20.Күлаш Ахметованың өлеңдерін анықтаңыз
1. Мәрмәрдей әппақ қала, шөлдi мекен,
Түнiң де мойылдайын мөлдiр екен.
Алматыны мақтайды жұрттың бәрi,
Солар осы Ақтауды көрдi ме екен?
Бұрынғы дала емес бұл қурай басқан,
Iргесiнде теңiз боп тулайды аспан.
Асфальт жол түйелерден үркiп кетiп,
үй-үйдiң арасымен зулай қашқан.
Өр толқынға құмарта қарағам мен,
Бабалар рухына балағам мен.
Бiреулердiң тiлi өтiп кете ме деп,
Теңiзiңдi бүркеймiн орамалмен.
Ал теңiз шапшаңдықты құптайтындай,
Толқындары жүгiрер құйттай тынбай.
Мұнда ғажап жайдары сергектiкпен,
Қара түн түрегелiп ұйықтайтындай.
Алыстан қарап тұрар таулар күндiз,
Көшеде самсай өскен баулар құндыз.
Бағандардың басына қалған iлiнiп,
Авторы жоқ аспаннан жауған жұлдыз.
Тұрғындары - ғажайып кеншi халық,
Алматыға елiктер өршiл алып.
Ақтауың да ержеттi.
Келер жазда, Алатау-ай,
Ақтауды көршi барып.
2. Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,
Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.
Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс -
Еркелігі әлі де басылмаған.
Ертіс бойын жағалап ұшар әнім,
Тұнығынан иіліп іше аламын.
Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан
Ауылым - менің құйттай Үшаралым.
Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,
Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.
Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс -
Еркелігі әлі де басылмаған.
Ертіс бойын жағалап ұшар әнім,
Тұнығынан иіліп іше аламын.
Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан
Ауылым - менің құйттай Үшаралым.
3. Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,
шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым.
Шілдеде - гүлге, ақпанда - қарға бөленіп,
шәйі бүлттардан шәді байлаған Алматым!
Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,
шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым.
Шілдеде - гүлге, ақпанда - қарға бөленіп,
шәйі бүлттардан шәді байлаған Алматым!
4. Өнерлі орда, аспаны ән,
Жаңбыр - нұрмен жуынған -
Көшіп кеттің, Астана -
Жауһар Жетісуымнан.
Алатаудан бата алған,
Арқадағы қаламсың.
Қаратаудан апарған
Қара мәрмәр қалансын.
Ақтауымнан алынған
Ақтастарым көрінсін.
Көкшетаудан шағылған
Көк тастармен өрілсін.
Асқақ тұрған қалпы - айбын,
Айбатымен танылсын.
Ағашынан Алтайдың
Айшықты есік салынсын.
5. Қыстағы байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға толқын шыр айналып.
Толқынын Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар жетелейді қарасам-ақ.
Кейде үнсіз, кейде долы - ерке мінез,
өзіңе осы кейпің жарасады-ақ!
Жайығым - ата қоныс, игі мекен,
ақ бурыл толқындарың жүйрік екен.
Құшасың құмарлана жағалауды,
өзіңді о да бір кез сүйді ме екен...
Кей сәтте байсалдысың, ақылдысың,
кей сәтте сескендірер батыл күшің.
Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,
аса алмай жаға-жардан жатырмысың?!
Достарыңызбен бөлісу: |