Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет26/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

7. Жалынның боялуы
Кальцийдің ұшқыш тұздарын жаққанда жалын кірпіш қызыл түске бояла-ды. Платина немесе нихром сымын тұз қалдықтарынан НСl ерітіндісімен қыздыра отырып тазалау қажет. Тазартылған сымның ұшын тұз қышқылына, содан кейін кальцийдің құрғақ тұзына батырып, сымды жалында ұстайды, пайда болған кірпіш-қызыл түс кальций тұздарына тән.


Ва2+ катионына сапалық реакциялар


1. Н24 әсері
Күкірт қышқылы барий тұздарының ерітіндісімен әрекеттескенде барий сульфатының ақ кристалды тұнбасын түзеді:




Барий сульфаты сілтілер мен қышқылдарда ерімейді, бірақ концентрлі күкірт қышқылында еріп, барийдің гидросульфатын түзеді:

Тәжірибе: Барий тұзының ерітіндісінің 3 тамшысына 3-4 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін қосып, тұнбаның түзілуін бақылайды және түзілген тұнбаның қасиеттерін зерттейді.
2. К2СrО4 калий хроматы немесе K2Cr2О7 калий бихроматы Ва2+ катио-нымен сары түсті ВаСrO4 барий хроматының тұнбасын түзеді, ол сірке қыш-қылында ерімейді, бірақ күшті қышқылда ериді:
ВаСl2 + К2СrО4 → ВаСrO4↓ + 2КСl
Ва2+ + СrО42- → ВаСrO4
2ВаСl2 + К2Сr2О7 + Н2О → 2ВаСrO4↓ + 2КСl + НСl
2Ва2+ + Сr2О72- + Н2О → 2ВаСrO4↓ + 2Н+

Калий бихроматы барий катионымен әрекеттескенде барий бихроматы емес барий хроматы түзіледі, оның себебі калий бихроматының сулы ерітіндісінде бихромат ионымен Сr2О72- қатар хромат-ионы СrО42- жүреді:


⇄ ⇄
СrО42--иондарының концентрациясы едәуір жоғары және барий бихроматы мен барий хроматы қосылыстарының ерігіштік көбейтінділерін салысты-ратын болсақ, барий хроматының ерігіштігі төмен, яғни бірінші болып барий хроматы тұнбаға түседі.
Қышқылдық ортада ВаСrO4 сандық жағынан толық тұнбаға түспейді. ВаСrO4 толық тұнбаға түсу үшін ортаның рН ≈ 5 болуы керек, ол үшін ерітіндіге натрий ацетатын қосады. Натрий ацетатының электролиттік диссо-циациялануынан түзілген ацетат-ион өзіне сутек иондарын байланыстырып, әлсіз сірке қышқылын түзеді, соның салдарынан дихроматионнан хроматион түзілу тепе-теңдігі оң жаққа ығысады. Барий хроматының тұнбаға толық түсу мүмкіндігі артады. ВаСrO4 тұнбасы күшті қышқылдарда ериді, сірке қыш-қылында ерімейді:




Тәжірибе: 2-3 тамшы ВаСl2 ерітіндісіне 2-3 тамшы К2Сr2О7 ерітіндісін және 1-2 тамшы CH3COONa натрий ацетатын қосады, сонда сары кристалды тұнба түзіледі.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) реакция әлсіз қышқыл ортада жүреді;
2) тұнба түсу үшін қыздыру қажет;
3) реакцияның жүруіне СrО42--иондарымен ВаСrO4 ұқсас тұнба беретін Ag+, Pb2+, Cd2+, Co2+, Ni2+, Hg2+, Sn2+, Bi3+ катиондары кедергі келтіреді. Sr2+ және Ca2+ иондары да дихромат-ионымен сары түсті тұнба береді, бірақ олар сірке қышқылында ериді. Сондықтан бұл реакцияны Ва2+ ионын Sr2+ және Са2+ иондарынан бөліп алу үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет