Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет114/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

Тотығу реакциялары. Хлорат-ионы металдарды, сульфиттерді, оксалаттарды тотықтырады. Мысалы:

ClO3- + 3Zn + 6H+ → 3Zn2+ + Cl- + 3H2O
Түзілген хлорид-ионын өзіне тән сапалық реакциясы арқылы анықтайды.

  1. Анилинмен реакциясы. Хлорат-ионы СlО3- анилинмен әрекеттескенде ерітіндіде қара-көк түс пайда болады.

Тәжірибе: Зерттейтін ерітіндіге бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын және оған 1-2 тамшы күкірт қышқылды анилин ерітіндісін тамызғанда СlО3-ионы бар болса, ерітіндіде қара-көк түс пайда болады.

  1. Mn2+-тi Mn3+- -ке дейін тотықтыру реакциясы. Mn2+-ионы СlО3- ионымен фосфор қышқылы қатысында әрекеттескенде Сl-ионына дейін тотықсызданады, СlО3- - ионы қатысында ерітінді қызыл-күлгін түске боялады:

СlО3- + 6Mn2+ + 12Н3РО4 → Сl- + 6Mn(РО4)2]3- + 3Н2О + 30Н+
Тәжірибе:
Сынауыққа бірнеше тамшы зерттейтін ерітіндіден құйып, оған 1 тамшы MnSО4 және фосфор қышқылының (d=1,17 г/см3) бірдей көлемдегі қоспасын тамызып, қыздырады. СlО3- - ионы бар болса, ерітіндінің түсі - түссізден қы-зыл-көк түске дейін өзгереді.
Тәжірибе жасау шарттары:

  1. 1%-ті дифенилкарбозидтің спирттегі ерітіндісін тамызса реакцияның сезімталдығы артады;

  2. Көптеген тотықтырғыштар да (BrO3-, JO3-, JO4-, S2O82-, NO2-) осылай әсер етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет