1. Гидроксидтер КОН, NaOH және NН4OHBi3+ катионымен ақ тұнба Ві(ОН)3 түзеді, ол қышқылда ериді, сілтіде ерімейді:
ВіСl3+ 3KОН → Ві(ОН)3↓ Ві3+ + 3ОН+ → Ві(ОН)3↓ Тәжірибе: Сынауыққа 3-4 тамшы ВіСl3 ерітіндісін тамызып және 2-3 тамшы сілті ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі.
Висмут (ІІІ) гидроксидін кыздырғанда сарғыш түсті висмутил гидрок-сидіне (немесе висмуттың оксогидроксиді) өтеді:
Вi(ОН)3 (ВiO)ОH↓ + H2O Висмут және висмутил гидроксидтері қышқылдарда ериді.
2. Гидролиздену реакциясы - висмуттың қасиетін анықтайтын реакция-лардың бірі. Висмут (ІІІ) тұзын суда еріткенде, жартылай гидролизге ұшы-райтындықтан ерітінді лайланып тұрады. Висмут (ІІІ) катионы сулы ерітінді-лерінде гидролизденеді де, нашар еритін оксоқосылыстарын түзеді (мысалы, ВіОСl, ВіОNO3 және т.б.):
ВiСl3+ 2НОН → Вi(ОН)2Сl↓ + 2НСl Түзілген ақ түсті тұнба тұрақсыз, су молекуласын бөліп жаңа негіздік тұз -висмутил хлоридін түзеді:
Ві(ОН)2Сl → ВіОСl↓ + H2O Катион ролін ВіСO+ –висмутил ионы орындайды. Сурьманың оксохло-ридтерінен ерекшелігі – висмуттың оксохлоридтері шарап қышқылы мен оның тұздарында ерімейді.
Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 8-10 тамшы су қосып, тұнба түзілгенін байқау керек.
Гидролизді басу үшін және мөлдір ерітінді алу үшін Висмут (ІІІ) тұзын таза суда емес, сәйкес қышқылдарда ерітеді.
Тәжірибені жүргізу шарттары: 1) гидролиз реакциясын ВіСl3-пен жүргізген дұрыс, себебі висмутил нитра-тына BiОNО3 қарағанда, ВіОСl висмутил хлоридінің ерігіштігі төмен;
2) Bi(NО3)2 қолданылған жағдайда ерітіндіге 2-3 тамшы NH4Cl қосу керек;
3) сурьманың тұздары реакцияның жүруіне кедергі жасайды;
4) висмутил хлориді шарап қышқылында ерімейді (стибил хлоридінен SbOCl айырмашылығы осы).