Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет29/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

4. (NH4)2C2О4 аммоний оксалаты Sr2+ катионымен сірке қышқылында аздап еритін ақ тұнба береді:
Sr(NO3)2 + (NH4)2C2О4 → Sr С2О4↓ + 2NH4NO3
Sr2+ + С2О42- → SrС2О4
Тәжірибе: 2-3 тамшы стронций тұзының ерітіндісіне сондай көлемді аммо-ний оксалатының ерітіндісін қосады. Стронций карбонатының ақ түсті тұнбасы түзіледі.
5. Натрий родизонаты стронций ионымен бейтарап ортада қызыл–қоңыр түсті стронций родизонатын түзеді :


Стронций родизонаты НСl ериді. Реакцияны тамшылы әдіспен сүзгі қазағында жасайды.
Тәжірибе: Сүзгі қағазына 1 тамшы ерітіндісін тамызады, үстіне жаңа дайындалған 0,2% натрий родизонаты ерітіндісінен 1 тамшы тамызып, қы-зыл-қоңыр түсті тұнба түзілгенін байқайды. Даққа 1-2 тамшы 2н НСl ері-тіндісін тамызғанда қызыл-қоңыр түс жойылады (барий ионы бар болса, түс жойылмайды, ол қызыл-қоңырдан ашық-қызыл түске айналады).
6. Жалынды бояу
Стронций тұздары жалын түсін кармин қызыл түске бояйды.

Кесте 8. Кейбір реактивтердің үшінші аналитикалық топ катиондарына әсері

Реактивтер

Катиондар

Ва2+

Са2+

Sr2+

Н2SO4

BaSO4 ақ кристалды тұнба, қышқылдарда, сілтілерде ерімейді, конц. Н2SO4 ериді

CaSO4 ақ кристалды тұнба, қышқылдарда, сілтілерде ерімейді,
(NH4)2SO4 ериді

SrSO4 ақ кристалды тұнба, қышқылдарда, сілтілерде ерімейді, конц. Н2SO4 ериді

(NH4)2SO4 қанық

BaSO4 ақ кристалды тұнба

(NH4)2[Ca(SO4)2] түссіз ерітінді

SrSO4 ақ кристалды тұнба

NaOH, KOH

Ba(OH)2 ақ тұнба

Ca(OH)2 ақ тұнба

Sr(OH)2 ақ тұнба

Концентрлі ерітінділерінен тұнбаға түседі. Суда шамалы ериді

Гипс суы – CaSO4Н2О

BaSO4 ақ кристалды тұнба



SrSO4 ақ кристалды тұнба

(NH4)2CO3; Na2CO3;
К2CO3

BaCO3 ақ тұнба

CaCO3 ақ тұнба

SrCO3 ақ тұнба

Тұнбалар минералды және сірке қышқылында ериді

K2CrO4;



BaCr2O4 сары тұнба, минералды қышқылдарда ериді, сірке қышқылында ерімейді




SrCr2O сары тұнба, минералды қышқылдарда және сірке қышқылында ериді

K2Cr2O7 + СН3СООNa

BaCr2O4 сары тұнба





(NH4)2C2O4

BaC2O4 ақ тұнба, қыз-дырғанда СН3СООН ериді

СaC2O4 ақ тұнба, сірке қышқы-лында ерімейді

SrC2O4 ақ тұнба, СН3СООН аздап ериді

Минералды қышқылдарда ериді

K4[Fe(CN)6]

BaK2[Fe(CN)6] ақ тұнба(конц.ерітіндісі-нен), минералды қышқылдарда ериді

CaK2[Fe(CN)6] ақ тұнба, минералды қышқылдарда ериді



Na2НРO4



рН≈5−6;



ВaНРO4
Вa3(РO4)2

СaНРO4
Сa3(РO4)2

SrНРO4
Sr3(РO4)2

рН ≥ 7

Ақ түсті гидрофосфаттарының (рН ≈ 5−6) тұнбасы және ортофосфаттар (рН ≥ 7); Минералды және сірке қышқылдарында ериді.

2C6O6

Ва2C6O6 қызыл-қоңыр тұнба

Са2C6O6 Ca(OH)2 күлгін-көк тұнба (сілті ерітінділерінен) НСІ ериді

Sr2C6O6 қызыл-қоңыр тұнба,
НСІ ериді

Жалынның боялуы

сары-жасыл

кірпіш-қызыл

кармин-қызыл



ІІІ аналитикалық топ катиондары қоспаcының анализ жолы

Анализді бастамас бұрын ерітіндінің түсіне, тұнбаның бар-жоқтығына, бар болса тұнбаның түсіне назар аудару керек. Сонымен қатар универсал инди-катор қағазының көмегімен ерітіндінің ортасын (рН) байқау қажет.


Зерттелетін ерітіндіні жақсылап араластырып екіге бөледі. Бірінші бөлігі-нен ІІ аналитикалық топ катиондарын анықтайды, ал екінші бөлігін анализді қажет болған жағдайда қайталау үшін қалдырады.
Анализді барий катионын анықтаудан бастайды, барий ионын ацетатионы қатысында BaCrO4түрінде сары түсті тұнбаға түсіріп, бөліп тастайды. Кальций және стронций катиондары ацетатионы қатысында хроматтар түз-бейді. Барийды анықтағаннан қалған ерітіндіден стронцийды гипс суымен анықтайды, ал кальцийды калийдың гексацианоферратымен (ІV) немесе аммоний оксалатымен анықтайды.
Қажет болған жағдайда стронций мен кальцийды да бөліп алады. Ол үшін ерітіндіге аммоний сульфатын қосады, сонда стронций сульфаты SrSО4 тұн-баға түседі, ал кальций катионы [Ca(SО4)2]2+ комплексті қосылыс түрінде ерітіндіде қалады. Стронций сульфатын тұнбадан бөліп алады да одан стронцийды анықтайды, ол үшін алдымен стронций сульфатын стронций карбонатына айналдырады да өзіне тән сапалық реакциясымен анықтайды. Ерітіндіден кальций ионын анықтайды.
Ва2+ катионын анықтау және бөліп алу.
Сынауыққа 3-5 тамшы берілген ерітіндіні құйып, оған 4-5 тамшы сірке қышқылын (немесе натрий ацетатын) және 4-5 тамшы К2Сr2О7 қосады, сары кристалды тұнба түзілгені Ва2+ катионының бар екенін дәлелдейді. Ва2+ катионының бар екені дәлел-денсе, оны бөліп алу үшін, сынауыққа 5-6 тамшы анализдеуші ерітіндіні алып, оған 5-6 тамшы СН3СООН және барий ионы тұнбаға толық түскенше К2Сr2О7 тамшылатып қосады (тамшының маңы лайланбағанша), аралас-тырып 2-3 минут қоя тұру керек. Барий ионы кальций мен стронций катион-дарын анықтау барысында кедергі келтіретіндіктен оны центрифугаттап бөліп алып тастайды.
Дихромат-ионын бөлу. Барий ионын барий дихроматы түрінде тұндырып, тұнбаны бөліп тастағаннан соң ерітіндіде кальций мен стронцийдан басқа дихромат-ионы да болады, ол ерітіндіге қызыл-сары түс беріп тұрады. Са2+ мен Sr2+ катиондарын дихромат-ионынан бөліп алу үшін ерітіндіге натрий карбонаты ерітіндісінің түсі қызыл-сарыдан сары түске ауысқанша қосады. Бұл жағдайда кальций және стронций карбонаттары тұнбаға түседі, оны центрифугат арқылы бөліп алады да, тұнбаны дистилденген сумен жуып, сірке қышқылымен ерітіп, ерітіндіден кальций және стронций катиондарын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет