы алдын – ала үйден дайындаған тұрмыстық заттармен таныстырады.Әрине бұл турда бала анаға көмек беруі қажет.

Мақсаты: Баланың үйде анасына тигізген қолқабысын байқау. Мысалы:салат жасай ма, әлде тәрелкені жеміс турау арқылы әшекейлей ме т.б. Бағалау.
ІҮ тур - «Суретші болғым келеді»

Шарты: Анасы мен баласына еркін тақырып беріледі. Анасы суреттің нұсқасын салып берсе, баласы суретті нақышына келтіріп бояйды. (Бұл кезде А.Еңсеповтың «Әке толғауы» күйі ррындалып тұрады. Бағалау)
Ү тур – «Сұрақ - жауап»

Шарты: Балалардың тілдік қоры мен ойлау қабілетін дамыту мақсатында сұрақ- жауап түрінде шағын сабақ өткізу. Аналар бақылаушы.

Жүргізуші:Балалар тақта алдына жиналады. Тақтада үлкен ағаш суреті ілінген.

- Бұл ненің суреті? - Ағаш..Өте дұрыс.

- Ағаш бұтақтарының түсі қандай? - Жасыл

- Мынау не? – Алма.

- Түсі қандай? – Қызыл, сары, жасыл.

- Ол қайда өседі? –Ағашта.




Дұрыс балалар алма ағаш бұтағында өседі екен. Алманың бізге қандай пайдасы бар? – Ағзаға дәрумен береді, тасап, сусындар жасаймыз т.б.Көрдіңдер ме балалар бір алмадан қанша сөз туындап жатыр, енді мына алмалардың дәмін татып көреміз.



ҮІ тур – «Өнер»

Шарты: Анасы мен баласы үйден дайындап келген өз өнерін ортаға салады.

Мақсаты: Баланың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өзін-өзі ортада еркін ұстай білуге баулу.Бағалау. (Би, өлең оқу, ән айту, пародия т.б.)

Бізде орталықта ұсақ-қимыл – қозғалысын дамытуға арнайы бір сабақ қойылған, бұл сабақтың маңызы сол – баланың түйсігін дамытады, тигізетін пайдасы мол.



ҮІІ тур – «Моторика»

Шарты:Ана мен балаға араласқан дәндер беріледі (фасаоль, бұршақ, қарамық, маш т.б.)Осы дәндерді түріне, пішініне, көлеміне қарай топтау қажет (Уақыт құм сағатпен шектеледі)

Мақсаты:Балалардың ұсақ-қимыл қозғалысын дамыту. Шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа баулу.

ҮІІІ тур – «Ситуациялық сәт»

Шарты:Қоржыннан нөмірлер алып, сол нөмір бойынша конверттегі сұрақьарға жауап беру. Ана жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет